Игиликова Гүлжаухар Мейірбекқызы
Шымкент қаласы №100 «Тоғжан»
бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Көрікті шыршамыз
Шамдары самсаған
Әндетіп Қаршақыз шығады. Шыршаға ойыншық іледі.
Қаршақыз: Аяз атам қызық өзі,балаларды қонаққа шақырып алып, өзі әлі жоқ. Балалардың келетін уақыты да болып қалды.
- Әне өздері де келіп қалды
(Көңілді саз әуенімен балалар кіреді)
Қаршақыз:Сәлеметсіңдерме балалар? Сәлеметсіңдерме қонақтар?
Балалар отырады.
Қаршақыз: Балалар Аяз атам неғып кешігіп жатыр екен? Мен оған телефон соғып көрейінші (телефон соғады)
— Алло, Аяз ата қайда жүрсіз? Балалар келіп қойды,сізді күтіп отырмыз. Не дейсіз? Ғарышқа? (мұңайып) Балалар Аяз атам айға ұшып кетіпті, бізді сол жаққа жаңа жыл мерекесін тойлауға шақырып жатыр. Енді не істейміз? А-а-а таптым. Бізге жол көрсететін біреуді табуымыз керек. Балалар мен аюдан көмек сұрайын. (Аю, аю деп айқайлайды)
Аю: Қаршақыз, не болды?
Қаршақыз: Аюжан Аяз ата бізді жаңа жыл мерекесін тойлауға Ғарышқа шақырып жатыр. Сен бізге жол көрсетіп көмек бере аласың ба?
Аю: Ол жақта балмұздақ бар ма?
Қаршақыз: Балмұздақ?
Аю: Иә, мен мұздай, әрі тәтті балмұздақ жегенді жақсы көремін.
Қаршақыз: Одан да өзің дәу болып алып Ғарышқа Ұшуға қорқамын десейші.
Аю: Мен ештеңеден қорықпаймын, бірақ ол жақта балмұздақ болмаса,несіне барамын? Одан да мен достарыммен бірге би билеп берейін.
Би «Аюлар»
Сұңқар: Армысыңдар халайық,
Бармысыңдар халайық
Жаңа жылда жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық.
Шынар: Міне тағы бір жылды да өткердік,
Өткен жылдың жақсылығын көп көрдік
Әрбір жылды жақсылыққа балаған
Қай бір жылды ұнатпадық жек көрдік.
Жаңа жылға жаңа қадам басайық
Армандаған белестерден асайық
Күлімдеумен көк аспанның көгінде
Күндей болып жылы шуақ шашайық.
Ақниет: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Олжас: Кел жаңа жыл жеттің бе тағы айналып,
Дастарханды отырмыз саған жайып,
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен,
Талай ұлыс, талай ел, талай халық.
А.Айзере: Келген сайын көңілді өсіресің
Ұлы болсын бастаған, осы көшің
Төгіп шашпай тасытып кетсең екен
Қазақ деген халықтың несібесін.
Мерей: Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Өлең де әзір ән әзір
Ойын да әзір бәрі әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл жаңа жыл.
Ұлжан: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін
Ортақ ойы арманы
Жақсы дәстүр көбейсін.
М.Аяна: Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау қарлы шың
Жасмин: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр
Ән «Шырша жыры»
Қаршақыз: Ой мынау Қасеке емес пе? Қасқыр, бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойлауға Ғарышқа ұшуға көмек бере аласың ба?
Қасқыр: Біз Ғарыштан қанша күнде қайтамыз?
Қаршақыз: Баруға екі күн, қайтуға екі күн төрт күнде қайтамыз.
Қасқыр: 4 төрт күнге төрт 4 қой әкетпесем қарным ашып қалады. Әйтпесе бармаймын.
Қаршақыз: Жоқ болмайды қасеке 4 күнге 4 қой алсақ, өзі кішкене карабльге қалай сыйамыз.
Қасқыр: Қаршақыз мен қарным тоймайтын жерге бара алмаймын. Ренжімеші.
Би: Қуыршақтар
Айсезім: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылын құтты болсын ағайын
Нұрислам: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзінде айшықтанып арайың
Жаңға шуақ, бойға қуат әкелген
Жаңа жылын құтты болсын ағайын
Т.Айзере: Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып
Қарсы алғалы жаңа жылды
Ол да көптің бірі болып
Қайда қызық думан болса
Аяз ата сонда болды
Балалармен бірге болды.
Кенет: Не ойласаң жаңа жылда
Орындалады бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балақай
Анелья: Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
Балауса: Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Жасұлан: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңалық ізде сен
Жаңа ән жаңа жыр
Жазып бер бізге сен.
Санжар: Той мереке салтанат
Думандатып жарқырап
Келді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап
Қаршақыз: Түлкі, әй түлкі
Түлкі: (қутыңдап) Сәлем, Қаршақыз қардан соққан аппақ қыз.
Қаршақыз: Сәлем түлкіжан
Түлкі: Жайшылық па неге шақырдың?
Қаршақыз: Балалармен ғарышқа ұшқымыз келген еді
Түлкі: Ғарышқа? Онда не жоғалттың?
Қаршақыз: Аяз ата бізді сол жақта жаңа жыл мерекесін тойлауға шақырып жатыр. Сен бізге жол көрсете аласың ба?
Түлкі: Жарайды. Көмектесіп көрейін. Бірақ ол жақта тауықтар болады ма?
Қаршақыз: Ай да тауық бар ма, жоқ па оны барған соң көреміз
Түлкі: Қаршақыз айға жеткенше менің қарным ашып қалады. Семіз семізінен 1-2 тауық ала кетсек қайтеді.
Қаршақыз: Түлкі бұраңдамай турасын айт. Бізбен бірге айға ұшасың ба, жоқ па?
Түлкі: Ол жақта тауық болса ғана барамын.
Қаршақыз (ашуланып) Тауық жоқ
Түлкі: Тауық жоқ жерге менде бара алмаймын. Кешір. (түлкі кетеді)
Би: Инопланетяндар
Инопланетян Олжас: Ой қаршақыз біз сені таппай жүрсек, осында екенсің ғой. Бізді Аяз ата сендерді Жаңа жыл мерекесін тойлауға алып кел деп жіберді.
Қаршақыз: Алақай! Ғарышқа ұшатын болдық.
Инопланетян Олжас: Балалар корабльден орын алыңдар. 5-4-3-2-1 кеттік.
(Музыка әуені естіледі, свет өшеді, ғарыш суреті ілінеді.)
(Свет жанады ортаға ай шығады.)
Ай: Жүздеріңнен жадырап,
Ай сәуле тұр жадырап,
Міне қандай тамаша,
Шыршамыз тұр жараса
Кәне шырша шамдары жарқырай түс, жарқыра
(шырша шамдары жанады.)
Ай: Ай әлеміне қош келдіңдер, балалар!
Аяз аталарыңда осында. Ол келгенше мерекемізді жалғастыра тұрайық.
Арман: Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Айымыздың төрінде
Жадырап бар бала жүр.
Амина: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады
Жып жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Жауса жаусын ақша қар
Гүлдене бер бақшалар
Адия: Аппақ бүгін қыр далам
Ақ дастархан жапқандай,
Халық біткен қарбалас
Қонақ күтіп жатқандай.
Мейіржан: Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды.
Жүнісбек Айбек: Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген
Бақша бауды тауды да
Бояған ақ түспенен
Аружан: Ал, балалар тұрмайық
Көңілді биге салайық
Жұлдызшалар күлімдеп
Жарық жолға шашылсын
Аяз ата біздерге
Сол жарықпен жол тапсын
Аяз атамыздың жолы жарық болсын деп біздің жұлдызшаларымыз керемет би билеп берсін
Би: Жұлдызшалар
(Есік қағылады.)
Қаршақыз: Балалар бұл мүмкін Аяз ата болар?
(Музыка әуенімен түн ханшайымы кіреді.)
Түн Ханшайымы:
Мен Түн Ханшайымымын.
Қараңғы түн мен түнектер
Менің ғана істерім.
Айда енді жанбайды.
Жұлдыздарда көктегі
Жолды жарық қылмайды.
Қараңғылық жер бетін бассын.
Аяз ата жолдан адассын.
Қаршақыз: Балалар түн Ханшайымның сөзін естідіңдер ме, енді Айда, жұлдыздар да жарқырамайды. Енді мен кімнен көмек сұраймын. Ааа таптым, бұған Аяз атадан басқа ешкім көмектесе алмайды. Кәнеки балалар, барлығымыз бірігіп, Аяз атаны шақырайық.
А-я-з А-та А-я-з А-та А-я-з А-та
Аяз ата келеді.
Аяз ата: Ау, шырша шамдары неге сөніп тұр.
Қаршақыз: Түн Ханшайымы айымыз ды да, шыршамызды да сиқырлап тастады.
Аяз ата: Дұрыс болмаған екен. Ренжімеңдер балақайлар, қазір менің сиқырлы таяғым сиқырдың күшін жеңеді. (Аяз ата шыршаны бір айналып, жерді таяғымен 3 рет ұрады.)
Аяз ата: Жадырасын айымыз
Күлімдесін ортада
Шыршамыздың шамдары
Жарқырай түс, жарқыра,- дегенде шырша шамдары жанып, ортаға ай шығады.
Ай: Міне, қандай тамаша
Сиқырдың күші шешілді,
Нұрлы жүзім жадырап,
Тұрмын міне жарқырап.
Рахмет сізге Аяз ата
Ал, балалар тұрмайық
Әсем әнге салайық.
Ән: Саламат па Аяз ата
Қаршақыз: Аяз ата шаршаған боларсыз, отырып демалыңыз. Балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.
Зере: Ақ сақалы желбіреп,
Аяз атам елжіреп,
Алды жылдың сәлемін
Алды сыйын әлемнің
Дастан: Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып,
Сақылы мен мұртына
Күміс моншақ тағылып,
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып.
Айару: Ақ қырауға малынған
Сақыла да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Ғ.Димаш: Кетті көңіл шалқып ап,
Жұлдыздардай қалтырап
Аяз ата үстінде
Ақшақар тұр жалтырап.
Асылхан Айзере: Бар баланың қонағы
Төрлет ата жоғары
Енді дала алақай
Ақ күміске толады
Жұрттың бәрі атадай
Қашан мырза болады.
Т.Димаш: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз ата басқарды.
Кәусар: Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ көрпеген оранып
Көрдің бе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны.
Иззат: Келді міне жаңа жыл
Қуанайық қарсы алып
Асыр салып ойнайық
Шырша айналып ән салып.
Жолболсын Айбек: Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр
Әсем ай: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Әбілхайыр: Тақпақтарды жаттадық
Би де үйрендік көрсін деп,
Аяз ата шаттанып
Бізге риза болсын деп.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар ағылшын тілін де жақсы меңгерген. Қазір сізге «Қыс айлары» атты көрініс көрсетеді
Би: Шығыс биі
Аяз ата: Балалар, менің қолғабымды көрмедіңдер ме?
Мен оны қай жерге тастап кеттім екен.
Міне Аяз ата қолғабыңызды қуып жетіңіз.
Ойын: Қолғап
Аяулым: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Ән: Кел, кел жаңа жыл.
Қаршақыз: Балалар, бар өнерін көрсетіп жатыр. Сыйлықтарын таратпаймыз ба.
Аяз ата: Асықпа қызым, мен сыйлықтарды келе жатқан ит жылына тапсырған едім. Қазір өзі келіп қалады.
(музыкамен шана суретіп, мыстан кіреді)
Мыстан: Балалар сендерге жеттім ау әйтеуір. Жаңа жыл жыл құтты болсын. Не мені танымай қалдыңдар ма? Мен жаңа жылмын ғой. Ит жылы.
Аязата: Ит жылы? Мен мұндай ит жылын мүлде көрмеппін. Тоқта, тоқта мынау шанадағы не қап?
Мыстан: (Мыстан қапты тасалап) Мұнда ешнарсе жоқ.
Қаршақыз: Балалар қаптың аузын шешуге көмектесіңдерші. Мұнда біреу бар сияқты.
(қаптың ішінен дауыстар шығады.)
Кө-мек-те-сің-дер, босатыңдаршы мені.
(қапты шешекенде ішінен ит шығады.)
Ит: Мен жаңа жылмын ғой. Сендердің мерекелеріңе қатты асығып келе жатқан едім. Бірақ мына мыстан кемпір ұстап қапқа салып қойды.
Мыстан: Өтірік, өтірік. Оған сенбеңдер. Мен жаңа жылмын.
Аяз ата: Ой мыстан баяғы істеріңді әлі қоймағансың ба? Онда біз былай істейік. Қазір екеуіңе бір-бір су құйылған банка беремін. Кімде-кім сиқырмен суды қызартып жіберсе сол жаңа жыл.
(иттің суы қызарады)
Аяз ата: Ал кәнекей. Ә-ә-ә бәрі де түсінікті болды.
Мыстан: Олай емес балалар мен жаңа жыл. Ол емес.
Аяз ата: Жақсы сен жаңа жыл болдың делік. Балаларға әкелген сыйлықтарың қайда.
Мыстан: Сыйлықтар? Қандай сыйлықтар. А а а сыйлықтар ма? Міне менің сыйқырлы таяғым бар. Ол сыйлықтардың қайда екенін көрсетеді. Аспанда жоқ. Балалардың аяғының астын көрейін? Балалар аяқтарыңды көтеріңдерші? Мұнда жоқ. Мүмкін ата-аналардың аяғының астында болар? Онда да жоқ. Шыршаның астында шығар, онда да жоқ түсінбедім сонда сыйлықтар қайда?
Ит жылы: Аяз ата сыйлықтарды сіз маған тапсырған едіңіз ғой. Қазір барып алып келейін.
(сюрприз әні орындалады.)
Ит сыйлықты алып шығады.
Аяз ата: Міне балалар, сыйлықтарың. Жаңа жылдарыңмен қарақтарым
Мыстан: Аяз ата мен ше, мен жаңа жылда сыйлықсыз қаламын ба?
Аяз ата: Ал, сен бұзықтық жасағанды қоясын ба?
Мыстан: Ия қоямын шын сөзім.
Аяз ата: Балалар кешіреміз бе мыстанды.
Балалар: Ия
Аяз ата: Жарайды үйіңе қайта бер Сыйлықтарың сені күрке тауық үйіңде күтіп тұр.
Мыстан: Рас па Аяз ата алдамайсың ба. Аяз ата балалармен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойнауыма бола ма. Оған дейін үйдегі сыйлығым үлкейе тұрсын.
Аяз ата: Ия жарайды. Ойнасаң ойнай қой.
Ойын: Пима
Мыстан: Рахмет Аяз ата сау болыңдар.
Аяз ата: Ит жылым жол болсын.
Басқан қадам оң болсын.
Қаршақыз: Төрлет, төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Ит: Тілеймін мен бар әлемге
Жаңа бақыт, жаңа жыр
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын Жаңа жыл.
Аяз ата: балалар менің қоштасатын уақытым да таяп қалды. Мені өздеріңдей балалар күтіп отыр.
Бәріңізге мың алғыс,
Көңілді күлкі сыйлаған.
Кетер уақыт таяды.
Қоштаса алмай қиналам.
Көріскенше күн жақсы.
Дос жарандар жиналған
Сау болыңдар, балалар
Тағы да сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтап жаңа табыс, жаңа бақыт тілейміз.
Ән: «Жаңа жыл»
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі