Тақырыбы:Жолда абайла
Мақсаты: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
Білімділігі: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
Дамытушылығы: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу
Тәрбиелілігі: Жолда жүру ережелерімен таныстыру.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру Сезімді ояту. |
Шаттық шеңбері Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз, Қайырлы таң, балалар! Балалармен ойын ойнаймын. Сөздік ойыны: «Үш затты ата». бір сөзді айтып, мысалы, «Жиһаз» – допты бір балаға лақтырады. Допты алған бала үш сөз айтып, допты қайтарады. Жиһазға қандай заттар жататынын айтады. Мысалы: – Үстел, орындық, төсек. – «Гүлдер» – допты келесі балаға лақтырады. – Түймедақ, райхан, қызғалдақ. – «Көлік» – допты келесі балаға лақтырады. – Жүк көлігі, автобус, трамвай т.б. Жұмбақ шешейік: Ұзын-ұзын, ұзын жіп, Ұшы қайдан табылар? (Жол) Бір жолда екеуі жарысады, Бір-бірінен оза алмай алысады. (Теміржол) |
Барі бірге қайталайды.
Ойын ойнайды.
Жұмбақ шешу |
Негізгі бөлім |
Жұмбақты шешкеннен кейін бүгінгі сабақта не туралы сөз болатынын болжауды ұсынамын. Талқылау қорытындысында барлығы әңгіме жол туралы болады деген пікірге келеді. - Балалар, сендер қандай жол түрлерін білесіңдер? Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Жол түрлерін есте сақта. Сен қандай жолдармен жүресің? Қандай жолмен саяхатқа шығуға болады? Суреттегі әрбір жолдың неге арналғанын айтып бер. Ойын: «Сөйлемді аяқта». Жол адамдарға ... үшін қажет. Жолдар әртүрлі болады: ... . Көшенің арғы бетіне өтерде өте сақ болған жөн. Көшеде жүру тәртібін сақтамау тәрбиесіздіктің белгісі. Сен өзіңе қауіп келтіріп қана қоймай, басқаларға да кедергі келтіресің. Көшеде жүру тәртібін бұзасың. Балалар олардың жолды қауіпсіз кесіп өтуіне көмектесетін бағдаршаммен таныс екенін ескерту. Жұмбақ шешейік: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл. Егер оны білмесең, Тартар жолың бұлыңғыр. (Жол белгілері) Жол белгілерін интерактивті тақтадан көрсету: Ақпараттық-көрсеткіштік белгілер Ескерту белгілері Тыйым салатын белгілер Сервис белгілері Басымдылық белгілері Жол таңбалары Сергіту жаттығуы: Көлік кетіп барады, Жан-жағына қарады. Бағдаршамда қызыл жанғанда, Көлік тоқтай қалады. Әліппе-дәптермен жұмыс: 2-тапсырма. Жол белгілері не үшін қажет? Бұл белгілер нені білдіреді? Сұрақтарға жауап береміз: – Суреттегі қала көшесінен қандай көлік түрлерін көрдің? – Тағы қандай көлік түрлері болады? – Суретке сәйкес жол белгісінің суретін сал. – Жиекжол деген не? |
Әңгімелейді.
Жұмбақ шешу
|
Қорытынды. |
Қорытынды жасаймын. Балаларды марапаттау. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан мәшинені түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. |
Түрлі түсті карандашпен бояу |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі