Пән: ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
|
Жаңаөзен қаласы «Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі Қанатбаева Жамила
|
Сабақтың атауы
|
Қамбар батыр (жырынан үзінді)
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
1. Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру.
2. Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру
3. Адал және шыншыл болуға тәрбиелеу.
Caбaқтың мaқcaты: Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Күтiлетiн нәтиже: Тапсырмаларды түсініп тиянақты өз нәтижесінде орындай алады.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
«Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл нұсқасын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев нұсқасы тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды.
|
Мағынаны тану
|
Қамбар батыр жырынан үзінді.
Сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқылады
Ой қозғау:
Енді “Қамбар батыр” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Батыр сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т.б. Қамбар батыр жыры туралы айтып,суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын.
Оқулықпен жұмыс
Ал, балалар, енді кітаптың (27-бетіндегі) “Қамбар батыр” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v,–) жұмыс жүргізіп, сөздік жұмысты жүргізетінімізді ескертемін.
Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын.
-Жыр кімнің атынан баяндалған?
-Жырда қанша кейіпкер бар? т.б. сұрақтар қоямын.
Сөздік жұмысын (—) жүргіземін. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Рольмен оқытамын.
Топта талдау жұмысы, топпен жұмыс стратегиясы бойынша әр үй тобына сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі
• Топпен жұмыс талданып болған соң әр топқа уақыт беріліп, қағаз таратылады. Сонан соң ақ ватманға қорытынды ой жазылады
Түciнy үшiн тaпcыpмa
Дәптеpмен жұмыc
1.Сөздік жұмыс жүргізу
Оқушылар батырлық туралы өз ойларын ортаға салады.
Оқулықтағы тапсымаларды орындау.
|
Ой толғаныс
|
Қамбар батыр – қазақ халқының қаһармандық жыры.
Жырдың 19 нұсқасы белгілі. Қамбар туралы сюжетті (жыр желісін) алғаш жазып алған Л.Мейер оны «Киргизская степь Оренбургского края» (1865) атты журналда бастырған. Бұл Қамбар оқиғасын Сыр бойындағы Алтыасар тарихымен байланыстыратын аңыз үлгісі. Қазан университетінде «Қисса-и Қамбар» (1888), Қазан қаласында «Тоқсан үйлі тобыр» (1903) деген атпен жырдың алғашқы нұсқалары жарияланған.
- 1902 ж. Әбубәкір Диваев жазып алып, 1922 ж. Ташкентте бастырған.
- 30-жылдары Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезовтер жариялап, 1957 ж. жеке жинақ болып шыққан. Қазақ даласының әр түрлі аймақтарынан жазылып алынған жырдың өзіндік ерекшеліктері бар.
«Қамбар батыр» жырының басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. Оқиға Әзімбайдың байлығы мен сұлу қызы – Назымды суреттеуден, 18 жасқа толған Назымның жар іздеген назынан басталады. Назымның ағалары – Қораз, Дораз, Қарымсақ, Қабыршақ – дара мінез иелері. Бұл кезде Қамбар да ер жетіп, елін асырап отырған батыр тұлғасында көрінеді. Эпостағы этникалық мәліметтер оның оқиға суреттелетін кезеңнен кейіндеу туғанын аңғартады. Жырда қазақ халқының тарихи жауы – қалмақ, кейінгі этникалық бірлестік – ноғайлы атауларымен бірге қазақ этнонимі де жиі кездеседі. Қамбардың шыққан тегіне қатысты — уақ, «Ноғайлының Қамбары», Назымның әкесі Әзімбайға келгенде – «12 баулы өзбек» тіркестері қолданылған. Жыр сюжетінің алғаш аңыз түрінде туып, бері келе эпостық үлгіге ауысқаны аңғарылады. Ондағы көптеген ономастикалық атауларға қарап, Әуелбек Қоңыратбаев «Қамбар батыр» сюжетінің кейбір нұсқалары Сыр бойында туған деген тұжырым айтады. Кезінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Н.Смирнова, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, т.б. ғалымдар зерттеп, пікір айтқан.
|
Үйге тапсырма
|
Қамбар батырдың суретін салу, ол туралы мәліметтер жинақтау.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі