Б.Жаникешев атындағы ЖОББМ логопеді Абдолова Индира Қайратқызы
Танымдық сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт»
Мақсаты:
Түзетушілік: Балалардың танымдық қабілетін арттыру,ойлау, зейін шоғырландыру, алмасу қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту; жақсы эмоционалды көңіл-күй сыйлау, әр түрлі ойын тәсілдері арқылы сабаққа қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешімін оқу арқылы, конструтивті праксисті дамыту.
Білімділік: Сөз қорын молайту, сөздегі дыбыс, сөйлемдегі сөз орындарын табу арқылы с.т. грамматикалық жағын қалыптастыру. Қарама-қарсы мәндес сөздерді анықтау, арқылы сөз ьқорын молайту.
Тәрбиелік: Балаларды сыйластыққа, ортада өзін дұрыс ұстауға баулу.
Қажетті құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, шар, сыйлық салынған қобдиша, жұлдыз.
1-бөлім. Сұрақ-жауап
Бүгін сейсенбі, ертең қай күн?
Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгі?
Түнде жарқырап көрінеді?
Мына буынның қайсысы нота?
Фу ну Фа ха
Аң патшасы.....
2-бөлім. Адасқан дауысты: а-дыбысы
БРБН ҒШ ЛМ
ННС ҚЛМ МТ
3-бөлім. Дыбыстар жәрмеңкесі.
Шарларды жарып ішіндегі дыбыстан сөз құрау
4-бөлім. Жұмбақ шеш
Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісіні. (рықсақ)
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (зібәс)
Аяғы бар, басы бар.
Арқалаған тасы бар (ақабсат)
Жазда жатпай қыдырады.
Қыста қыбырсыз тынығады (юа)
Түрлі түспен киінген,
Алып доға иілген (кемпірқосақ)
Ол болмаса ғаламда, тұншығады жан-жануар, адам да. (ауа)
5-бөлім. “Тыңшылар”
1 – тапсырма. Жасырынған сөздерді тап.
2-тапсырма. Сөздерді ретімен қойып, сөйлемді оқы.
6-бөлім. Қарама-қарсы. (Сыйлық алу)
Жеңіл-
Кең –
Ірі –
Алыс –
Таза –
Әдемі -
7-бөлім. Қай ертегі?
- “Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл.”
Қай ертегі?
- “Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!”
Қай ертегі?
- “ Қарлығаш, қарлығаш маған көмектесші?....
- Мен үйленейін деп жатырмын, көмектесе алмаймын”
8. «Жұлдызды сәт»
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі