Өлең, жыр, ақындар

Ақпараттық технология мамандары

Чажаева Айжан Сағымжанқызы
Өскемен қаласы әкімдігінің «№39 орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 Пәні: Қазақ тілі             Мерзімі:                             Сыныбы: 9                  Мұғалімі: Чажаева А. С.

Сабақ тақырыбы:

Ақпараттық технология мамандары.

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Тілдесім әрекетінің негізінде оқушыларды ақпараттық технология мамандары жайлы ақпарат беруге үйрету. Лексикалық тақырып аясында қаратпа сөздерге арналған тапсырмалар  беру арқылы ОЖСБ ға дайындау

Тілдік қатынас барысында тілдік үлгілерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту.

Тілдесім әрекетіне құрылған мәтіндер негізінде оқушылардың ақпараттық технологияларға деген қызығушылығын арттыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыптың аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы ақпараттық технологиялар жайлы айтады, оның келешегі жайлы ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ақпараттық технологиялар түрлерін атайды, қызметтерін сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен сипаттама мәтін құрайды, үлгілер арқылы тілдесімге келеді.

Негізгі түсініктер:

Заманауи технологиялар, ақпараттық жүйе, ақпараттық есептеу техникасы, таныс/бейтаныс құбылыстар, озық тәжірибелер, көзді ашып-жұмғанша.

Сабақта қолданылатын материалдар:

слайдтар, парақшалар, бейнеролик.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тест жұмысы

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді.

Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың таұырыбы мен мақсатын анықтау.

Тақтаға әріптері  шашыраңқы сөздер жазылады.  ҚАПРАТА (АҚПАРАТ),    ЯЕХОНЛОГИТ  (ТЕХНОЛОГИЯ)

Оқушылар сөзді табу арқылы сабақтың тақырыбын ашады

І. Қызығушылықты

ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа қызықтыру

мақсатында интерактивті тақтадан ақпараттық технологияларға қатысты бейнеролик көрсетеді. Сипаттап берулерін сұрайды.

Бейнероликті сипаттайды.

 Класстер құрады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс.

Мұғалім тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді

тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

2. Тыңдалым. Мәтінмен жұмыс.

А).Мәтінді тыңдатады, тест сұрақтарын таратады.            

Тыңдайды. Мәтін бойынша тестті шешеді.

  • бірін тақтада көрсетілген

дұрыс жауаппен тексереді.

      Бас бармақ әдісі бойынша бағалайды.

Сергіту сәті: дене қимылдарын жасау.

Аты аталған оқушылар орындарынан тұрып дене қимылдарын жасайды.

3. Грамматика. қаратпа сөздерді (обращение) меңгертеді

қаратпа сөздерді меңгереді.

 

4. Грамматикалық тапсырма:

Жазылым. 6-тапсырма. Мәтіннен сөздерді қатыстыра отырып 3 маңызды ақпараттарды қаратпа жазу.

Жазылым. 6-тапсырманы орындайды. Оқиды.

 

ІІІ. Ойтолғаныс

Тілдесім «Қорапша» ойынын ұйымдастырады.

Қораптан тақырыпқа қатысты сұрақ

алады, жауап береді.

Үлгерімі төмен оқушылар берілген сөздерге  фонетикалық талдау жасайды.

ІV. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

V. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.

VI. Рефлексия

Оқышыларға парақша таратылады.

Естерінде қалған ақпараттарды жазады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз