Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көлқамыс ауылы
А.Нұрманов атындағы негізгі мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шаймағанбетова Салтанат Тұрсынбекқызы
Қазақ тілі пәнінен біріктірілген 5, 6 сыныптарға арналған бірпәндік сабақ жоспары
|
5 сынып |
6 сынып |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Сөз жасам |
Одағайдың түрлері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
1.Сөз және оның мағыналары туралы білімдерін қайталау. Сөздердің жасалу жолдары. 2.Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту. |
1. Одағай туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың ой өрісін, тілін, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту. Сауатты әрі көркем жазуға баулу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тәрбиелік мақсаты: |
Ұлттық ойындар арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Өз ана тілдерін құрметтеуге, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту әдістері: |
Ойын элементтері арқылы түсіндіру, талдау,салыстыру,сұрақ- жауап, карточкалар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: |
Әдебиет, тарих, орыс тілі, ән-күй. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрнекіліктер: |
Суреттер, тірек сызбалар, түрлі-түсті асықтар. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: І. Кіріктірілген бөлім Бағдарлау-мотивациялық кезең |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалім сабақты туған жер және туған тіл туралы кіріспе әңгімеден бастайды. Кіріспе әңгіме:- «Өнер алды қызыл тіл», – деп Абай атамыз бекер айтпаса керек. Тіл арқылы сөз,сөз арқылы адамның ішкі жан дүниесі сезілсе,сөйлеген сөзі,сөз саптауы арқылы оның мәдениеттілігі,адамгершілігі көрінеді. Айтылған сөздің мәнді,мағыналы болуы да оның білімділігі мен сауаттылығын айқындайды. Атадан қалған мирас асыл сөз-ана тілімізді жаксы меңгеріп қана қоймай, оны мақтан тұту, дәріптеу, құрметтеу өзге тілмен шұбалтпай таза ұстау әр қазақ азаматының басты борышы .Бай да көркем ана тіліміздің мәртебесін үнемі жоғары ұстайық, ендеше! –Балалар, осы мәртебе деген сөздің, дәреже, құндылық деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Тіліміздің,дініміздің жоғары деңгейде ұстау, құндап ұстау, құрмет тұту.) -Сол құндылықтарымызға не жатады? (Салт-дәстүріміз, киіз үйіміз, ұлттық киіміміз,ұлттық тағамдарымыз,ұлттық аспаптарымыз, ұлттық ойындарымыз) -Олай болса, ұлттық ойындарымыз, соның ішінде асық ойынымызды бәрің жақсы білесіңдер. (Балалар өз білгендерін ортаға салады) Шығармашылық көрмеге толықтыулар жасалады. Мыс: жиырма,рефарат,сурет т.с.оқушылар өз жұмыстарын тапсырады. -Бүгінгі сабағымызда осы ұлттық ойындармен байланыстырсақ қалай қарайсыңдар? Білімдеріңді бағалау барысында мына түрлі-түсті асықтарды білім деңгейлеріңе байланысты үлестіретін боламын.
қызыл асық – 5 (өте жақсы), сары асық – 4 (жақсы) көк асық – 3 (орташа) дегенді білдіреді. -Сабақ соңында кімнің қаншалықты ат салысқаны осы асықтардың санына,түріне байланысты әділ бағасын алады. Ендеше, сабақта белсенділік танытып, білетіндеріңді ортаға салып, көбірек асық жинауға тырысыңдар! |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ. Үй тапсыр-масын тексеру: |
5 сынып 6 сынып Сұрақ – жауап. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Орыс тілі пәнімен байланыс:
|
«Екпін және оның түрлері» Екпін дегеніміз не? Мысалы: Үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі. Орыс тілімен салыстырғанда қалай болушы еді? Орыс тілінде: Қазақ тілінде: Замок –құлып Оқу Замок – қорған Оқушы Мука – азап Оқушылар Мука – ұн Оқушыларға Ой екпіні – сөйлем ішіндегі ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту. Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді. Атасы ауылға бүгін келді. Ауылға бүгін атасы келді. Тіркес екпіні – бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір ғана екпінге ие болуы. Мысалы: тәлім-тәрбие, ата-ана, ат үсті, тез жазды. Дыбыс екпіні – бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі. Мысалы: тама-ша-а, бә-ә-рекелді, жара-а-йсың, т.б. 354 – жаттығу. Өлеңді жатқа оқу. Тапсырма: Жібектей, халқыңа, уафа сөздеріне фонетикалық талдау жасау. |
«Шылау және оның түрлері» 1.Шылау дегеніміз не? Шылау дегеніміз – сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып және өзі тіркескен сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Шылау сөздер білдіретін мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай: септеулік шылау, жалғаулық шылау және демеулік шылау болып үшке бөлінеді. Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары бар ма? Морфологиялық талдау жасау арқылы үй тапсырмасын қорытындылау. (6 сынып) 348-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөз табына талдап, шылау түрлерін айқындау. 1.Көркем сөз ыстық + та да өседі, суық + та да өседі, күндіз де өседі, түнде де өседі.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тарих пен әдебиет пәндерімен байланыс:
|
Тапсырма: Осы өлең жолдарының авторы жерлесіміз М.Дулатов туралы не білеміз? Басқа қандай өлеңдерін білесіңдер? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын қорытындылау:
«Сақина салмақ» ойыны: |
Мұғалім: Балалар, өздерің ойын ойнағанды жақсы көресіңдер. Ойнау арқылы баланың физикалық денесі өсуімен қоса ой-өрісі де өседі екен. -Өздерің ойынның қандай түрлерін білесіңдер? -Соның ішінде ұлттық ойындарға қандай ойындар жатады? -Олай болса, үй тапсырмасын ойынмен қорытындылайық! (Оқушылар фонетикаға, морфологияға шолу жасайды) -Балалар, фонетика мен морфология туралы не білесіңдер? Ойын шарты: Сақина үлестіруші бала сақинамен қоса кез-келген дыбысты атайды. Ал, сақина алушы бала сол дыбыстың қандай дыбыс (дауысты, дауыссыз) екенін айтып беруі керек. Дұрыс жауап берсе, жүргізушімен орын алмастырады, жауап қате болса, өнер көрсетеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ән-күй пәнімен байланыс: |
Ойын соңында оқушылар «Қыз қуу» әнін орындайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ. Сараланған бөлім. 1 тапсырма Оқулықпен жұмыс. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 сынып. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Сөзжасам дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Оқулықпен жұмыс Ой+ла, мал+шы (қосымша арқылы) Бес+атар (бірігу арқылы) Кәрі-жас (қосарлану арқылы) Осылардың барлығы туынды сөздер. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер. Ақ. 1) Ағу – бастапқы мағына 2) ақ жіп, ақ сүт – түсті білдіретін баст. мағына 3) ақ – сүттен жасалған тағам (сүт, айран, ірімшік, т.б.) |
6 сынып. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс. Одағай және оның түрлері Толық мағынасы жоқ, сондықтан құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай деп аталады. Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағайлар ойға үстейтін мәніне орай төмендегідей үш түрге бөлінеді: 1.Көңіл-күй одағайлары: пәлі-ай, ойпырай, алақай,пай-пай, түу, бәрекелді, әттең, ой, қап,т.б 2.Жекіру одағайлары: тәйт, тек,т.б. 3.Шақыру одағайлары: құрау-құрау, шөре-шөре, пырс, кә-кә, пұшайт-пұшайт, т.б |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 тапсырма |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс Жұрнақ жалғану жолымен жасалған туынды сөздер.
Сызба бойынша жаңа сөздер құрау. 374 жаттығу. |
Оқушылардың өздігінен орындайтын шығармашылық жұмысы «Өтірікші» әңгімесіне одағай сөздерді пайдалана отырып, сахналық қойылым жасау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 тапсырма |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары: 382 жаттығу. (Қос сөздердің жаңа лексикалық мағынасын айқындау.) Мыс: Азды-көпті, қызыл-жасыл... 386 жаттығу. (Берілген сөздерден күрделі сөз құрап жазу.) Мыс: көк, боз, соқыр, ала....
|
Бір бала қой бағып жүріп: Үлкендер жүгіріп келсе,онысы өтірік екен. Бірде бала осылайша айқайлап үлкендерді тағы жинайды. Бірде шынымен-ақ қойға қасқыр шабады. Үлкендер әдеттегідей бала өтірік айтып жатыр екен деп, сөзіне құлақ аспайды. Қасқыр бүкіл отарды қырып кетіпті. (Ел аузынан) Тапсырма: Одағай сөздердің түрін ажырату. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жеке тапсырмалар: Карточкалармен жұмыс. Тапсырма: К дыбысынан басталып, к дыбысынан аяқталатын сөздерді тап. Мыс: 1 карточка
|
Оқулықпен жазбаша жаттығу жұмысы. 352 жаттығу. Одағай сөздерді тауып, тыныс белгілерін қой. Мыс: -Ащы-ау тілің, пай-пай-пай! -Жә, жібер енді...
«Кемпірқосақ» ойыны. Сөз таптарына қайталау жасау. Сұрақ – жауап. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 тапсырма |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқулықпен орындалатын жаттығу жұмыстары |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
390 жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу. Ұлттық ойын атауларының жасалу жолдарын түсіндіру. |
355 жаттығу. Одағайдың мағыналық түрлерін анықтау. 356 жаттығу. Одағайдың тыныс белгілерін қой. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІІ Кіріктірілген бөлім Бекіту кезеңі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұлттық ойын «Ат жарыс» ойыны. Ойынның шарты: Әр сыныптан екі-екіден төрт бала шығады. Қолдарына атта шауып келе жатырған баланың бейнесі бар суретті ұстап, қаз-қатар бір сызық бойына тұрады. Мұғалім бастаған мақалды оқушы жалғастыруы керек. Мақалды дұрыс аяқтаған оқушы алдыға бір қадам жасайды.Ойын осылай жалғасады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әр оқушы өздерінің қоржындарына жинаған асықтарын санап, сабаққа қаншалықты қатысқандарын, ұпай сандары арқылы есептеліп бағаланады.шығараы. 25-30 ұпай – «5» баға, 18-24 ұпай – «4» баға, 10-17 ұпай – «3» баға. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 сынып: 369 жаттығу. Ұлттық ойындар туралы бес сөйлем құрастыру. |
6 сынып: 360 жаттығу. Ұлттық ойындар туралы әңгіме жазып келу. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі