Өлең, жыр, ақындар

Өмір, қымбатсың маған!

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «№3 ЖОББМ»-КММ
Бердалина Әсемгүл Серікқызы

Мақсаты: Оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін тереңдету, өз ойларын ашық айтуға, өмірдің тосыннан келер сыйларына дайын болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

• Өмірдің мәнін түсінуге ықпал ету
• Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру
• Өмірге деген көзқарас қалыптастыру

Барысы

Өткізілетін орны: Қазақ тілі кабинеті

Әдіс тәсілдері: пікір алмасу, ойын, жаттығулар

Қатысушылар: 10 сынып

І жүргізуші: Армысыздар, еліміздің патриот ұрпақтарын тәрбиелеуші ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Қайырлы күн жүректері «Елім» деп соққан Жасұландықтар!

І жүргізуші: Бүгінгі «Өмір, қымбатсың маған!» атты эстафетамызға қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:

Өмір деген ойын да емес, той да емес,

Басқалардан биік тұрар бой да емес

І жүргізуші:

Өмір деген шахмат емес шатасқан,

Өмір деген еңбек, еңбек және еңбек

ІІ жүргізуші:

Өмір деген бақыттың да құсы емес,

Қарап жатсаң қона қалар саған кеп.

І жүргізуші:

Өмірде барлығымыз түрлі жағдайларды басымыздан өткереміз.Соны жеңе отырып бақытты болуға талпынамыз әрине. Өмірде ғажайып көп.

ІІ жүргізуші: (Сағымбаева Мөлдір)

Бүгінгі эстафета тақырыбы жан жақты, әрі қызықты. Өмірдің мәні қысқаша былай тұжырымдалады. дүние жылжиды, адам баласының міндеті оған бағына отырып және әрекет ету арқылы осы қозғалысқа қатысу. Олай болса, жасұландықтар өмірден қалмай қозғалып, ортаға кең шеңбер құруға шақырамын.

Біздер қазір жұптасып тұрып, Француздарша амандасамыз.

Шарты: Бір шапалақ – қолмен амандасасыздар, екі шапалақ – екі иықпен амандасасыздар, үш шапалақ – арқамен амандасасыздар.

Дайынбыз ба? Ал, бастаймыз. Рахмет.

І жүргізуші:

Керемет амандасу болды. Біз барлығының қолына  түрлі түсті лента тақтық , оның сыры неде білуге асыққандар көп секілді.Сіздерді лента бойынша топқа бөлеміз. Қызыл лента таққандар І топ, көк лента ІІ топ, енді әр топ жинақтала қойсаңыздар өз столдарыңыздың қасына. Әр топ өз атын, ұранын және бір қимылын ойлап табуы керек.

(топ бойынша таныстыру)

ІІ жүргізуші: Келесі кезекте әр топқа қағаз таратылады. Бұл ойын «Қағаздар сөйлейді» деп аталады.Сіздерге тапсырма осы қағазды ұсақтамай жыртамыз.Енді осы жыртқан қағаздарымыздан сурет құрастырамыз. Тақырып әр топтың столындағы конвертте берілген. Уақытқа назар салып тұрамыз. Іске сәт!

І топқа «Балалық шағым – бал шағым»

ІІ топқа «Досы көпті жау алмас»

І жүргізуші:

Келесі сіздермен жүргізетін жаттығуым «Бақыт мұнарасы» деп аталады. Өз таңдауларыңыз бойынша топтар орналасып алсаңыздар, назар аударып маған құлақ түрейік. Біздің елордамыз Астана қаласында «Бәйтерегіміз» бар, өз қаламызда «Отты жылдарға» арналған ескерткіштер бар. Атай берсек өте көп. Ал бірақ, өмірдің қымбаттылығын ұғындырар, бақытты сәттерді еске салар «Бақыт мұнарасы» жоқ екен. Сіздерге тапсырма алдарыңызда орналасқан заттардан қаламызға болашақта тұрғызылатын бақыт мұнарасының макетін жасасаңыздар. Уақыт шектеулі. Топтарыңызды аты және «Бақыт мұнарасын» таныстырасыздар.

ІІ жүргізуші:Мына жарық дүниеге әкелген ата-анадан қадірлі жан жоқ. Менің өмірімнің мәні анамның жылы жүзімен , әкемнің аялы алақанымен кіреді.

І жүргізуші:

Барлығымызға дүниеден бұрын ата-анамыз қымбат. Енді сіздерге тапсырма. Мына таратылған плакаттарда тақырыптар берілген. Осы тақырыптарға берілген уақыт ішінде топтың ойын жинақтап жазып, уақыт аяқталысымен келесі топпен ауысасыздар. Топ қай плакатты соңғы жазса соны қорытындылап қорғайды.Уақыт қосылды, ойымызды сурет арқылы жинақтаймыз.

(1. Ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі. 2. Өз өмірім – өзіме құнды)

ІІ жүргізуші: Сіздерге көп рахмет. Енді барлығымыз ортаға шеңберге  тұра қояйық. Оң жағымыздағы көршімізді бір ауыз сөзбен мақтайық, енді сол жағымыздағы көршімізді мақтайық, ал енді « Бәрібір маған жетпейсің» деп өзімізді мақтайық.(сергіту жаттығуы) Рахмет!

І жүргізуші:

Аса қадірменді эстафетаға қатысушылар өмірдің күнделікті күйбеңімен жүріп, еңбек етіп, қызық та, қиын да шытырман жолдары мен мәнді кезеңдерді басымыздан өткізіп жатқанымызда айналамыздағы жандарға қамқорлық  жасауды ұмытамыз. Өмірдің  мәнін бүгінгі эстафетамызда аша алдық деп айта аламын. Өміріміз әр сәтте мәнді болғай!

«Өмір қымбатсын маған!» эстафетаны жалғастырушы мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы Сағымбаева Мөлдір Нұрланқызын ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші:

Шат көңілмен бүгінгі эстафетамызды аяқтаймыз. Әрқашан сіздерге бақыт бағытынан жел ессін. Қош сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз