Өлең, жыр, ақындар

Бастауышпен қоштасу

Қош бол, аяулы бастауыш!

Мақсаты: оқушылардың төртжылдық білімін көрсету, олардың туған мектебіне деген сүйіспеншілігін паш ету, оқушылардың сөздік қорын , есте сақтауын, сахналық қабілеттерін дамыту.

Мұғалім: Тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толып ,оң мен солын танып, жақсы мен жаманды білуді үйренген төртінші сынып оқушыларыныңұйымдастырумен өткізгелі отырган « Қош бол, аяулы бастауыш!» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

          - Толқимыз толқып тұрсан баршаңызда  да,

           Мұндай күй болған сірә , қаншаңызда,

          Қол соғып,  қошеметтеп   шақырайық,

          Төртінші  сыныбымызды  ортамызға (Вальс)

           -4-  жыл  бойы  оқыған,

          Ойға  білім  тоқыған.

          4  сыныпты  бітіріп,

          Орындалады  ойларың,

          Құтты болсын тойларың!(Шашу, шашу)

          Өлең:  Мектебім

1.Алты жасқа  толғанда,

           Есігін  аштым  мектептің.

           Мейрімді  жанды  көрдім  де,

           Білімінен  от алдым.

           Жасым онға толғанда,

           «Жас  ұлан»  да атандым.

           Енді  міне  қараңыз,

           Бастауышпен  қоштасып,

           Жоғарыға  аттандым.

          2.Қабыл  етіп білімге алғаш  қадамың,

          Бағын ашқан  талай-талай   баланың.

          Бетке  ұстар мектебіңе  қаламның,

          4-жыл  бұрын  бріншге  барғанмын.

Өлең: «Көгершін»

 

Бәрі: Тәрбиелі, білікті,

          Ол-ұстазың  сүйікті,

          Алғашқы  ұстазға  бас  иеміз.

Өлең: Мұғалім  ол біздің.

          Мұғалім: бірге  баланы  білім  жолына  жетектеген, мұғалім

          көмекшісі, кеңесшісі ата-ана.

          1.Ақ  сүт  беріп  өсірген,

             қатем болса  кешірген

Бәрі: Ата-анаға  мың  сәлем!

          2.Тыным таппай  бір  сәтте,

           Біздер  үшін  жүгірген.

Бәрі: Ата-анаға мың  алғыс!

           Өлең: «Ананың  тілі-аяулы  үні»

Ата-аналарға  сұрақ-жауап

           1.Егер іс-шара  қолданып  содан кейін  өзіңіздің  дұрыс істемегеніңізді        .           білсеңіз  қандай жағдайда  боласыз ?

           2.Сіз балаңыздың   мектептен   кейін  немен  шұғылданғанын                  .            қалайсыз?

           3.Сіз  балаңыздың  достарының  қандай  болуын тілейсіз  ?

           4.Бір жанұядағы  ағайынды  екі жігіттің  әр  қайсысының  бір апасы,

           Бір  қарындасы  бар. Ол  жанұяда  қанша бала  бар ?

  1. Күн  мен түн немен  аяқталады ?
  2.  
  3. Ұстаздық  еткен жалықпас, үйретуден  балаға»деп Абай  атамыз  айтқандай,ұстазымыз  төрт  жыл  бойы  нәрмен  сусындатып, көп  нәрсені  үйретті.Сондықтан да Тойлан  Рахметханқызына, Амангелді Жұматайұлына, Клара  Аманболқызына  мың алғыс айтамыз.

Өлең «Ұстаз»

«Қазақ биі»

Тест:Ойын: «Тапқырболсаң, таласжоқ»

  1. «Ұшып келем»  өлеңнің  авторы  кім ?
  2. Бір  центнерде неше кг бар ?
  3. Көбелектің  көпше түрін айт?
  4. Қашықтықты  қалай  табамыз ?
  5. 1 кг неше грамм  бар ?
  6. «Ана тілі» өлеңінің авторы ?
  7. Кез келген  санды 0-ге көбейткенде  неше шығады ?
  8. Жылдамдықты қалай табамыз ?
  9. Жатыс  септігінің сұрағы ?
  10. Халық ауыз  әдебиетінің қандай түрлері бар ?
  11. Туған  жер  туралы  бір  мақал  айт ?
  12. Абайдың бір шумақ  өлеңін жатқа  айт?
  13. Тіл не үшін қажет ?
  14. Сөз неден  құралады ?
  15. Тік  төртбұрыштың  ұзындығы 11 см, ені 8 см. Периметірін  тап ?
  16. Мектепте 30 мұғалім,450  оқушы бар. Оқушылардың мұғалімдерден нешеуі  артық ?
  17. 120  минутта неше  сағат  бар ?
  18. 2  жылда  неше ай  бар ?
  19. Баласы  6  жаста, ал шешесі одан 36 жас үлкен. Шешесі неше жаста?
  20. Бөлудің  компоненттерін ата ?
  21. 5-тәулікте неше  сағат бар?
  22. 1-км неше метр бар?
  23. Жазық деп  нені айтады ?
  24. Күн жүйесінде  неше планета  бар?
  25. Жұлдыз  деген не ?
  26. Дүние  жүзіндегі  халықтың  саны  ең көп мемлекетті  ата ?
  27. Жер шарында неше  мұхит бар ?
  28. Шайдың  отаны  болып табылатын  мемлекетті ата ?
  29. Мәтіннің түрлерін атаңдар?  (Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.)
  30. Адам денесінің  тірегі не ?

Міне біз  өз өнерлерімізді  көрсеттік. Балалар енді  5-сыныпқа барып, осы алған  білімдері  мен өнерлерін  одан  әрі  жалғастырмақ.  Балалардың  келешек  өміріне, талантын шыңдауына  қамқоршы, жетекші болатын  сынып  жетекшісі. Ендеше, балалар, сендердің келешек  сынып жетекшілерің  Клара Аманболқызы.                                 –Кітап-алтын сандық,                                                                                   іші толған қазына, құт,                                                                                Оқы, оқы, ойыңа  тұт- кітапханашы  Ғалия  Есімқызына  алғыс  білдіреміз!                                                                                              Денсаулық-зор  байлық- медбике Аққанат  апайға  алғыс  айтамыз.

Құрметті  апайларға  қыздардың орындауына  шығыс  биі.

«Тарыдай  болып  кіреміз  таудай  болып  шығамыз  деген  осы.»Қазір қадірлі   қонақтар  төрт  жылдағы  өмірімізде   үзінді  болған  қызықты жағдайларды  слайдпен көріп  тамашалайық.

  Құрметті қонақтар бірінші  сыныптан  бастап  төртінші сыныпқа   дейінгі балалардың мектеп өмірін слайт  арқылы тамашалаңыздар.

Мұғалім:Ұстаздық  ақ  тілектен  мен тілеймін,

Тек сәттілік, шәкірттерім ертеңінен.

                  Айналайын жап-жарық жүздеріңнен,

                   Мен сендерге  мәңгілік  тілекшімін.

                   Тілек тілеп  тұратын  іздеріңнен

 

-Көлге айналған  бұлақтың,

            Том-том болған  бұлақтың.

            Басы  болған  бастауыш,        (бәрі)

            Қош  бастауыш  метебім!

 

Өлең: «Ұстазым»

Оқушы:

4-іншіні аяқтап  біз 5-көштік  яғни, ер  жетіп  біз  де  өстік.

-Әрқашанда  осы  шоқты  сөндірмей,

-Жалындатып   шарықтаңдар  айтарым.

Бүгінгі  кеш  әр  үйдің той  басы  деп  саналар,

Балалардың  есімі әулеттерге  таралар.

Сондықтан  ертеңгілік  сонында,

Ақ тілекпен  баршаға шашу шашпақ аналар.

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз