Өлең, жыр, ақындар

Ғарышқа сапар

Жамбыл облысы Шу ауданы
Белбасар ауылы «Балдырған»
балалар бақшасының тәрбиешісі
Қошаева Айдана Дайрабекқызы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылғын оқу қызметі: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Ғарышқа сапар»

Мақсаты: Адамдардың ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапарлары туралы түсінік бере отырып, қазақтың тұңғыш ғарышкерлерімен таныстыру. Таным белсенділігін дамыту. Құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Билингвизмдік компонент: зымыран-ракета, ұшақ-самолет, тікұшақ-вертолет, құс-птица.

Көрнекілігі: Ғарыш әлемі тақырыбындағы бүктеме, суреттер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Амандасу:
Қайырлы таң  ормандар мен далалар!
Қайырлы таң достасқан бар балалар!
Қайырлы таң біздің балабақшамыз!
Қайырлы таң қонақтар!

-  Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-  Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-  Көктем айларын білесіңдер ме?

-  Осы ай қалай деп аталады?

-  Жарайсыңдар балалар!

-  Бұл сәуір айында  үлкен мереке бар. Ол Ғарышкерлер күні.
Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде көптеген ғалам бар. Ал, біздер жер бетінде өмір сүреміз.

Суретпен жұмыс:
-  Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

Билингвизмдік компонент: Ұшақ-самолет, зымыран-ракета, тікұшақ-вертолет, құс-птица.
-  Ғарышқа тұңғыш ұшқан ағаларымыз Юрий Гагарин, Тоқтар Әубакиров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айынбетов. Ғарышқа зымыранмен ұшқан бұл кісілер біздің мақтанышымыз.
Бүктемемен жұмыс
-  Мынау аспан әлемі. Аспанда нелер болады? Сендер ғарышкерлер туралы тақпақ білесіңдер ме?

  Аспан-аспан арайым,
  Саған жиі қараймын.
  Сені көзбен шоламын
  Мен ғарышкер боламын.

Батыр болам
Көк аспанды сүйемін.
Жұлдыздарға барып -
Келіп  жүремін.

-  Балалар сендер ғарышқа ұшқыларың келеді ме? Ендеше мына зымыранға отырайық. Кәне ұшуға дайындаламыз  3.2.1ал ұшып барамыз, барамыз.

-  Міне  аспан әлеміне де келіп  жеттік. Иә, балалар бұл роботтар ғаламшарлары екен.
Робот келеді: Сәлеметсіңдер ме! Сендер қай ғаламнан келдіңдер? Мен осы ғаламда өмір сүремін. Маған  тамақ, су, ештеңе керек емес. Мен осы жерде жұмыс істеймін. Менің  жұмыстарым көп, сол себепті мен кетейін.
-  Ал, балалар  біздің де  кететін        
 уақытымыз болды. Осы көргендерімізді жер бетіндегі адамдарға айтып берейік. Кәне,  ұшамыз. 3.2.1 кеттік.

-  Балалар біз қайда барып келдік? Не жайында әңгімелестік? Кімдер  туралы білдік? Сендерге не ұнады?

Дидактикалық ойын: «Күн мен түн».
Шарты: Берілген суреттерге тиісті белгілерді қоямыз.
- Олай болса балалар зымыранды бірге құрастырайық.

Шаттық шеңберін жасайды.

Көктем

Күн жылынады, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік атады.

Иә. Наурыз, сәуір, мамыр.

Сәуір

Ұшақ, зымыран, тікұшақ

Қайталайды

Күн, ай,  жұлдыз,бұлт

Иә.

Шұғыла

Нұрдәулет

Иә. Ұшқымыз келеді

3.2.1 ұштық

Аспанды тамашалайды.

Салеметсіз бе! Біз Жер ғаламынан келдік.

Сау болыңыз!

Топқа оралады.

Ғарышкерлер туралы білдік. Юрий  Гагарин, Тоқтар Әубакиров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айынбетов туралы. Аспан әлеміне барғанымыз.

Ойынды ойнайды

Бірге құрастырады

 

 

Шаттық шеңберін жасайды.

 

Көктем
Күн жылынады, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік атады.
Иә. Наурыз, сәуір, мамыр.

Сәуір

 

 

 

 

 


Ұшақ, зымыран, тікұшақ


Қайталайды

 

 

 


Күн, ай, жұлдыз,бұлт
Иә.


Шұғыла

 

Нұрдәулет

 

 

Иә. Ұшқымыз келеді


3.2.1 ұштық

Аспанды тамашалайды.


Салеметсіз бе! Біз Жер ғаламынан келдік.


Сау болыңыз!

 

Топқа  оралады.


Ғарышкерлер туралы білдік. Юрий  Гагарин, Тоқтар Әубакиров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айынбетов туралы. Аспан әлеміне барғанымыз.

Ойынды ойнайды

Бірге  құрастырады

 

Күтілетін  нәтиже:

Білуі: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар туралы

Игеруі: Ғарыш әлеміне тұңғыш  ұшқан ғарышкерлер туралы.

Жасай алуы: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемелерінің ұшатынын


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз