| 
			 Бекітемін: 
  | 
			
			 Пәні: Сыныбы: Күні:  | 
			
			 Информатика 8 ә,б __.__.2017  | 
		
| 
			 Сабақтың тақырыбы:  | 
			
			 Графикалық режім. Мәтіндерді графикалық режімде жазу процедуралары  | 
		|
| 
			 Мақсаты:  | 
			
			 Графикалық экранда мәтін жазу үшін мәтіндік тәсілдерді қолдануды үйрету.  | 
		|
| 
			 Күтілетін нәтиже:  | 
			
			 Барлық оқушылар істей алады: АВС Паскаль программалау тілінде жұмыс жасауды. Оқушылардың көпшілігі істей алады: х, у координатасымен жұмыс жасап, графикалық режімде мәтінді шығарады . Кейбір оқушылар істей алады: алынған программа бойынша нәтижені бағалауды  | 
		|
| 
			 Сабақ типі  | 
			
			 Түсіндіру, сұрақ-жауап  | 
		|
| 
			 Көрнекіліктер  | 
			
			 PascalABC бағдарламасы, жұлдызшалар, үлестірмелі қағаздар, конверт  | 
		|
| 
			 Терминдер  | 
			
			 Графика, Line, Circle, SetPenWidth,Rectangle, FloodFill, SetPenColor, Textout(х,у, ‘мәтін’)  | 
		|
| 
			 Ұйымдастыру  | 
			
			 Сәлемдесу. Журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жұлдызша арқылы топқа бөлу.  | 
		|
| 
			 Үй тапсырмасын сұрау  | 
			
			 1. Х координатасының бағыты қалай орналасқан? Нүкте саны? 2. У координатасының бағыты қалай орналасқан? Нүкте саны? 3. Нүкте салу процедурасы? 4. Түзу салатын қандай процедура бар? 5. Төртбұрыш салу үшін қандай координаталарды енгіземіз? 6. Шеңбер салу процедурасы?  | 
		|
| 
			 Жаңа тақырып  | 
			
			 Uses-арнайы графиктік оператор; Координаттар жазықтығы Паскальдағы графикалық режимде төмендегі координаттар жазықтығы пайдаланылады. Графикалық режимдегі координаталар жазықтығындағы бірінші Х координатасы көлденеңінен солдан оңға, ал екінші У координатасы тігінен, жоғарыдан төмен қарай өзгеріп отырады. Координатаның басы сол жақ жоғарғы бұрыштағы (0,0) координатасы болып табылады. Х координатасында 640, ал У координатасында 480 нүктесі бар, яғни координатаның оң жақ төменгі бұрышындағы нүкте (640,480) SetPixel(x,y,color) – экранға экранға X,Y координаталары арқылы нүкте салады. Сolor – оның түсін анықтайды. Line(x1,y1,x2,y2) - экранда (X1,Y1) нүктесінен (X2,Y2) нүктесіне дейін кесінді сызады SetPenColor(color) – қарындыштың түсін таңдайды, color түсі SetPenWidth(n) – кесіндінің қалыңдығын таңдайды, n пиксель.  Rectangle(x1,y1,x2,y2) – экранда сол жақ жоғарғы (x1,y1) және оң жақ төменгі (x2,y2)координаталары бойынша төртбұрыш салады. FloodFill(x,y,color) – таңдалған стиль бойынша тұйық фигураның ішін бояйды. Circle(x,y,r) - экранға шеңбер сызу процедурасы Мұндағы,(Х,Y) – центрдің координатасы, ал R –радиусы.  | 
		|
| 
			 Практикалық жұмыс  | 
			
			 Паскаль бағдарламасында төртбұрыш салу. Ішіне өзінің атын Textout(х,у, ‘мәтін’) процедурасы арқылы енгізу Program liniay; uses GraphABC; begin setpencolor(clred); rectangle(100,10,200,150); readln; end. http://www.runcms.org/tools/tajmer-obratnogo-otscheta-onlajn.html  | 
		|
| 
			 Сабақты бекіту  | 
			
			 Координаттарын анықтау 
 
 
 Оқушылар сабақ туралы ойын конвертке салады.  | 
		|
| 
			 Үй тапсырмасы  | 
			
			 Шыршаның салыну жолының алгоритмін құру  | 
		|
| 
			 Бағалау  | 
			
			 Өзін-өзі бағалау  | 
		|
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі