Өлең, жыр, ақындар

Команда бойынша. Алгоритм түрлері

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3 А Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Күні:

16.01.2018

Сынып:

 5

Сабақ тақырыбы

Команда бойынша

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 5.3.2.1 – алгоритм анықтамасын тұжырымдау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Алгоритм түрлерін біледі және түрлеріне мысалдар келтіреді

Оқушылардың басым бөлігі: Алгоритм түрлерін ажырата біледі

Кейбір оқушылар: Біліп, үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийлері

  • Алгоритм түрлері туралы біледі

  • Алгоритм түрлерін ажырата алады

  • Алгоритм түрлеріне мысалдар келтіре алады

Тілдік  мақсаттар

Сызықтық, тармақталған, циклдік

Құндылықтарды дарыту

-ынтымақтастық

-шығармалышық   және сын тұрғысынан ойлау

-жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Алгоритм анықтамасын тұжырымдау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

 

 

Оқушылармен амандасу. Good  afternoon children!

How are you? Who is on duty today?  Who is absent? Thank you!

Психологиялық ахуал қалыптастыру «Мен елімді сүйемін»  -  «I  love my country»

Егер сіздің досыңыз болса, көршіңіздің басын  сипаңыз

Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз

Егер сіздің үйіңізде ит болса, көршіңізбен қол алысыңыз

Егер сіз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяқтарыңызды топырлатыңыз

Егер сіз  Отаныңызды жақсы көрсеңіз, алақаныңызды соғыңыз.

Рахмет! Thank  you!

     Топқа бөлу. Стикерлерді таңдау арқылы. Әр стикердің артында  сызықтық, тармақталған, циклдік сөздері болады. Сол сөздер арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді

Үй тапсырмасын пысықтау.

1-тапсырма:

  1. Түсініктілік

  2. Үзіктілік

  3. Жалпылық

  4. Формальдылық

  5. Нәтижелілік



2-тапсырма: Кестені толықтыр

     Стикер, таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы

15 минут  

 

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын миға шабуыл сұрақтары айқындау

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Алгоритмнің үш түрі бар:

  1. Сызықтық алгоритм

  2. Тармақталған алгоритм

  3. Циклдік алгоритм

     Сызықтық алгоритм қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы: Реферат шығару

Басы

Компьютерді қосу

Реферат мәтінін компьютерде теру

Мәтінді түзету

Баспаға жіберу

Соңы.

Тармақталған алгоритм – белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды.

Тармақталу алгоритмде егер – if, онда - then, әйтпесе – else  тірек сөздері қолданылады

Мысалы:Аққаланы жасау

Басы

Егер далада қар жауса,

онда аққала жасаймын,

әйтпесе үйде отырамын

Соңы.

     Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталанатын болса, ондай үдерісті цикл деп атаймыз. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдерді қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады.

Мысалы: Қызыл асықты табу

Басы

Қоржынға қолды салып, қызыл асықты табу

Табылмаса, қайта іздеу

Табылса

Соңы.

  Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру

1-тапсырма. Сәйкестендіру

Сызықтық алгоритм

 

Басы

Егер күн ыстық болса

 онда шомылуга барамын

әйтпесе үйде қаламын

Соңы.

Тармақталған алгоритм

Басы

Үй тапсырмасын орындау

Орындалса қыдыруға бар

Орындалмаса, қайта орында

Соңы.

Циклдік алгоритм

Басы

Жерді қазамын

Көшетті отырғызамын

Су құямын

Күтім жүргіземін

Соңы.

2-тапсырма.

     Берілген суреттерді өсу реті бойынша дәптерлеріңе жазыңдар

     Оқулық, тұсаукесер, таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

10 минут

Сабақты бекіту: «Жұмасақ ойыншық» әдісі арқылы

  1. Алгоритмнің неше түрі бар?

  2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  3. Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

  4. Циклдік алгоритм дегеніміз не?

  5. Сызықтық алгоритмге мысал келтір

  6. Алгоритм дегеніміз не?

 Кері байланыс жүргізу: «Шабадан» әдісі арқылы сабаққа рефлексия жүргізу.  Ашық шабаданға сабақта не түсінгенін және не білгенін стикерге жазып салады,  жабық шабаданға сабақта түсінбегендерін және де әліде оқуды қажет ететіндерін жазып салады.

  

   Ойыншық, шабадан суреттері


Пікірлер (2)

Сапарова Гульбану

керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз