Өлең, жыр, ақындар

Ертегілер еліне саяхат

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің қосымша білім беру орталығы» ММ
«Көңілді балалар» қуыршақ үйірмесі
Тонашина Жазира Куанышевна

Мақсаты: Оқушыларды ертегіні сахналауға үйрете отырып, достық қарым-қатынасты бағалай білуге тәрбиелеу.

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан–ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.

Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер асатына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқа уболған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы, даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар. Ертегілердің үш түрі бар. Олар:
1. Хайуанаттар туралы ертегілер
2. Қиял–ғажайып ертегілер
3. Шыншыл ертегілер

Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер иесі болып суреттеледі де, сол арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, қу мінез құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді. Ал қиял – ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты дәумен, жалмауызбен, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол ғажайып оқиғаларды ақыл, айла – тәсілін асырып, жеңіп отырады.
- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді?
Ертегілер әлеміне барғыларың келе ме?
- Осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі ашық дәрісімізді бастайық.
 «Әсем күлкі»
- Көңіл-күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- Ынталарыңыз қалай?
- Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- О, -о, -о (бас бармағын көтереді)
- Балалар, бүгінгі ашық дәрісімізде ертегілермен танысамыз.
- Балалар, сендерге ертегі ұнайды ма? Сендер ертегі білесіңдер ме?
- Ендеше сендерге жұмбақ жасырайын,мұқият тыңдап отырыңдар.

«Жұмбақтын шешуін тап»

1. Үйін жинап ертемен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты.
Бұл қай ертегі? (мақта қыз бен мысық)

2. Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады.
Бұл қай ертегі? (шалқан)

3. Апасыннан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті.
Бұл қай ертегі? (бауырсақ)

4. Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.
Алып дәуді алдадым ақыры мен,
Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.
Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын. (қаңбақ шал)

5. Кіп-кішкентай ғанамын.
Қысылғанда сөз табамын,
Қырық өтірік пе кедергі,
Жаңылмай айтып беремін. (тазша бала)

6.Жақсылыққа дұшпанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін
Ертегілер ауылын.(мыстан кемпір)

Жарайсыңдар балалар, сендер көп ертегі біледі екенсіңдер.
Біздің балаларымыздың дайындаған ертегісін тамашалауға шақырамыз.
Кел, балалар, келіңдер.
Ертегіге еніңдер.

«Үйшік» ертегісін тамашалаңыздар.

- Ал балалар, енді бәріміз үйшік аңдарымен бірге серігіп алайық.

Сергіту сәті.
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.

- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Қандай кейпкерлерді естеріңде сақтап қалдыңдар?
- Орманда не бар екен?
- Үйшікке бірінші қай аң келді?
- Тышқаннан кейін қандай аң келді?
- Бақадан кейін қандай аң келді?
- Қояннан кейін қандай аң келді?
- Түлкіден кейін қандай аң келді?
- Соңында үйшікке қандай аң келді?
- Аңдар аюға ренжіді ма?
- Иә, балалар аю өте үлкен болғандықтан үйшікті бұзып қойды, бірақ аңдар аюға ренжіген жоқ.

Сергіту сәті:
Көлбең-көлбең көлеңке,
Көлбеңдеген көлеңке.
Аю қайтіп жүреді,
Аю былай жүреді.
Қоян қайтып жүреді,
Қоян былай жүреді
Айлакер біздің қу түлкі
Түлкі қалай жүреді?
Түлкі былай жүреді
Тісі оның ақсиған
Аузы арандай ашылған
Қасқыр қалай ұлиды?
Қасқыр былай ұлиды
Тықырлауық тышқанмын
Мысықтан мен қорқамын
Тышқан қайтып жүреді?
Тышқан былай жүреді

Y. «Адасқан сөздер» ойыны. Берілген іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін сызықтармен көрсет.
Секірді түлкі
Алақ-жұлақ аю
Қорбаңдады қасқыр
Ытқып- ытқып тышқан
Тықырлап қоян
Балалар енді экранға назар аударайық:

Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ. (қоян)

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да аразқыспенен. (Аю)

Үй iшiн аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.   (Тышқан)

Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып
Қандай аң ол алдайтын?   (Түлкi)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Адамға қатты ұқсайды,
Бірақ ол адам емес.
Ұятты, арды ұқпайды,
Сезімі жаман емес. (Маймыл)

Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)

Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен, ұстайды. (Балық)

Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген? (Үкі)

«Суреттерді аяқтайық» суреттер
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек-кезекпен шығып, бірі денесін, бірі басын, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.

«Жунглидағы жаңбыр»

- Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз). Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз). Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі) Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз) Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп, сабақты аяқтаймыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз