Өлең, жыр, ақындар

Көліктер және оның түрлері

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Елтай ауылы
"Қ.Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ
Мектепалды даярлық тобының мұғалімі Ақтаева Жаңылхан Тауфихқызы

Сабақ: Сөйлеуді дамыту.
Сабақтың тақырыбы: Көліктер және оның түрлері.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты: Көліктер туралы білім беру. Көліктер туралы түсінігін кеңейту. Темір жол көлігі, әуе көлігі, су көлігі,жол көліктері туралы білімдерін тиянақтау, түсінігін қалыптастыру.
Білімділі мақсаты: Машина, пойыз,ұшақ,кеме жайлы білімдерін одан әрі дамыту. Оларға еңбек ететін мамандықтар туралы түсіндіру. Жүргізушінің еңбегі, кондуктор, машинисттің, жолсерігінің, ұшқыш, бортинженер, стюардесса, капитан, боц-ман, матростардың қызметтері туралы түсіндіру.
Тәрбиелі мақсаты: Жолда жүру ережесін сақтауға, мейірімділікке, ұқыптылыққа, достыққа, көлік мамандарының еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Ой-қиялын дамыту,шығармашылық белсенділігін арттыру, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру.
Керекті құралдар: суреттер, ойыншықтар.
Сөздіктер: машинист, бортинженер, стюардесса, боцман, матрос, капитан, кондуктор.
Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.
 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар барлығымыз бүгінгі сабаққа белсене жақсы қатысу үшін, «Тілек шеңберіне» тұрайық.Қол ұстасып бір- біріне тілек айтады.(сәттілік,мейірімділік,ізгілік,білімділік) тыныштық сақтап орындарына отыру.

Балалар бүгін мен сендерді үш топқа бөлемін, қай топ сабаққа қалай қатысады, топ үшін қойылатын сұраққа қалай жауап береді, кімнің білімі қандай екенін тексеремін.
1-ші топ «Күн»
2-ші топ «Ай»
3-ші топ «Жұлдыз»
Әр топтың тәртібін, білімін, қызығушылығын көремін.
Балалар мен бүгін сабағымды жұмбақ жасырудан бастаймын, тәртіпті сақтап, дұрыс жауап береміз.
- Күн тобына жасырамын.
Тізбектелген көк үйлер
Көшіп жүрген көп үйлер (пойыз)

- Ай тобына
Суда жайраңдайды
Жағада қайраңдайды (қайық)

- Жұлдыз тобына
Құс сияқты құс емес,самғап ұшқан биіке.
Қақпайды бір қанатын, жүрсе де тым биікте. (ұшақ)

- Иә дұрыс барлықтарың жұмбақтың жауабын шештіңдер.
Сонымен балалар біз бүгінгі сабақта жұмбақ шешу арқылы көлік түрлерімен таныстық және білдік. Сендерге сұрақ қоямын, мұқият тыңдап, дұрыс жауап беріңдер. Дұрыс жауап берген топқа ойыншық беремін, сабақ соңында нәтижесін білетін боламыз.

Көліктер неше түрге бөлінеді? Жауап. 4-ке бөлінеді.
1) Жолда жүретін көлік (машина, автобус, мотоцикл, трактор, велосипед, жедел жәрдем)
2) Су көліктері (қайық, кеме, параход)
3) Әуе көліктері (ұшақ, тікұшақ, зымыран)
4) Теміржол көліктері (пойыз, паравоз,)
- Дұрыс. Енді осы көліктер қалай жүреді?
Машина қалай жүреді? - Жолда зулайды.
Қайық қалай жүреді? - Суда жүзеді.
Ұшақ қайтеді? - Зымырайды, самғайды.
Пойыз қайтеді? - Жүйткиді.
Автобуста қызмет ететін адамдарды кім деп атайды? (Жүргізуші, кондуктор)
Кеме қызметкерлері кімдер? (Капитан, матрос, боцман)
Ұшақ қызметкерлері кімдер? (ұшқыш, стюардесса, бортинженер)
Пойыздағы қызметкерлер кімдер? (машинист, жолсерік)
- Дұрыс.

Ал ендеше балалар осындай көліктерде қызмет ету үшін алдымен қандай болуымыз керек? Не керек? Әрине білім керек екен. Сондықтан біз мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап білімге деген ынта-жігеріміз арта түсуі керек. Сонда біз өз еліміздің мақтанышы боламыз.

Қазір мен сендерге осы өзіміздің ауылымыздың баласын таныстырамын. Бұл ағаларыңның аты Аслан Аңсағанұлы.
Мен сендерге әуе көліктеріндегі қызметкерлерді атап бердім. Ендеше осы ағаларың ұшақта бортинженер қызметін атқарады. Ол да сендер сияқты осы мектепте оқып, осы сендер отырған партада отырып білім алған. Ол ағаларың бүкіл ауылымыздың мақтанышы, мектебіміздің қуанышы.

Мүмкін сендерде жақсы оқып, білім алсаңдар сендерде ұшқыш, машинист, капитан, стюардесса боласыңдар.
Ал енді балалар біз сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:
Қанаттарды жазайық, ұшақтарға ұқсайық
Биіктерге самғайық, әуежайға қонайық.

Ал балалар біз көліктер және көлік қызметкерлері туралы білдік, қазір тақтаға үш топтан үш оқушы шығып сөз жазады.(қайық, матрос, пойыз) Кім жылдам және қатесіз жазуын қадағалау.
Суреттер бойынша әңгімелеу.
Балалардың әңгіме құрауын тыңдау.
«Автобуста» әңгімесін оқу.
Автобус жол жүру кезінде неге бағынады? Бағдаршамға.
Мен сендерге «Бағдаршам» өлеңін оқып беремін.
Ал балалар сендер осы бағдаршамның суретін салып, әдемілеп, сыртына шығармай бояйсыңдар. Бізге Фотосуретші апай қонаққа келіп, сендердің суреттеріңді түсіреді.
Балалар біз сабағымызды өзіміз жаттап үйренген «пойыз» әнін айтып қорытындылайық.
Барлық бала ортаға шығып, музыканттың көмегімен орындайды.
Сабақтың соңы: Біз не білдік? Не үйрендік?
Көліктің әр түрлі болатынын, олардың барлығы адамдарға қызмет ететінін, көлік үшін не қажет екенін білдік.
Жақсы оқып, білім алса ұшқыш, капитан болуға болатынын үйрендік.
Сабаққа жақсы қатысқан, дұрыс жауап берген баланы мадақтау, бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз