Сабақтың тақырыбы |
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі |
8-сынып 29.11.2017ж |
|
|||||||||
Сілтеме |
Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 8 сынып оқулығы |
|
||||||||||
Жалпы мақсаты |
Махамбет Өтемісұлының төменгі сыныптарда алған білімдерін еске түсіру, өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталу ,ел қорғаны – батырлар қандай болу керектігін ұғындыру. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру. |
|
||||||||||
Оқыту нәтижесі |
Махамбет пен Исатай өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу, оқиға ізімен туған өлеңдерге талдау жасай білуге дағдыландыру. Тапсырмаларды түсініп тиянақты өз нәтижесінде орындай алады. |
|
||||||||||
Оқыту формасы |
Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу |
|
||||||||||
Оқуда қолданылатын әдістер |
Түсіндіру (ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолдану), жұптық жұмыс, топпен жұмыс (сыни тұрғыдан ойлау), бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау) |
|
||||||||||
Құрал – жабдықтар |
Тірек сызба, оқулық, көрнекі құралдар, стиктер. |
|
||||||||||
Кезең |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
|||||||||||
1 кезең Ұйымдастыру2 мин Үй тапсырмасын тексеру 5мин |
Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын. 1.Кластер бойынша жұмыс. Ислам дәуіріндегі әдебиет 2. Сонымен балалар, біз өткен сабақта Сәйф Сараидың «Түркіше Гүлстан» шығармасынан бойымызға не алдық? |
Сабақтың басын бір-біріне деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәріне күш-қуат беретін сөздермен бастау арқылы көңіл күйлерін көтеру.Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді |
||||||||||
2 кезең Қызығушылықты ояту 2 мин
Мағынаны тану 20мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар)
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Жеке жұмыс
Жұппен жұмыс |
1. «Ой қозғау» стратегиясы. Блум таксаномиясы бойынша оқушыларға тапсырмалар беру. Білу, түсіну І жұпқа: Махамбет Өтемісұлы кім? Ақын, мерген, домбырашы, батыр, күйші, көтеріліс басшысы ІІ жұпқа: Махамбет өмір сүрген тұстағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде не айтасыңдар? Түртіп алу стратегиясы Қолдану. 5 – 7- сыныптарда өткен ақын өлеңдерінен үзінділер айту. Талдау. Аудио тыңдалым. Өлеңді тыңдау 1.«Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңін мәнерлеп оқып беріңдер. 2. Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табыңдар. Өлеңде кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар:(Слайд) Теңеу – терлігі майдай ерімей Аллитерация - Тебінгі терге шірімей, Тебінгі теріс тағынбай, Темір қазық жастанбай Ассонанс - Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку, еңку жер шалмай,... Эпитет – қу толағай, ереуіл ат, егеулі найза. 2. Ақын тілінің сөздігін құрастыру Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған төзімді ат. Тебінгі - тоқым қысқа болғанда, аяқкиім мен шалбар балағын қорғайтын, ер тұрман құрамына қатысатын әбзелдің бірі Терлік – тоқымның астына салатын киіздің бір түрі Малта – сүзбеден сығып, домалатып дайындаған уақ құрт. Өзегі талу –шаршау, ашығу Темірқазық- жұлдыз “Түйінді сөздер” стратегиясы
І жұп: Өлеңнің идясы мен тақырыбын анықтаңдар. ІІ жұп: Өлең құрылысына қарай талдау Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді Негізгі тақырыбы- елі үшін еңіреген ер Исатайдың қаһармандық тұлғасы. Автордың бұл өлеңдегі негізгі тақырыбы – қазақ қамы үшін қан майданға тайсалмай қатысқан батырдың ерліктері мен жауынгерлік тұлғасы. Идеясы- батырдың көзсіз ерлігін, көркем сымбатын, сабырлы, әрі ойлы, парасатты жан екенін және серілігін дәріптей отырып, оған деген сағынышын білдіру. Батырдың киген сауыты. Қару-жарағы да хас батырға тән екенін көрсете келіп, сом тұлғасын халыққа жеткізу.
|
Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады. |
||||||||||
3 кезең Сабақты бекіту 5 мин |
Ой толғаныс. Махамбет өлеңдерінің өміршеңдігі, құндылығы неде деп ойлайсың? (ойтолғаныс жасау) (бірнеше сөз немесе сөз тіркестерінің тізбегін құру керек. Мысалы, тәрбиелеуде, адамгершілік, рухани байлық, қайсарлық, азаматтық, жігерлілік, найзалы ерлігінде, болашағын ойлауы т.б. |
Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану |
||||||||||
Бағалау 2 мин |
Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады. |
баға қояды. |
||||||||||
Үйге тапсырма 2 мин |
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа айту «Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ой толғау жазу |
|||||||||||
Рефлексия 2мин |
«Білім теңізі» Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады,өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады. |
|||||||||||
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Тасөткел негізгі мектебі
Махамбет Өтемісұлы
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Жумабекова Б.Т
2017-2018 оқу жылы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі