Өлең, жыр, ақындар

«Аю мен маса» ертегісінен көрініс

Астана қаласы
№30 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ибраева Динара Амангельдиновна

«Аю мен маса» ертегісіне көрініс

Мақсаты: «Аю мен маса» ертегісіне көрініс көрсету барысында АКТ-ны қолдану, оқушылардың тапқырлығын, іскерлігін, ұйымшылдығын, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуін, шеберлігін, іскерлігін дамыту.

Мейірімділікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

І. «Ертегілер» әні орындалды  (Ақерке).

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар! Бүгінгі семинармен байланыстыра отырып, «Аю мен маса» ертегісінен алынған көріністі  назарларыңызға ұсынғалы  тұрмыз. Ендеше сыныптан тыс тәрбие сағатын  бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ. Интерактивті тақтадан ертегінің басы көрсетіледі.

(Қоян сыбызғыда ойнап келе жатып аюды кездестіреді.

Аю: Сыбызғыңды берші ойнайын! (Алып қояды)

Қоян: Бермеймін.Қайтар. Ол менің сыбызғым.

Аю: Сенікі еді, менікі болды.

Әрі қарай оқушылар көрініс түрінде көрсетеді.

Қоян  (Ақерке):  Жылап келе жатып түлкіні кездестіреді.

Түлкі  (Айя): Неге жылап тұрсың?

Қоян  (Ақерке):  Аю ренжі .

Түлкі  (Айя): Жүр, мен аюмен сөйлесейін.

Екеуі  сыбызғыда ойнап отырған аюға келді.

Түлкі  (Айя): Аю, ұят емес пе? Қоянның сыбызғысын қайтар. Естисің бе?

Аю  (Олжас): Айқайлама маған! А-а-а.

Түлкінің  қашып кеткені  интерактивті тақтадан көрсетілді.

Қоян  (Ақерке) жылап келе жатып қасқырды кездестіреді.

Қасқыр   (Елнұр): Қоян, не болды?

Қоян  (Ақерке):  Аю сыбызғымды тартып алды!

Қасқыр   (Елнұр): Жүр, мен  саған көмектесемін, аюмен сөйлесейін. Біз екеуміз дос  едік.

Қоян  (Ақерке):  Түлкі де көмектесемін деді, бірақ көмектесе алмады.

Қасқыр   (Елнұр): Ол түлкі, ал мен қасқырмын.

Екеуі  сыбызғыда ойнап отырған аюға келді.

Қасқыр   (Елнұр): Сәлем, аю!  Кішкентайларды ренжітуге болады ма? Баланың сыбызғысын қайтар!

Аю  (Олжас): Саған не керек? Жайыңа жүр. Сыбызғыны бермеймін. Мазамды неге ала бересіңдер. А-а-а.

Қасқырдың қашып кеткені  интерактивті тақтадан көрсетілді.

Көрініс:

Қоян  (Ақерке):  жылап отырғанда маса ұшып келеді.

Маса (Адия): Қоян, неге мұнайдың?

Қоян  (Ақерке):  Сен кімсің?

Маса (Адия): Мен масамын.

Қоян  (Ақерке):  Аю сыбызғымды бермей жатырІ

Маса (Адия):Жылама, мен саған көмектесемін.

Қоян  (Ақерке): Сен кішкентайсың, ал аю үлкен. Қалай көмектеспексің?

Маса (Адия): Кішкентай болсам да, мен батылмын. Мені осында күт, ешқайда кетпе. Қазір аю келіп сенен кешірім сұрайды.

Маса  аюға ұшып барды.

Маса (Адия): Аю, қоянның сыбызғысын қайтар!

Аю  (Олжас): Кет, мазамды алмай!

Маса (Адия): Өз обалын өзіңе!

Маса аюды шақты

Аю  (Олжас): Ауырады ғой!

Аю масадан қашып жүріп құлайды. Қолына таяқ алып, масаның артынан қуып жүріп,  тағы да құлайды. Қолына тас алып масаны өлтірмек болады.

Масаның ұшып қашқаны  және аюдың таудан құлағаны интерактивті тақтадан көрсетілді.

Көрініс:

Аю  (Олжас): Қоян, кешір мені. Міне сыбызғыңды ал.

Қоян  (Ақерке): Ол мүмкін емес! Алақай!

Қоян  (Ақерке): Маса, сен сыбызғымды қалай қайтардың?

Маса (Адия): Ең бастысы – тіл табыса білу.

Қоян  (Ақерке): Енді біз үшеуіміз дос боламыз.

Аю  (Олжас): Мен енді кішкентайларды ренжітпеймін.

ІІІ. Оқушылар «Балапандар» биін биледі.


Пікірлер (2)

Қанағат түлкі

Акку

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз