Өлең, жыр, ақындар

Сан есім

 

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Мұнайшы кенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Сан есім»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: Сөз таптарын оқыту барысында логикалық ойлау мәдениетін дамыту

                                  а) Сан есім туралы түсінік беру. Сөйлемнен сан есімді таба білуге үйрету.

                                  ә) Оқушылардың логикалық ойлау сезімін оятып, кішіпейілділікке,           

                                      адамгершілікке, адалдыққа, әдепті және ұқыпты болуға тәрбиелеу.

                                  б) Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін,                 

                                      каллиографиясын жетілдіру, сөздік қорын күнделікті сөйлеу тілін                          

                                      дамыту.

 

Оқыту әдісі:  Жеке, топтық, тренинг

Оқыту түрі:  Ауызша (ізденушілік), көрнекіліктер (зерттеушілік), сұрақ-жауап, ойын, ауызекі     

                        сөйлесу  (Ш.А.Амонашвилдің технологияларын пайдалану).

Көрнекіліктер: Тақта, кітап, дәптер, дидактикалық материалдар, «Ойлан тап» кестесі, 

                             карточкалар

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылар бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше тренинг түрінде өтеді. «Тренинг» сабағының негізгі мақсаты сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыды бөлісіп, ашық айтуға үйретеді.

«Тренинг» сабағыны ережесімен таныстыру :

  1. Тыныштық сақтау
  2. Бір-бірін тыдау
  3. Өз ойларын ашық айту

Оқушылар жылдың қандай мезгілдері бар?

4 жыл мезгілі (Қыс, көктем, жаз, күз)

Қазір қай жыл мезгілі?

Көктем

Көктем айларын кім атайды?

Наурыз, сәуір, мамыр.

Көктемдегі табиғатта болатын өзгерістер мен өзгешеліктерді ата?

Күн жылынады. Қар ериді. Жер көгереді.

Көктемде қандай мерекелер болады?

8-ші наурыз «Аналар мерекесі» және 22-ші наурыз күн мен түннің теңескен мұсылман халықтарының «Жаңа жыл» мерекесі болады. Наурыз мерекесінде ағаш үйлер тігіліп наурыз көже пісіріледі.

Ал сондай киіз үй біздің сыныпта да тігілді. Ал суретке қаралық біздің сыныптағы киіз үй сиқырлы киіз үй.

Ана тілі сабағында біздер Несіпбек Айтовтың «Киіз үй» және оның жабдықтары туралы бірнеше өлең оқыдық. Сол өлеңдерді кім жатқа айта алады?

Киіз үй ағаштарын ата?

Шаңырақ, уық, кереге, босаға.

Енді сол сиқырлы ағаш үйді зерттейік.

Зат есім, етістік, сын есім туралы не білеміз. Өткенді еске түсіріп қайталау.

Біз енді оқушылар сабағымызды математика пәнімен байланыстырып мынау бір кестенің сырын таптық. Қандай сөз шықты? Өте дұрыс. Сан есім.

Сонымен бүгінгі сабағымыз жаңа сөз табы –«Сан есім».

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Оқулықтағы 401 жаттығуды оқытып, талдау жасау. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқыту. Осы өлеңдегі қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап бере алады.

Сонда оқушылар «Сан есім» дегеніміз не екен?

Ережені кітаптан оқыту.

Дәптермен жұмыс жүргізу.

Сәуірдің он тоғызы

Сынып жұмысы

Сс Сс

Сан есім

402- жаттығу.

Жұмбақты оқыту, шешуін тапқызу.

Дәптерге көшіріп жаздырту.

«Домбыра» суретін көрсету.

Дұрыс, осы домбыраны қайдан көріп жүрміз, оны не үшін пайдаланамыз?

Сергіту сәті:

403-жаттығу

Сөйлемдерді әдемі, көркем етіп қатесіз дәптерге  көшірту. (өз бетімен жұмыс)

Карточкамен жұмыс жүргізу.

Тақтаға үш оқушы шығып карточкамен жұмыс жүргізу.

Суретке қарап көп нүктені орнына қанша? Деген сұраққа жауап беретін сөз жаз?

  1. Айгүл қуыршақ алды.
  2. Құмырада гүл бар.
  3. Майра шар алды.

404 жаттығу.

Екі ауыл, үш кітап, он дәптер, он бір қасық, он бес қой.

405-жаттығу.

Ауызша орындату.

7 күн = 1апта, 100 жыл = 1 ғасыр.

7 күннің қазақша атауын кім айтып береді?

1 тәулікте неше сағат? 24 сағат

1 сағатта неше минут?-60 минут

Терме диктант.

Бір жылда он екі ай. 1 айда 30 күн, әр аптада 7 тәулік бар. Әр тәулікте 24 сағат бар.Әр сағатта 60 минут.

1,12,1,30,7,24,60

Диктанттың текстінен сан есімдерді теріп жаздырту.

Ойын «Жалғастыр» оқушыларға ойнату.

І топ               ІІ топ                  ІІІ топ

зат есім         сын есім             сан есім

доп                жасыл                 төрт

гүл                 әдемі                   бес

қалам            үлкен                   он

Бүгінгі сан есім туралы өткен білімімізді тиянақтаймыз.

Оқушылар, бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар, -деп тұжырымдап оқушыларды мадақтау, бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз