Өлең, жыр, ақындар

Білім мен еңбек — өмір кілті

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы
«Абай атындағы № 4 мектеп-лицейі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Дюсембекова Бактыбала Сериковна

Ата-ана - бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. Сондықтан олар  балалардың жан-дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшелікті жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде баланың пікірімен үлкен адамдай санасқан орынды. Сонда ғана бала мінезіндегі әр көріністерге ерекше назар аударылады. Сондай- ақ тәрбиенің қалай, неден басталуы керек екені айқынырақ болады. Баланың өзіне сенімін ақтап, оның сөзіне көңіл қойып тыңдап, түсіне білген әрі әділ- шыншыл болса ғана баланың нағыз сырлас досы, үлгі алар өнегесіне айналады. Бала алдында мұндай сенім мен беделеге ие болған ата- ананың айтқан ақылы да, қолданған жазасы да игі ықпал етеді.

Отбасы – қоғамның маңызды бөлшегі. Ол некеге, туысқандық белгіге байланысты құрылады. Отбасының ұйтқысы-әке мен шеше бала дүниеге келгеннен бастап қажеттіліктерін қанағаттандырады, тазалық пен әдептілікке үйретеді және айналасындағы заттарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырады. Осыған байланысты сәбидің қамқоршыға деген сезімі біртіндеп әке-шешеге деген сүйіспеншілігіне, яғни адамгершілік сезіміне ауысады. Міне, сондықтан да отбасындағы тәрбие – баланы тәрбиелеуде тәрбиенің негізгі формасы болып саналады.Отбасындағы тәрбиенің ықпалды әрі нәтижелі болуы ата-аналардың мәдениетіне, тәрбиені ұйымдастыруы мен басқаруына байланысты. Бұл туралы А.С.Макаренко ересек адамдар мен ата-аналарға жазған үндеуінде: «Тәрбие жұмыстарының дәл мәні сіздің балаға тікелей әсер етуіңізді емес, көзбе-көз әңгімелесуіңізде емес, ол сіздің өз отбасыңызды ұйымдастырудың, сіздің жеке және қоғамдық өміріңізді және бала өмірін ұйымдастыра білуіңізде»- деп жазды.       

Отбасында баланы ата-анамен қатар, өзге мүшелері де тәрбиелейді.

Сонда баланың білім алуы - еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке байланысты. Тәжірибеге қарағанда,отбасының тәрбиелі, нәтижелі болуы отбасында дұрыс қарым-қатынастың болуына, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ұнатуына, құрметтеуіне, отбасында еңбектің дұрыс жолға қойылуына байланысты екенін көрсетеді.

Мұндай ортада бала көңілді әрі қалыпты өсіп дамиды. Кейде толық отбасының өзі баланың дұрыс қалыптасуына негіз бола бермейді.

Тіпті «жақсы» деген отбасынан тәрбиесі төмен балалар дамуы мүмкін. Демек, отбасының толық болуы баланың тәрбиелі болуына себепші емес, болмаса толық емес, отбасында баланы тәрбиелеуге тиімді деп қарау орынсыз. Толық және толық емес отбасында тәрбиелеуге бірдей талап қойылады, тәрбиенің мазмұны ұқсас болады және балалар бірдей биологиялық, психологиялық заңдылық бойынша дамиды. Мұндағы аз болса орын алатын жағдай және айырмашылық- отбасындағы ықпал етуші адамдар саны.

Егер мектеп оқушыларының еңбегі талапқа сай ұйымдастырылатын болса, ол оның ақыл парасатын өрістетіп қана қоймай, денесін де шынықтыруға көмектеседі. Былайша айтқанда, ой еңбегі мен дене еңбегін ұштастыруға ықпалы зор. Сондай- ақ, өзінің келешек мамандығын белгілеуге де әсер тигізе алады. Мектеп оқушылары оқу орындарының қазіргі өскелең талапқа лайықты қайта құрылуына орай онда өтілетін пәндердің бәрін де жалаң теориялық тұрғыда емес, практикалық жағынан да өмірге жаңасымды түрде оқиды. Мұның өзі теориялық ұғымдарын өмірде жүзеге асырып, түрлі практикалық істерге араласуға кең жол ашты. В. Сухомлинский «Тәрбиешінің нағыз данышпандығы – әкенің, шешенің, педагогтың – балаға бақыт беруі. Балалық шақтың бақыты – жылылық пен қорек беретін отбасының тыныштығы».

Әдетте бастауыш сыныпта оқитын шәкірттер өздерін қызықтырған жұмысқа қатысуға құштарлықпен, белсенділікпен күресуге тырысады. Ал атқаратын жұмыс түрлерін жаңарта түссеңіз, олар одан әрі құлшына түседі. Ата- ана баланың осы қызығушылығын ілгері дамытып, үй шаруасына кеңінен қатыстыру арқылы олардың еңбекке деген белсенділігін арттыра бергені жөн. Сонымен бірге осы шамадағы балалардың өздері тапсырылған әр алуан бейтаныс, бұрын атқарып көрмеген, көзі үйренбеген жұмысты орындау кезінде: «Бұл не үшін керек?» «Неге бұлай?» - деп ата- аналарын әр алуан сұрақтар қоюмен болады. Әрине ата- аналар баласына қанағаттанарлықтай толық жауап беріп, осы еңбектерінің отбасында, ұжымда, коғам мүддесі үшін қаншалықты пайда келтіретінін айқын да нақты түсіндіру керек. Егер бала өз еңбегінін нәтижесін, мәнін айқын түсінбейтін болса, оның еңбекке қызықпауыда мүмкін.

Бала өзі атқаратын жұмысының нәтижесін, дәлірек айтқанда не үшін керек екенін саналы түрде білсе, ол атқаратын іске ерекше ілтипатпен қарайды. Бұл - баланы еңбекке баулудағы ең басты шарттарыны бірі. Бұрыннан еңбекке дағдыланбаған бала ата-ана талабына бірден мойын ұсына қоймайды. Осыдан барып отбасында реніш туып, дүрдараздықта пайда болады.

Әдетте балаға орынсыз аяушылықпен қарайтын ата-ана көбінесе отбасы тауқыметінін бәрін өзі көтеріп, баласы үшін құрақ ұшады. Әрине, баласын жек көретін қай ата-ана бар дейміз. Бәрі де баласы үшін еміреніп, соның жолында, жанын да пида етуге әзір тұрады.

«Бала - ананың бауыр еті» деген халық данылығы да сол себептен айтылған болар. Иә, өмір келешегі баланы жақсы көруі керек. Бірақ жақсы көру дегенді баланың ырқымен кетіп, оның алдында міндет атқару деп түсінсек, мүлде қателескеніміз. Қайта, ата-ана баланы еңбек етуге баулып, үй ішіндегі шаруашылықтарға жәрдемдесуін анда-санда жасап кететін іс емес, өмірдің қажетті тұрғысында қайталанып тұратын әдетіне айналдыру міндетіміз. Баланы еңбекке тәрбиелеу жолы да сан алуан. Біздің есімізде сақтайтын мәселе баланың бойына еңбек дағдысын сіңірту: оны қорқыту, ұрысу, зеку, күш көрсету жолымен емес, баланы жақсы көру, сыйласу, оны еңбегін құрметтеу, ұғындыру әдісімен ерікті түрде жүзеге асырғанымыз жөн. Сонда ғана баланың атқарған ісі ата-ананың өнегелі еңбегімен пысықталады, еңбек тәрбиесі де нәтижелі болады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар