Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Састобе пөселкесі
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Нураханова Камшат Меирхановна
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім саласы: «Коммуникация»
Кіріктірілген білім саласы: «Шығармашылық»
Білім бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Кіріктірілген оқу қызметі: «Аппликация», «Мүсіндеу», «Сурет».
Мақсаттары: Үй жануарлары туралы түсінік беру сөздік қорын байыту, тіл байлығын дамыту.
Дамытушылық: Жануарлардың төлдерігн ажырата білуге және сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл-ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Үй жануарларын күтіп баптауға, сүйіспеншілікке, қамқор болуға баулу.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: Жайлаудың суреті, үлестірмелі суреттер. (үй жануарлар мен төлдер)
Оқу қызметінің түрлері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Ұйымдастыру. Сезімін ояту. |
- Балалар, бүгін біз үшін ерекеше күн, өйткені бізге қонақтар келіпті. - Алдыменен біз келген қонақтармен амандасып алайықшы. «Амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»- дегендей: Қайырлы таң-көк аспан, Қайырлы таң- алтын күн, Қайырлы таң – жер ана, Қайырлы таң –апайлар, Қайырлы таң –достарым. - Балалар, ауа райы қандай болып тұр? - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? |
Балалар өлең жолдарын айтып қонақтармен сәлемдеседі.
- көктем - күн жылынады - жер көгереді, құстар келеді, жаңбыр жауады, малдар өріске шығады |
Ұйымдастыру-ізденістік
Рефлекивтік түзетушілік |
Балалардың назарын жайлау көрінісіне аударамын. - Балалар, мынау жайлаудың суреті. Жайлауда малдар жайылып жүр. - Мыналар қандай жануарлар? - Өткен оқу қызметімізде үй жануарларын және олардың дыбысталуын өткен болатынбыз. - Енді бүгін үй жануарларының төлдерімен танысамыз. - Үй жануарларының балаларын, яғни жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйенің балаларын – төлдер деп атаймыз. - Жалпы бұлардың атауларын төрт түлік малдар деп айтамыз. Қазақ төрт түлік малды құрметтеген. Төлдерді суреттен көрсетемін: - Сиырдың төлі-бұзау, қойдың төлі-құлын, түйенің төлі-бота, ешкінің төлі-лақ. - Балалар, бұлардың барлығы үй жануарлары. - Ал, ит үй жануарларына жатады ма? - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ит үй жануарларына жатады, өйткені, ит адамның досы деп те айтылған. - Балалар, біз үй жануарлары және таныстық. Енді балалар сергіту жаттығуын жасайықшы. Сергіту сәті: Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың. Томпиып тұр бүйірің Қай өрістен тойдың. - жарайсыңдар, балалар. Осы сәтте есік қағылып, ішке Бақташы ата кірді. Бақташы ата: Амансыңдарма балалар, ғафу етіңдер. Жайлауда малбағып жүріп, төлдеріден адасып қадым. Маған дауысын салып берсеңдер табуыма оңай болар еді. Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз. Бүгін ұйымдастырылған оқу қызметінде үй жануарлары туралы айтып жатыр едік. Біз дауысында салып беруге дайынбыз. Бақташы ата: Жарайды балалар, ендеше сендер төлдердің дыбысын салып, дауысын ажыратыңдаршы? Тәрбиеші: балалар қой қалай дыбыстайды? - Түйе қалай дыбыстайды? - Жылқы қалай дыбыстайды? - Сиыр қалай дыбыстайды? Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ата сіз жоғалтқан малдарыңыздың дауысына ұқсайды ма екен? Бақташы ата: Жарайсыңдар балалар! Балалар, менің жайып жүрген малдарымның суретін салып бере аласыңдар ма, мен қартайдым ұмытып қала беремін. Тәрбиеші: Балалар, атайға еске түсіруге көмектесеміз бе? Бақташы ата: -онда менің сиырымның суретін салып беріңдерші? - Енді менің қойымның суретін салып беріңдерші? Атай таң қалады мынау тура менің сиырым, қойымнан аумайды деп. Не деген тапқыр балалар екенсіңдер, мен риза болып тұрмын. - Енді сендер маған құрт жасап беріңдерші. Әжелерің сүзбе беріп жіберген еді. Мен оны құрт жасайын деп едім, малдарды жоғалтып жасай алмадым. Тәрбиеші: Атай біз құртты да жасап береміз. Біздің балаларымыз өте ақылды, пысық балалар. Бақташы атай: Жарайсыңдар балалар, малдарымның суреттерін салып бердіңдер және жасай алмаған құртты да жасап бердіңдер. Сендерге көп-көп рақметімді айтып, сыйлығымды тапсырып кетейін-деп сыйлықтарын береді. Балалар, сендердің күнделікті балабақшада жейтін ботқаларыңа сүтті, ішетін айрандарыңды жіберіп тұрамын. Сау болыңдар мен қайтайын. Сау болыңдар! Тәрбиеші: Рақмет, бақташы атай, сіз келіп қуанты, көңілімізді көтеріп кеттіңіз. Сау болыңыз! «Төлін тап» ойынын ойнайықшы. Мақсаты: төлдерін анасының қасына қойып, ажырата білу. Ойынның шарты: Мына жақта үй жануарлары тұр, ал соған қарама-қарсы жақта төлдері бар. Төлдерін алып әрқайсысын өз аналарының жанынан қою керек. - жарайсыңдар балалар, ойынды жақсы ойнадыңдар. Сендерге бүгінгі ашық оқу қызметі ұнады ма? - Жарайсыңдар. Енді ашық оқу қызметін қорытындылайық. - Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады? - Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз? - Адамдарға қандай пайдасын бар? |
Үй жануарлары
Балалар төлдермен танысқандарына қуанады.
Төлдердің аттарын білуге, ажыратуға тырысады.
Ит – үйжануарына жатады. Себебі, үйді күзетеді, адамға көмектеседі.
Балалар бірге қайталайды.
-иә, көмектесеміз
Мә-мә-мә Бө-бө-бө Ихо-ихо Мә-мә-мә
Балалар бірге қайталайды, қимыл-қозғалыс жасайды.
Иә
Салып береміз ата. Көмектесеміз Сурет бояйды.
Жүн, мақта жасалады. Бақташы атайға құрт жасап береді..
Атайға балалар қуана қарады. Сау болыңыз!
Иә, ұнады...
қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі. Қозы, құлын, лақ, бұзау. Етін жейміз, сүтін ішеміз, терісінен асқ киім жасайды, жүннен шұлық, киімдер тоқып киеміз. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларының төлдері;
Игереді: үй жануарлары төлдерін бір-бірінен ажырата білу дағдысы;
Меңгереді: төлдер туралы жалпы түсінік қалыптасады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі