Пән: ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ |
Жаңаөзен қаласы «Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Қанатбаева Жамила |
|
Сабақтың атауы |
Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай |
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы Түрі |
1. Оқушыларға айтыс өнері туралы толық мағлұмат беріп, оның түрлерімен таныстыру. халық - ақындық жанр мен әншілік, ақындар, аспаптық орындаушылық арасындағы өзара байланысты ояту. |
|
Психологиялық ахуал |
Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту |
Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған.Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. Орынбай Бертағыұлы (1813, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Көлдейелі, Дауқара ауылы – 1891, Аягөз) – айтыскер ақын, жырау, әнші, сазгер. Әкесі Байқожа, арғы атасы Бертағыақын, жыршы болған. Ол. ел ішінде Қарауыл Орынбай ақын деген атпен мәлім. 13-14 жасынан өлең шығарған. Шығармаларында өз дәуіріндегі әлеум. мәселелерге үн қосып, болыс, аға сұлтан сайлауындағы әділетсіздікті әшкереледі. Жырларында билік басына қалталылардың келіп жатқанын ашық айтты (“Бір жан жоқ болыстыққа талас емес”), бақ-дәулеттің өткіншілігін жырлады (“Тұлпар бар ма тұяғым айрылмаған”, “Өлгенсоң бай мен жарлы мал демейді”, т.б.). Сондай-ақ “Адамның жаратылуы туралы”, “Қырық парыз”, “Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай”, “Жүз жұлдыз” атты толғаулары діни танымда жырланған. О-дың “Жазы биге”, “Шоңбиге айтқаны”, “Алсай Құрақбайға айтқаны” секілді арнаулары бар. Ол Ш.Уәлиханов өмірден қайтқанда көңіл айтып, өлең шығарған (“Уа, Шыңғыс, Зейнепханым көтер басты”). Ол. өз тұсында Жанақ, Балта, Шөже, Тоғжан, Серәліқожа, Арыстанбай, Шортанбай, Сақау, Қожабек, Кемпірбай, Тезекбай, Өтеулі, Дана, Байкөкше, Нұркей, АқанСері, Құлтума, т.б. ақындармен айтысқан. |
|
Жаңа сабақ |
Оқушылар, сендер ақынның кім екенін білесіңдер ме? Ақын өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі. Ал енді сол ақындар өзінің суырып салма өлеңге қаншалықты шешен екендігін көрсету үшін арнайы сөз сайысына, яғни айтысқа қатысқан. Ал, айтыс дегеніміз не, балалар? Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. |
|
Ой толғаныс |
- Балалар біз бүгін қандай тақырыпта жұмыс жүргіздік? Ортақ тапсырма: Айтыс ұйымдастыру. |
|
Үйге тапсырма |
Ақындар айтысы туралы мәліметтер жинақтау |
Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс |
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі