Ақтөбе облысы Мартөк ауданы Қаратоғай орта мектебі
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Әліпбай Дамира
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жазушы өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, әңгіме бойынша оқушылардың ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жазушы өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы біледі;сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамиды; сөйлеу мәдениеттері қалыптасады; жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыланады, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі етеді.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: «Оқиғалар тізбегі», «Теріп алу», «Кейіпкерлер кестесі», «Ақылдың алты қалпағы».
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер
Сабақтың өтілу жоспары:
Қызығушылығын ояту
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық
Стикер арқылы топқа бөлу
Мағынаны тану
1. Үй тапсырмасын сұрау
2. Жаңа сабақ
3. Оқиғалар тізбегі
4. Теріп алу стратегиясы
5. Кейіпкерлер әлемі
6. Ақылдың алты қалпағы
7. Үйге тапсырма
Оқиғалар тізбегі (Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет–ретімен қою)
1. Өзіне-өзі есеп беруі
2. Бақаның әлегі
3. Педсовет
4. Жолдама алған Жантас
5. Оқулық емес, қант аламын
“Теріп алу” стратегиясы
алғыр, пысық, әділетті, ақын,
өтірікші, әзілқой, арамза,
ақылды, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі,
сотқар, тентек, жағымсыз
мейірімді,қу, зымиян,
шыдамсыз, тиянақсыз
Қожа
алғыр, пысық, ақылды,сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас
өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз
«Кейіпкерлер әлемі» кестесі
Кейіпкерлер |
Бұлар кімдер? |
«Ақылдың алты қақпағы» әдісі
Ақ қалпақ
«Менің атым Қожа» повесінің авторы және повесть жайлы нақты деректер келтіріңіз
Сары қалпақ
"Менің атым Қожа» повесіндегі бас кейіпкер сіздерге ұнадыма? Қожаның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңыз?
Жасыл қалпақ
Қожаны қазіргі балалармен салыстыруға бола ма? Осындай балалар арамызда бар ма?
Қара қалпақ
Қожаның қандай қылықтары ұнамады?
Қызыл қалпақ
Әңгімені оқи отырып, қандай сезімде болдыңыздар?
Көк қалпақ
Болашақта кейіпкердің қандай жақсы қасиетін бойымызға сіңіреміз?
«Қай сәт бейнеленген»
Бұл қай сәт? “Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”
Бұл қай сәт? “Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді.
Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”
Бұл кім? “ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр.”
Бұл кім? “Шыбыным,әйтеуір ешкімге тимей,ұрынбай,жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма.”
Бұл кім? “Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды:...”
Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер.”
Қожаның портреті
“Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде атымды атамай “тампыш неме” дейді. Оның айтқаны рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағырдың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің ұшына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың”-дейді.
Дау – дамай стратегиясы «Кітап алуға барғанда» бейнекөрініс
І топ Жақтаушы топ:
Қожаның дүкендегі ісі дұрыс, өйткені . . .
ІІ топ Екі пікірдіде қабылдаймыз, өйткені...
(екі жақты ортақ пікір шығару)
ІІІ топ Даттаушы топ;
Қожаның дүкендегі ісі дұрыс емес, өйткені . .
Үйге тапсырма.
Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі