СҚО Уәлиханов ауданы
Бидайық орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Нұрғазина Үмітжан Мұхатқызы
Мен өмір сүргім келетін әлем!
Әлемде болса жақсылық,
Басқа бақыт не керек.
Өзін тану сабағы –
Мейірім ғой керемет.
Сара Алпысқызы.
Мақсаты: Оқушылардың «қоршаған әлем», «мейірімділік» адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Көрнекі құралдар: суреттер, «Айгөлек», «Өзін-өзі тану» журналдары.
Шаттық шеңбері:
Топ- топ, топ –топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса – жаса алтын күн!
Жаса - жаса жарқын күн!
Дәйек сөз
Әлемде болса жақсылық,
Басқа бақыт не керек.
Өзін тану сабағы –
Мейірім ғой керемет.
Сара Алпысқызы.
Әнгімелеу.
«Өзін –өзі тану» жобасының авторы Сара Алпысқызы. Ақпан айының
12 –інші жұлдызында 70 жасқа толғалы тұр. Өзін –өзі тану пәні – болашақ ұрпақтың түсінігі мол, кең өрісті, ойлы, мәдениетті болып дамуына ықпал етеді. Өзін – өзі тану пәні сіздерге ұнайды ма? Не себептен ұнайды?
Осы адамның арқасында сендер айтып отырған жетістіктерге қол жеткізе аламыз деп ойлаймыз. Яғни, Сара Алпысқызының арқасында осындай сабақ мектеп бағдарламасына енгізіліп отыр. Бұл бағдарламада жан –жақтылықты, шығармашылықты, қабілеттілікті дамыта отырып, әлемді терең тани білетін жеке тұлға қалыптастыру басты мақсат. Әлем демекші,
«Мен өмір сүргім келетін әлем!» атты сурет сайысы өтпекші.
Ендеше, қатысушылар мына тақтада ілініп тұрған фигураларды таңдап алыңыздар. Енді осы қолдарыңыздағы фигураны «Тілек» ағашынан тауып алыңыздар. Байқасаңыздар онда тақырыптар жазылған.(Тақырып жазылған фигураларды сурет салатын ақ қағаздарға бекіту.)
Түсінік
Берілген тақырыптар:
10.Үлкендерді құрметтей білейік
Осы берілген тақырыптарды ашып, қысқаша түсінік беру. Және де осы тақырыптарға қандай суреттер салуға болатыны жайында бағыт-бағдар беру.
Шығармашылық жұмыс:
Алынған тақырыптары бойынша өз ой-қиялдарын қағаз бетіне бейнелеу.
Сергіту сәті:
Иіліп оңға бір,
Басымызды иеміз
Иіліп солға бір,
Басымызды иеміз
Алақан соқ-соқ
Аяқпен топ-топ
Айналамыз, айналамыз
Айналамыз бәріміз!
Қорытынды:
Салған суреттерін бір- бірден шығып көремеге қою және суреті бойынша 1-2 ауыз сөз айту.Сұрақ –жауап.
Жүректен – жүрекке:
Берілген жүрекшелерге өз тілектерін сол жақ көршілерін сыйға тарту.
Балалар бугінгі күнге ризасыздар ма?
Ендеше мына өлең шумақтарымен сайысымызды аяқтайық.
Сөзі мен әні: Луиза Хей
Ризашылық әні
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге.
Ризамын3 бүгінге
Ризамын3 қазірге.
МАРЖАН
Сəлеметсіздерме
!Кешіріңіздер маған мейірімділік туралы 4жол өлең шығарып беріңіздерші өтініш