Өлең, жыр, ақындар

Әдеп және әдептілік

Оңтүстік Қазақстан облысы
Білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» комуналдық
мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі Жунисова Гулмира Таубаевна

Әдептілік ар ұят

Адамдықтың белгісі...

деп айтқандай әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең.

«Әдеп» - қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этникалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы,жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті , әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп түрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.

Әдептілік - адам бойында бірден бола қалмайды. Ол бірнеше жылдардың, қоршаған ортаның, үйдегі жақсы тәрбие жемісі. Негізі әдептілік сәлемнен басталады.

Сәлемдесу - ізеттіліктің белгісі. Ал ізеттіліктен туатын қағида-әдептілік. Ол адамдар бір-біріне мейірімді екендігін білдіреді.

Ата-ана өз балалары үшін, тәртіптілік, ынтымақтастық, адалдық пен адамгершіліктің үлгісі болып табылады. Отбасының тірегі әке мен ана, ал қос шынары атасы мен әжесі. Сондықтан да, осы кісілердің әрбір ісі бала үшін өнеге, өсиет болуы қажет.

Ізеттілік пен сыпайылық, әдептілік,әдемілік бәрін адам отбасынан алса алады. Әр бала отбасын сыйлауы ол адамгершілік қасиет. Әке-шешеге ешқащан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-ананы ренжітпеу - әр баланың өмір бойғы парызы яғни міндетісіне отбасыдағы тәрбие құдіреті осы.

Жақсы жаман болу міндет емес,

Жақсы адам болу борыш.

Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет. Әбу Насыр Әль-Фараби былай деген екен.«Әдептілік - әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы.»

Жақсы әдет, жақсылық жасау бұл қай жерде болмасын - өнеге, өсиет. Мысалы: Мен қандай болуым керек? Адал, мейірімді, кеңпейіл, еңбекқор, сөзінде тұратын, иманды,нағыз адамшыл қасиетті жан болу. Сондықтанда, біз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап, жаман әдетті жоюымыз керек.

Адамның басшысы - ақыл, жетекшісі - талап, қорғаны - сабыр, жолдасы - кәсіп, қорғайтын қорғаушысы - мінез, бәрін тәртіпке реттейтін-әдептілік. Біздің халқымыз әрәркезде де, нақыл сөзді «қазынам», өнегені «өрісім» деп таныған. Өйткені мағынасы, мәні бәрі өмірден алынған. Сонымен, өз ниетің түзу болса, жылы сөз айтсаң, біреуге жақсылық жасасаң қайтып келеді. Бір әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, өзіміз де сондай жақсы сөздер естіп жүрейік. Адам әрдайымда бет сүлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі.

Ата-анаға керегі бір-ақ нәрсе, айтқызбаса болғаны «әдепсіз» деп. Жақсы жүрген жерде қыдыр болады, Жақсылыққа аңғаратын жолыңды. Әдеп пен әдептілікті әрдайым сақтап жүрейік, ағайын!

Қолданылған әдебиеттер:

1. Сыныптағы тәрбие журналы.

2. Өзін-өзі тану оқулығы.


Пікірлер (2)

Сара Камбарова

өте-өте зор

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар