Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті
«Жалпы орта білім беру №1 қазақ тірек мектебі (РО)» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Раисова Айгерим Жолдыбаевна
Қысқа мерзімді жоспар 4-сынып Қазақ тілі
Тақырыбы: Зат есімнің септелуі. Табыс септік.
Мақсаты: Табыс септігі атау септіктегі сөздерге -ны, -ні,-ды,-ді,-ты,-ті қосымшалары жалғану арқылы жасалатынын түсіну
Міндеттері:
- табыс септіктегі сөздерді сұрақ қою арқылы ажырата білу;
- практикалық жұмыс барысында талдау, салыстыру, қорытынды шығара білуге үйрету;
- бір-бірімен пікір алмасу арқылы барлық топ мүшелерінің белсенділіктеріне қол жеткізу.
Күтілетін нәтиже:
- табыс септіктегі сөздерге сұрақ қоя біледі, зат есімнің септелуінің ара жігін ажырата алады.
- өткен білімді жаңа біліммен ұштастыра алады.
- топпен ынтымақтаса отырып жұмыс істей біледі
Сабақ кезеңдері, уақыты |
Кезеңнің мазмұны |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау |
Ресурстар |
Кіріспе 7-минут |
1.Ынтымақтастьқ атмосферасын құру 2.Топқа бөліну 3.Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету. |
«Поэзия минуты» -Балалар, басқа мезгілдерден қыстың ерекшелігі неде? (қар жауады) «Жапалақ қар» (қаршаларда 1,2,3 нөмірлер жазылады) «Визуалды айғақтар» -Сөздерді қандай белгісіне қарай топтадыңдар? |
Шаттық шеңберге тұрып оқушылар бірінен соң бірі бір шумақ өлеңді жатқа айтады. Оқушылар қаршаларды алып, жазылған нөмірлер бойынша топтарға бөлінеді. Берілген сөздерді топтау, яғни зат есімдерді септіктер бойынша топтау. |
«Фейерверк» «Өзін-өзі бағалау» парағы таратылып. түсіндіріледі. Бағалау парағына 1-тапсырмаға бағаны бес баллдық жүйемен қояды |
Қаршалар, нөмірлер, бағалау парақтары. А-3 парақтары, маркерлер, жазылған сөздер, бағалау парағы |
Тұсау кесер 8 минут |
1.Қызығушылық- ты ояту. Ой шақыру.
2.Табысқа жетудің қадамдарын анықтау. |
Жетіген туралы ертегіні еске түсіру. -Септік шалдың Табыс ұлы қайтқанда не деп жылайды? Каллиграфиялық минут. -Сонымен қазақ тілінде неше септік бар? -Оларды не арқылы ажыратамыз? |
-Нені айтып, кімді қарғайын?
Дәптермен жұмыс.
|
Бағалау парағы арқылы топтағы мүшелерді бағалау
«Шапалақ» |
Интербел сенді тақта |
Негізгі бөлім. 22 минут. |
1.Мағынаны тани білу.
2.Сергіту сәті
3.Формативті бағалау. Топтарды бағалау |
«Миға шабуыл» 1 топ. Табыс септігінің ережесін құру. 2 топ. Табыс септігінің жалғауларының жасалуын түсіндіру. 3 топ. Табыс септіктегі сөздерді дәлелдеу. «Ойлан, жұптас, бөліс» 1 топ. Берілген сөйлемдерді көшіру. Табыс септіктегі сөздерді тауып, жалғауын белгіле. (43-жаттығу. 100 бет) 2 топ. Сурет бойынша әңгіме құрау. Әңгімеде табыс септігіндегі сөздер болуы керек. (48-жаттығу. 101 бет) 3 топ. Табыс септіктегі сөздері бар, сөйлемдерді теріп жазу. (49-жаттығу. 102 бет) «Бірге ойлаймыз» Тапсырма: Мақалдың мағынасын түсіндіру. Табыс септіктегі сөздерді табу. Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. |
Оқушылар постерлерге тапсырмаларды орындайды. Әр топ ортаға шығып қорғайды. Әр топқа баға беріледі, сыни пікірлер айтады
Әр оқушы өзі ойланады, сосын топта ортаға салады. Барлығы бір пікірге келіп, басқалармен бөліседі.
1 топ. 46-жаттығу. 1-ші мақал. 2 топ. 46-жаттығу. 2-ші мақал. 3 топ. 50-жаттығу |
Топтарды смайликтер арқылы бағалау
Бағалау критерийлер арқылы бағалау
Бағалау парағына баллды қояды |
А-3 парақтары, смайликтер, маркерлер
Интербел сенді тақта
Оқулық, бағалау парақтары
Оқулық, бағалау парағы |
Қорытын ды 8 минут. |
1. Ой толғаныс 2. Рефлексия. 3. Үй тапсырмасын беру |
«Конверттегі сұрақ» Тапсырма: Берілген сөздерге табыс септіктің жалғауларын жалғап жаз. Бағалау парақтарындағы баллдарды санап, ортақ баға шығару. 53-жаттығу 103 бет |
Әр оқушыға аты жазылған конверт беріледі. Ішіндегі сөзге жалғау қосып, келесі конверттегі сөзді талдайды, сөйтіп өз конверті оралғанша орындайды. Тексеріп, бір-бірін бағалайды. Оқушылар сыни пікірлерімен бөліседі. |
«Шапалақ»
Мұғалім әр оқушыға ортақ бағасын шығарады. |
Конверттер, жазылған сөздер
Бағалау парақтары |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі