Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Састобе пөселкесі
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Спорт нұсқаушысы: Шимирбаева Гульжамила Исакызы
Мақсаты: Салауатты өмір салтының негізін құра отырып, отбасы мен мектепке дейінгі балалар мекемесінің бірлескен іс-әрекетінің міндетін айқындау, бала үшін ұйымдастырылған жұмыстың бала мүмкіндігін көрсете білуіне жәрдемдесу, ата-ана мен бала арасындағы спорт мәдениетін қалыптастыра отырып, отбасылық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шығыршықтар, доптар, кедергілер, хоп доптары, пирамидалар, гимнастикалық орындық, арнайы аяқкиімдер,секіртпе.
Өтілетін орын: Спорт алаңы
I Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен балалар және тәрбиешілер! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
«Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің балабақшамыздың балалары мен ата-аналарымыздың арасында өткелі тұр. Сайысымыздың ашылу салтанатын «Айналайын» тобының қыздарының орындауындағы көркем гимнастиканы қабыл алыңыздар! «Ақ көгершін» - әніне көркем гимнастика.
II. Негізгі бөлім:
Жүргізуші:
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда,-демекші «Толағай» отбасылық сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырамыз: «Шымыр» тобын қарсы алыңыздар, ортада «Ынтымақ» тобы, «Бірлік» тобын қарсы алыңыздар.
Музыка «Толағай» әнімен қатысушылар зал ішіне кіреді.
Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Спорттық сайысымыз әр кезең сайынын 3, 4, 5 баллдық жүйемен бағаланады .
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Музыка «Толағай» әні.
Сайысты бастамас бұрын бағдарламамен таныстырып өтейін.
1-тапсырма «Таныстыру»
2-тапсырма «Аңдардың апаны»
3-тапсырма «Кім жылдам»
4- тапсырма «Түсіріп алма»
5-тапсырма «Алыпт күш»
6-тапсырма « Тату отбасы»
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысатын
Үлгіліде, өнегелі, жылдам, шапшаң
Отбасылар мен танысамыз.
1-тапсырма «Таныстыру»
«Қыран»- Абдазимовтар отбасы тобы..
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, спортты сүйер өренбіз.
«Парасат»- Төлегеновтер отбасы тобы.
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
«Қайрат» -
Топтың ұраны: Салауатты өмір салтын сақтаймыз, жаттығудан ешқашан қашпаймыз.
Жүргізуші: Ойнайықта, ойнайық та ойлайық
Қатардан артта қалып қоймайық
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-текке жоймайық.
Ойнайық,ойнайық та ойлайық,
Күшімізді көрсетейік,сынайық-деп сайысымыздың бірінші турын бастаймыз.
Сәтті сапар, бастаймыз!
Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік етебіл,
Жақсы азамат боласың-деп сайысымыздың екінші турын бастаймыз.
2-тапсырма «Аңдардың апаны»
Шарты: Арнайы аяқ киімді киіп кішкентай допты кедергіден өтіп, қақпаға дәлдеп соғу.
Әділ қазылар сайысты бағалап,ұпай санын жариалайды.
Спорт –біздің досымыз,
Күш қайрат сыналған
Спорт-біздің досымыз
Бала кезден шыңдалған-деп сайысымыздың үшінші турын бастаймыз.
3-тапсырма «Кім жылдам»
Шарты: Секіртпемен жүгіріп орта жолда шығыршық ішіндегі допты алмастырып, межені айналып қайтарда допты қойып, секіртпемен жүгіріп келу.
Әділ қазылар сайысты бағалап, ұпай санын жариалайды.
Жүргізуші:
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген
Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген-деп сайысымыздың төртінші турын бастаймыз:
4-тапсырма «Түсіріп алма»
Шарты: Жұмыртқа салынған қасықты гимнастикалық орындық үстімен әкелері алға кеуде түспен жылжи сырғып аналары төрт тағандап еңбектеп, балалары отырып жылжып, жұмыртқаны аузына қысып ұстап межеге жету.
Әділ қазылар сайысты бағалап, ұпай санын жариалайды.
Жүргізуші:
Денсаулық - ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық-ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық-ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай-деп сайысымыздың бесінші турын бастаймыз.
5-тапсырма «Алып күш»
Шарты: Әкелері балаларын желке тұсқа отырғызып, ал аналары балаларын арқа түсқа отырғызып кедергілер арқылы жүгіріп өту.
Әділ қазылар сайысты бағалап, ұпай санын жариалайды.
Жүргізуші: Жүйрік болса кім,
Күлімдейді күн.
Жарыста жүгір,алға ұш,
Қане сапқа тұр.
Допты дәлдеп ұр,
Оң жақтан да,сол жақтан да
Бізде бар мол күш-деп сайысымыздың алтыншы турымызды бастаймыз.
6-тапсырма «Тату отбасы»
Шарты: Ата–анасы хоп добымен балалары тізе арасына допты қысып кедергілерден өтіп тақтадағы суретті аяқтау керек.
Әділ қазылар сайысты бағалап,ұпай санын жариалайды.
Жүргізуші: Денсаулықтың маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат күлкіні жамылып.
Той-думанда да,кездесу мен жиын да,
Өтеді әр кез Салауаттытың бағында-деп сайысымыздың жетінші турын бастаймыз.
III Қорытынды: Әділ қазылар алқасы ақылдасып,бір шешімге келгенше, ортада сайысқа қатысушылармен флешмоб.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.
Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Уа, халқымназараударденсаулыққа!
Өмірдебақыттысыңденіңсау да.
Денсаулықтереңбақытденгенсөзді,
Құрайтпағанұлы Абай данамыз да демекші сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.
Құрметті қонақтар бүгінгі сайысқа алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілейміз.Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі