Сабақтың тақырыбы: Суретпен таныстырамын. Мәтін және оның түрлері |
||
СЫНЫП: 2 А |
Қатысқан оқушылар саны: 18 |
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру 2.3.1.1 – мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу 2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу |
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. |
|
Пәнаралық байланыс |
әдебиет, көркем еңбек, жаратылыстану |
|
Сабақтың жоспары |
||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
|
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру Партада сен жатпа, Төсек емес ол саған. Үзілісте жүгірме, Дала еғмес ол саған. Айтқың келсе қол көтер, Тек қана сен шулама. |
|
Өткенді пысықтау |
Топтық жұмыс. Ой қозғау Мәтін бөліктерінен мәтін құрастырып, ат қою Мәтін туралы не білеміз? (Мәтін ойды жазбаша, ауызша жеткізу. Мәтін бірнеше сөйлемнен тұрады. Сөйлемдер бір-бірімен байланысады. Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңы болады. Мәтінге ат қойылады. ) |
|
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. 17-жаттығу. 1 .Мәтінді оқиды. Мәтіннің мазмұнын анықтайды. 2. Мәтінге сәйкес суретті табады. 3. Сұрағын оқиды. 4. Ереже шығарады. Ережені есіңде сақта. Заттың немесе құбылыстың сын-сипаты берілген мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Сипаттау мәтініне қандай? сұрағы қойылады. Бірінен кейін бірі болатын әрекет, оқиға баяндалатын, хабарланатын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Әңгімелеу мәтініне не болды? не істеді? сұрақтары қойылады. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы неліктен? |
|
Ортасы 10 минут
|
Қолдану. Шығармашылық жұмыс Дәптермен жұмыс 18-жаттығу. «Біздің сынып» тақырыбына сипаттау, әңгімелеу ,пайымдау мәтіндерін құрап жазу. |
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Талдау Мәтінмен жұмыс. 1 топ: Сипаттау мәтіні екенін дәлелдейді. Бөліктерін анықтайды 2 топ: Әңгімелеу мәтінін дәлелдейді. Бөліктерін анықтайды. 3 топ: Пайымдау мәтінін дәлелдейді. Бөліктерін анықтайды. |
|
Кері байланыс
бағалау 5 минут |
Қызыл жасыл сары жапалақтың түстерін таңдау арқылы бүгінгі сабақта жаңа ақпарат алғанын, сабақ ұнағанын білдіреді.. Қолдарындағы қыстырғыштарды өз таңдаған жапалақ түстеріне қыстырғыштарды қыстыру Кеуделеріндегі төсбелгілерге қарап бағалау |
|
Үйге тапсырма: 18 жаттығу. 82 бет. Сызбаны пайдаланып мәтін құрап жазу. |
||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Мәтін бөліктерін ескере отырып, мәтін құрастыру жұмысын беремін |
||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Айдана
рахмет керемет