«Қаракемер кәсіптік колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері
Бердимуратова Асия Осербаевна
САБАҚ ЖОСПАРЫ № 3
Пән: Тігін бұйымдарына арналған материалдар
Топ: 1211062 - Арнайы тігінші
Сабақ тақырыбы: Талшықтардың негізгі қасиеті
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты |
Білімділік: |
Студенттерді талшықтардың түрлерімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру. |
|
Дамытушылық: |
|
Студентерге әрбір тақырыпты терең ұғындыра отырып, сол бойынша ойлау қабілеттерін жетілдіру. |
|
Тәрбиелік: |
|
Студенттердің сабақ барысында өз-өздерін дұрыс ұстауға, ұқыпты болуға тәрбиелеу. |
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
А. Көрнекі құралдар: Компьютер, проектр суреттер, сән үлгілері, эскиз, кесте, ойын түрі.
Б. Таратылатын материалдар: карточкалар
Сабақты жүргізу кезеңдері (негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар) |
I. Ұйымдастыру кезеңі |
Сәлемдесу; Білім алушыларды түгендеу; Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру |
II. Өткен материалды қайталау (білімді тексерудің әдістері мен түрлері) |
1.талшықтар жалпы неше түрі бар? 2.табиғи талшықтарға не жатады және олар қалай жіктеледі? |
III. Жаңа материалды баяндау (сабақты жүргізудің түрі) |
Сендер киім матадан тігілетіні білесіңдер. Матаны тоқыма маталармен тоқу станогында, ал тоқыма маталарын – талшықтан тоқиды. Барлық текстильді талшықтар табиғи және химиялық болып бөлінеді. Талшық деп – ұзындығы көлденеңнен көп есе артық иілгіш,жіңішке әрі мықты затты айтады. Тоқыма талшық деп – иіріме жіптерді,маталарды, беймата материалдарды жасауда пайдаланылатын талшықтарды айтады. Мақта,жүн – қарапайым деп аталынады. Тоқыма талшықтары деп иірімжіп және тоқыма бұйымдарды дайындағанда қолданылатын ұзындығы шекті, көлденең кесілген аз өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды. Тоқыма талшықтары қарапайым (элементарлы), кешенді (техникалық) және штапельді болып бөлінеді. Қарапайым талшықтарға тоқыма талшықтар - мақта және жүн жатады. Кешенді (техникалық) талшық бір-бірімен байланысқан қарапайым талшықтардан тұратын талшық (зығыр). Штапельді талшықтар ұзындығы шектелген қарапайым талшық болып есептеледі. Тоқыма талшықтардан жасалынып алынған иірімжіптердің және жіптердің өңдеу үдерісінде, олардың нақты ұзындығы, беріктігі, созылғыштығы, сызықтық тығыздығы және иілгіштігі, ылғал сақтағыштығы болуы қажет. Сонымен қатар киімді пайдаланғанда әр түрлі жағдайда бұйымды қолдану мүмкін болу үшін, бұйымға түскен әртүрлі күштің әсерінен бұзылудан сақтайтын, белгілі бір механикалық қасиеттерге, сондай-ақ киімде ыңғайлы (жылу өткізгіштік, су өткізгіштік, ауасіңіргіштік) және сыртқы ортаның (түстік тұрақтылық) шартына қарсыласуын қамтамасыз ететін физикалық қасиеттері тұрақты болу керек. Жаратылысы бойынша тоқыма талшықтары екі класқа бөлінеді: табиғи және химиялық. Табиғи талшықтарға өсімдіктекті, жануартекті және минералды, ал химиялыққа - әртүрлі физикалық және химиялық үдерістердің көмегімен жоғары молекулярлы заттардан (табиғи және синтетикалық) жасанды жолмен адам жасаған талшықтар жатады. Талшықтардың әрқайсысы органикалық және бейорганикалық талшықты шағын кластарға бөлінеді. Органикалық табиғи талшықтардың шағын класы табиғи шығу тегіне байланысты өсімдік және жануар текті топтарға бөлінеді. Өсімдік текті талшықтардың тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір целлюлозды талшықтардың шағын топшасы жатады. Жануар текті талшықтар жүн талшығынан және табиғи жібектен құралған, ақуызды талшықтар топшасынан тұрады. Табиғи бейорганикалық минералды талшықтарға - минералды асбест талшығы жатады. Химиялық талшықтардың бөлінуі өте күрделі болып келеді. Органикалық шағын кластағы химиялық талшықтар екі үлкен топқа бөлінеді: ол - жасанды және синтетикалық талшықтар. Табиғи жоғары молекулярлы қосылыстардан химиялық жолмен алынған талшықтарды жасанды химиялық талшықтар, ал синтезделген жоғары молекулярлы заттардан алынған талшықтарды синтетикалық талшықтар деп аталынады. Жасанды органикалық талшықтар химиялық құрамына байланысты гидратцеллюлозалы, вискозды (полинозды, мыс-аммиакты), эфироцеллюлозалы (ацетатты, үшацетатты) және ақуызды (казеиндік) талшықтар топшасы болып бөлінеді. Синтетикалық органикалық талшықтар полиамидті (капрон, анид, энант), полиэфирлі (лавсан, терилен), полиуретанды (спандекс), полиакрилонитрильді (нитрон, орлон), поливинилхлоридті (хлорин),поливинилспиртті (винол) және полиолефинді (полипропилен, полиэтилен) талшықтардан жасалатын топшадан тұрады. Химиялық бейорганикалық талшықтарға минералды талшықтардың екі түрі жатады металдық және шынылық. Тоқыма талшықтардың негізгі түрлерінің классификациясы 1.1- сызбада көрсетілген. Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар - маталар, тігінжіптері, ызба, бау және басқалары - негізінен тоқыма талшықтарынан тұрады. Тоқыма талшықтары өте жіңішке, олардың ұзындығы миллиметрмен өлшенсе, онда жіңішкелігі миллиметрдің жүздеген және мыңдаған үлестерімен өлшенеді. Талшықтарды иірімжіпке, матаға өңдеу және тоқыма материалдарға,бұйымдарға қажетті қасиеттермен қамтамасыз ету үшін, олар нақты ұзындыққа, жіңішкелікке, беріктікке, созылу қабілетіне, иілгіштікке, жабысқақтыққа және сыртқы ортаның әсеріне қарсыласуға ие болу керек. Тоқыма өндірісінде қолданылатын талшықтың ұзындыгы - ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып есептелінеді. Талшықтардан үздіксіз жіп алу үшін, оның белгілі ұзындығы болуы керек, талшық ұзын болса, онда жіптердің арасындағы байланысы күшейіп, беріктігі жоғары жіп алынады. Талшықтың жіңішкелігі өте жоғары бағаланады, себебі, талшық жіңішке болса, одан жұмсақ және иілгіш жіп алуға болады. Талшықтың беріктігі олардың үзілуге қарсыласу қабілеттілігі, ол иірімжіп пен матаның сапасының және тоқыма өндірісінің үдерісінің көрсеткіші болып табылады. Талшықтың ұзаруы (созылуы) олардың күш түскенде ұзару қабілеттілігі, бұл талшық сапасының маңызды көрсеткіші болып есептелінеді. Талшықтың ұзару қабілеттілігі одан өндірілген иірімжіпке беріледі және оның жалпы бұзылуына қарсыласуын жоғарылатады. Егер талшық серпімді, яғни күштің алынуынан кейін бастапқы ұзындығын қайта қалпына келтіру қабілетіне ие болса, ол талшықтардан өндірілген маталар серпімді болады, мыжылмайды, ал одан дайындалған бұйымдар өзінің пішінін ұзақ уақытқа сақтайды. Талшықтың иілгіштігі иіру үдерісіне, матаның сапасына және оның жұмсақтығына, күлтеленуіне үлкен әсер етеді. Талшықтардан мықты жіп жасап алу үшін талшықтардың иілгіштік қасиеті жоғары болуы керек. Ылгал тартқыштық талшықтың ылғалды сіңіру қабілеттілігі. Ол киімге қойылатын гигиеналық талаптарды қанағаттандыруға қажет, өндірістік үдерістің жақсы жүруі және матаның терді жақсы сіңіруіндегі маңызды қасиетінің бірі болып табылады. Талшықтан алынған материалдардың сыртқы ортаға қарсыласу әсері - суға, ауаға, жарыққа және механикалық күшке берілген талшықтардың киюге төзімділігін анықтайды. Талшықтардың қасиетінің негізгі керсеткіштері. |
IV. Жаңа материалды бекіту (есептеу, шығару және білімді бағалау, т.б.) |
Талшық дегеніміз не? Олардың жіктелуі және негізгі қасиеттері ? |
V. Үй тапсырмасы |
«Талшықтардың негізгі қасиеті» конспект бойынша дайындалу |
VІ. Сабақты қорытындылау (Баға қою, оларға комментарий беру, сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтау) |
Студенттің сабаққа қатысуы мен білім деңгейіне байланысты бағалау. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі