Қарғалы селосы
«Алихан» балабақшасы
Тәрбиеші: Тулегенова Жанагүл Оразбекқызы
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар, әріптестер 9 мамыр Жеңіс күні құтты болсын.
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып.
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерменен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Жүргізуші: Соғыстын алғашқы күндерінен бастап-ақ біздің халқымыз жан тәніман ел қорғады. Еліміз үшін аянбай шайқасты.
Абылай: Тастар көкке атылды,
Орман шулап,тау құлап
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ
Сұңқар: Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ
Жеңе алмады жау бірақ,
Жиырма сегіз қыранды.
Даниял: Оқ астында зулаған,
Туған жермен бір болып
Жау алдында тұрды олар,
Жирма сегіз шын болып.
Мадияр: Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп
Жирма сегіз батырды
Ұмытпайды ел мәңгілік.
Тамила: Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән болып
Жеңіс келді алақай,
Тоя жейтін нан болып.
Азат: Көп қой батыр ағалар
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар
Жаттап алар балалар.
Бекет: Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерлерді балалар
Жүргізуші: Ақ көгершін қалықтап
Аспанда ашық самғасын
Қанаты оның талмасын.
Ән: «Ақ көгершін»
Ания: Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
Ернұр: Солдат болған атам да
Солдат болған папам да
Солдат бүгін ағам да
Кезек келді мағанда.
Муслим: Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға.
Би. «Катюша»
Әділ: Күн көзіне айналды
Нұрлы шуақ тарайды
Әр ауыл, әр үйге
Жеңіс болып тарайды.
Даян: Ұлы Отан қамы үшін
Отпен суды кешеміз
Жіберместен намысты
Солдат болып өсеміз.
Юлия: Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға
Атақ даңқын жеткіземіз
Ертеңгі атар таңдарға
Жүргізуші: Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
Саида: Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Ажар: Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн-түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.
Әдемі: Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Пулеметті сөйлетіп
Қорғады алтын бесігін
Ұмытпаймыз өрлетіп
Мәншүк апа есімін
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші:
Отан сенің алдында борыштымын,
Өз бойыңнан іздейді өрісті ұлың
Лапылдаған жаныңнан армаңындай,
Мен бақытын тілеймін жер үстінең.
Құрметті ата-аналар, балалар жеңіс күні тағыда құтты болсын. Жер бетінде әрдайым бейбітшілік болсын, көңілімізді кір шалмасын – дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі