Өлең, жыр, ақындар

Астана – бас қала

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нашарова Толкын Жакановна

Ашық сабақ орыс сыныптарындағы қазақ тілі 8 «Б» сыныбы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қазақстан қалалары туралы қысқаша мағлұмат беру. Қазақстанның бас қаласы жайында түсініктерін кеңейтуде оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын жетілдіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын елін, жерін, сүюге патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: модульдік оқыту технологиясы, деңгейлеп, саралап оқыту.

Сабақтың тәсілі: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, проблемалық - ізденіс тәсіл.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Жұмыс формалары:ұжымдық,топтық,жекелей.

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,сызба кестелер,бейнесюжеттер, сөздіктер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Кіріспе. Амандасу.

Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайык,
Бір жадырап қалайық!

Ә) Психологиялық дайындық

Мұғалімнің сұрағы:                                              Оқушының жауабы:

Әрбір адам?                                                           Досым, сыныптасым

Әрбір сабақ?                                                          Үйрену, оқу, іздену

Әрбір ісің?                                                              Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің?                                                           Шындық, бірлік, адалдық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 6-тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге құрамына қарай морфологиялық талдау жасау.

Жан-жануарлардың - қос сөз, күрделі, негізгі, зат есім, деректі, ғаламзат, жалпы есім,- лар-көптік жалғау, -дың-ілік септігінің жалғауы.

Ерте - мезгіл үстеу, дара, негізгі.

Көкжиек - негізгі, күрделі сөз,б іріккен сөз.

Жеміс-жидек - негізгі, күрделі сөз, қос сөз, зат есім, жалпы, деректі, ғаламзат.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1. Мұғалім сөзі: Қазақстанның ірі қалалары туралы қысқаша әңгімелеу.

Сұрақтар:

1.1. Орта ғасырда Қазақстанда қандай қалалар бой көтерді? (Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар).

1.2. Қазақстанда қандай үлкен қалалар бар? (Оқушылар картадан көрсетеді).

1.3. Қандай қалалар ХХ ғасырда Қазақстанның астаналары болды?

Сабақтың тақырыбы. Астана – бас қала (8-сынып)

 

«Астана»  Мәтінін үнтаспадан тыңдау.

 

1. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. а) Мәтінді мәнерлеп оқу. ә) Астана тарихы туралы әңгімелеңдер.б) Үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.

2. Интерактивті тақтада мәтінге байланысты жасалған сөздікпен жұмыс. Тапсырма: сөздердің қолдану аясын анықтау, лексикалық жұмыс жүргізу.

2.1. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:
А) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы; Ә) Оқушылардың дауыстап қайталауы; Б) Оқушылардың тізбектеп оқуы.
2.2. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
2.3.Жаңа сөздерді табу.
2.4.Сөйлемдер құрастыру.

Күмбез – купол
Бейіт – могила
Қаланған – основан
Өңдеу – здесь: перерабатывать
Илеу – дубление, выделывание
Қайнату – кипятить
Қасапхана – бойня
Жарлық - Указ
Мәртебе – Статус
Бекініс –Укрепление

3. Мәтінмен жұмыс.

3.1. Тапсырманы оқыта үйрету ойыны арқылы орындау. «Астана тарихы»

Жылдар

Негізгі оқиғалар

1830 ж.

Ақмола қаласы қаланған

1862 ж.

Қала мәртебесі берілді

1863 ж.

Ақмола қаласы округ болды

1868 ж.

Ақмола қаласы уезд орталығы болды

1914 ж.

Мәдени – ағарту, тері илеу, сыра қайнату, сабын қайнату т.б шеберхана жұмыс істеді

1914 ж.

Қала тұрғындары 15 мыңға жетті

1928-30 ж.

Округ орталығы

1930-39 ж.

Аудан орталығы

1939 ж.

Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды

1992 ж.

Целиноград қаласы деп аталды

1993-98 ж.

Ақмола қаласы болды

1997 ж.

Қазақстанның астанасы болып жарияланды

1998 ж.

Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді

 

3.2.Сұрақ:
1.Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлемде?
3.3.Мәтіннің мазмұнын әңгімелету.

4.Тақтамен жұмыс:
4.1.Мәтінді абзацқа бөлу.
4.2.Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құраңдар.

 

Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Тіркескен сөз

Ақмола, Целиноград, оңтүстік, жазық,  мәртебесі, дәуірінде

Мәдени- ағарту, саяи-экономикалық

--------------------

май өңдеу, тері илеу, сабын қайнату, тон тігу, сыра қайнату, үш кірпіш, жиырма шеберхана, қала тұрғындары, тұрғындар саны, т.б.

 

Үлгі: Алғашында Ақмола әскри бекініс болған.

Грамматикалық тақырыпты тірек, сызба негізінде қайталау.

Деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтарды компьютерде орындау.

 

ІІІ деңгей

 

1. Сөйлемдерді толықтырыңдар.
Астана - ... астанасы.
Алғашында Ақмола ... бекініс болған.
1998 жылы Ақмола қаласының атауы ... болып өзгертілді.

ІІ деңгей

1. Мәтіннен күрделі сан есімдерді теріп, үлгі бойынша жазындар.
Үлгі: он үш – тіркескен сан есім.
2. Мәтін мазмұнына байланысты 10 сұрақ дайындандар.

І деңгей

1. Мәтіннің мазмұнына жоспар құрып, толық әңгімелеңдер.
2. «Астана – жас қала» атты шығарма жазыңдар.

Компьютерде орындау. 2-тапсырма. Сөйлемдердегі сұрақтарға жауап беріңдер.

Астана – (ненің?) астанасы. Қала Есіл өзенінің (қайда?) (қандай?) жерде орналасқан. Ақмола атауы (қашан?) тұрғызылған (қандай?) бейітке байланысты туған. Ақмола қаласының негізі (қашан?) қаланған. Алғашында Ақмола (қандай?) бекініс болған.

(Қашан?) қалада (қанша?) кірпіш, (қанша?) май өңдеу, (қанша?) тері илеу, (қанша?) сабын қайнату, (қанша?) тон тігу, (қанша?) тон тігу, (қанша?) сыра қайнату зауыттары, қасапхана, (қанша?) (қанша?) шеберхана жұмыс істеді.

(Қашан?) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы (ненің?) астанасы болып жарияланды. (Қанша?) Ақмола қаласының атауы (не?) болып өзгертілді.                                                   

Сергіту сәті.

Тапсырмаларды интерактивті тақтада орындау.

3-тапсырма. Сұрақтар бойынша диалогтар құраңдар.

1. Астанада болып көрдіңдер ме? (Иә, Астанада болдым. Жоқ, мен Астанада болған жоқпын).
-  Сәлеметсің бе, Тимур!
-  Сәлем, Алена!
-  Тимур, сен Астанада болдың ба?
-  Иә, мен Астанада болдым.
-  Айтшы,  Астана қандай қала?
-  Астана- жаңа, әсем қала. Маған Астана өте  ұнады. Онда саябақтар, кинотеатрлар, қонақ үйлер, мұражайлар бар.
-  Алена, сен Астанаға қашан барасың?
-  Осы жазғы демалыста мен де барамын.
-  Алена, жазғы демалыста барып келуіңе тілектеспін.
-  Сау бол!
-  Сау бол, Тимур!

2. Астана туралы не білесіңдер?
-  Сәлем, Юлия!
-  Сәлем, Дария. Юлия сен биыл Астанаға бардың ғой.
-  Иә, мен Астанада болдым.
-  Юлия, сен Астана қаласы туралы не білдің?
-  Қазақстанның астанасы (елордасы) – Астана қаласы. Ол Президенттің резиденциясы «Ақ Ордадан», Мәжіліс пен Парламент және Сенат ғимараттарынан, Үкімет, Министрлер үйінен және  тағы басқа сарайлардан, әдемі көшелерден тұрады.
-  Юлия, сен қаланы араладың ба?
-  Иә, мен Астана қаласының символы –  «Бәйтерек» кешені мен «Хан шатыр» атты әмбебабында болдым. Маған Астана өте ұнады.

3. Астананың табиғаты қандай деп ойлайсыңдар?
-  Балалар, сендер Астананың табиғаты қандай деп ойлайсыңдар?
-  Астананың ауа райы салқын.
-  Қысы қандай?
-  Қысы суық, ұзақ, қарлы. Жазы құрғақ, ыстық.
-  Астанада көгалдандыру қалай жүргізілген?
-  Онда жасыл желекті ағаштар, бұталар, гүлдер көптеп отырғызылуда.

4. Астананың зәулім үйлері көп пе?
-  Астанада қандай үйлер тұрғызылып жатыр?
-  Астана қаласында биік- биік мұнаралы зәулім үйлер салынып жатыр?

Мұғалім сөзі: Қаланы және оның экономикасын өркендету мақсатында Астанады «Астана – жаңа қала» атты экономикалық зона құрылды. Құрылыс индустриясы қарқынды дамуда. Астананың эскиз-идеясы жарияланған байқау қорытындысы бойынша, жеңімпаз жапон сәулетшісі Кисе Куро Каваның қатысуымен 2030 жылға дейінгі қаланы дамыту жоспары жасалды. Осыған сәйкес ескі ғимараттар қалпына келтіріліп, жаңа ғимараттар бой көтерді, қала салудың кешенді, астаналық бірыңғай жүйесі қалыптасты.

4-тапсырма. Суретке қарап, Астана туралы диалог құраңдар.

- Суретте қандай ғимарат кешені көрсетілген?
- Суретте Қазақстан Республикасының Президенттік Мәдениет Орталығы.
- Мәдениет Орталығында  нелер бар?
- Мәдениет орталығында кітапхана, мұражай, концерт залы бар.
- Ол қандай орталық?
- Президенттің Мәдени Орталығы Ғылыми-рухани орталық болып табылады.

5. Сабақты қорытындылау
Жеке оқушының және сыныптың жұмысына сапалы баға беру.
6. Рефлексия:
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді төмендегі түстер арқылы көрсетіңіздер:
- Жасыл түс-сабақтан жаңа идеялар байқадым.
- Сары түс- жаңа сабаққа көңілім толды.
- Күлгін түс- бүгінгі сабақ сезіміме әсер етті.
7. Үйге тапсырма: 106-беттегі 5-тапсырма. Сөйлемдерге керекті септік жалғауларын қойып жазыңдар.

Қолданылған оқулық авторы: Артыкова Т., Ермекбаева Г. Қазақ тілі. Учебник для 8 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения. 2-е изд., перераб. – Алматы: Атамұра, 2012. – 272 стр.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз