Төретаева Әсел Халекенқызы
Apec PetroTechnic жоғары колледж психологі
Психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Ұжымдық қарым-қатынас».
Тренингтің мақсаты: Мұғалімдердің ұжымдағы қарым-қатынас іскерлігін өзара байланыс негізінде дамыту, бірін-бірі жақсы түсінісуге ықпал жасай отырып, көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар: Мұғалімдер
Жұмыс түрі: Топтық
Қажетті құралдар: Гүл, түрлі-түсті жұлдызшалар, А4 қағаз, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, сөйлемдер жазылған карточкалар, сурет салынған бланка.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Гүл сыйлау» арқылы танысу жаттығуы
2. «Жасырын хат, ойлан тап!» жаттығуы
3. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
4. Арттерапия
5. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Кіріспе
Психолог: Қарым-қатынас дегеніміз – адамдар арасында бір-бірімен байланысқанда туатын күрделі процесс. Қарым-қатынасқа түсе отырып, ұжымда әріптестер нендей істерді атқара алады және олардың іс-әрекеті мен мінез-қылығында, қабілетінде нендей жағымды істері бар, ұнамды қасиеттері мен олқылықтары кездеседі деген жайттарды анықтауға болады. Бүгінгі тренингті мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеруге, шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өздеріне құрметпен қарауға, ұжымдық қарым-қатынас орнатуға арнаймыз.
1. «Гүл сыйлау» арқылы танысу жаттығуы. Ең алдымен психолог бастайды. Гүлді алып, Менің есімім Асел, «Мен сізге гүлді сыйлаймын» себебі сіз белсенді жансыз. Осылайша әр қатысушы гүлді алып жалғастыра өздерін таныстыра отырып жақсы әсер қалдыратын бір-бір қасиеттерін айтып шығу керек.
2. «Жасырын хат, ойлан тап!» жаттығуы.
Келесі жаттығуымыз бір-бірімізді жақсы түсіну мақсатында «Жасырын хат, ойлан тап!» деп аталады.
Психолог: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізесіздер. Қатысушылар түрлі-түсті жұлдызшалардан өздеріне ұнайтын бір түсті таңдайды, сол таңдаған түстері бойынша топ құрады, әрбір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі
«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 1-ші топқа арналған хат;
«Жексенбі күні дүкен аралауға шығайық» - 2-ші топқа арналған хат
Мұғалімдер өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет. Талқылау әр топтан шығып өз тобын қорғаған ойыншы лидер бола алады.
3. Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
4. Арттерапия
Енді келесі жұмысымызға келетін болсақ, ол – арттерапия, яғни шеңбер бойымен сурет саламыз. Қолдарыңызға алдарыңызда берілген ақ парақ пен түрлі-түсті қарындаштарды алып сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап тұрады, мен музыканы тоқтатқан кезде сіздер өздеріңіз салып жатқан суретіңізді келесі адамға жалғайсыз. Осылайша өз суретіңіз қайта оралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзіңіз бастаған сурет өзіңізге келгенде, өз суреттеріне атау беріп, талқыланады.
5. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы «суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз.
Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жұлдыз бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, сол берілген суреттердің біреуіне жазады. Және де ойын барысында өздеріне таңдап алған түрлі-түсті жұлдызшаларына бір-бірлеріне деген тілектерін жазып ұсынады.
Талдау.
Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
Бұлттың суреті – алған әсері төмен.
Жаңбырдың суреті – ешқандай әсер алмаған.
Жұлдыздың суреті – көңілді, жақсы әсер алғаны.
Бүгінгі тренинг жаттығуымызға қатысқандарыңызға рахмет!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі