Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылы
"Қызғалдақ" мектепке дейінгі бөбекжайы
Тәрбиеші: Кусанова Роза Сагинтаевна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Кіріктірілген білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу
Тақырыбы: «Ыдыстар», «Қызыл кесе»
Мақсаты: Балаларды ыдыс түрлерімен таныстыру. Ыдыстардың атын дұрыс айтуға және ажырата білуге үйрету.
Балаларды кесенің сыртын тәрбиешінің үлгісі бойынша саусақ әдісі арқылы әдемілеп безендіруге үйрету. Гуашпен жұмыс істеу машығын жетілдіру. Қолдарының ұсақ бұлшық еттерін, аңғарымпаздықты дамыту.
Дамытушылығы: Сөздік қорларын молайту, қойылған сұрақтарға жауап беру, сөйлеу дағдысын дамыту.
Білімділігі: Ыдыстар туралы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелілігі: Балаларды ұқыптылыққа, ыждағаттылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:
1. Шаттық шеңбері
2. Ғажайып сәт
3. Бір айналым сөйлесу
4. Ақпараттық технология ыдыстар және олардың түрлері (Слайд)
5. Дидактикалық ойын: «Түстеріне қарай топтастыр»
6. Сергіту сәті
7. (Кесенің суретін безендіру)
8. Өлең жолдарын айта отырып дастархан жаю
9. Қорытындылау, мадақтау
Көрнекілігі: Ыдыстардың суреті, үлестірмелі материалдар, бейне таспа, аудио таспа
Керекті құралдар: Гуаш, дайын үлгі, дымқыл шүберек
Ұйымдастырылуы.
1. Шаттық шеңбері.
Үлкен шеңбер құрайық
Алақанды созайық
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық
Жүрекке жылу сыйлайық.
- Жарайсыңдар балалар.Енді орынымзға отырайық.
2. Ғажайып сәт.
Есік қағады.
- Балалар бізге кім келді?
- Қуыршақ Әсем келді.
- Сәлеметсіздерме, балалар?
- Маған қонақтар келетін еді, дастархан жайуым керек, соған сендерден көмек сұрай келдім. Дастархан жаю үшін ыдыстар керек дейді, бірақ танымаймын. Маған көмектесесіңдер ме?
- Балалар көмектесеміз бе?
- Әрине көмектесеміз, ендеше бізбен бірге отырып таныссын.
3. Слайд арқылы Балалар тақтаға назар аударып көрейікші.
- Балалар біз ненің суретін көріп тұрмыз.
- Мынау кесе, стақан, шәйнек, таба, тарелка, қасық, шанышқы, кастрюль.
- Балалар бұлардың бәрін бір сөзбен ыдыстар деп атаймыз. Ыдыстар әртүрлі заттардан жасалады. Олар шыныдан, пластмасадан, ағаштан жасалады. Тамақ ішкенде абай болу керек. Себебі құлап кетсе ыдыстар сынып қалады.
Балалардан жеке-жеке сұрау.
4. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
- Балалар мен сендерге тапсырма беремін, алдарыңдағы суреттегі ыдыстарды түстеріне байланысты қойып шығамыз.(Сұрақ жауап арқылы әңгімелету)
- Балалар Әсем ыдыс түрлерімен танысты. Балалар біз келген қуыршақ
Әсемге шай құйып ішетін кесе сыйлайық?
5.Сергіту жаттығуы.
Қолға кесе аламыз
Кесеге шай құямыз.
Шәй ыстық фу-фу деп үрлейміз.
Шәйден барлығымыз ішейік. (2-3 рет)
Балалар алдымыздағы дайын тұрған кесені безендіреміз.
Ол үшін бірінші балан үйрек саусағымызды бояуға батырып дөңгелек пішіндермен безендіреміз.
Балалардың жұмысын бақылау. Қиналған балаларға көмектесу.
Болғандары суреттерін кір жаятын жіпке ілу.
Қуыршақ Әсемге дастархан жаюға көмектесеміз.
- Дастарқанды жаямыз
- Ыдыстарды қоямыз
- Тағамдарды әкеліп
- Дастарқанға қоямыз.
6. Қорытынды.
- Балалар бүгінгі оқу қызметінде бізге қонаққа кім келді?
- Балалар немен таныстық?
- Балалар біз Әсемге не сыйладық?
Күтілетін нәтиже: Балалардың тіл байлығы сөздік қоры дамыды.
Ыдыстарды және олардың атын ,атқаратын қызметін, қонақтарды қарсы алуды білді.
Суретті саусақпен салуды, безендіруді меңгерді.
Қызғалдақ
Балаларға өте оңай ,ей тәтті балалар.☺
Қызғалдақ
Балалар мен сендерге тапсырма беремін.қос сөздері бар сөйлем құраңдар