Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы
МКҚК «Болашақ» ясли-бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы
Дауленбаев Сәбит Пермаханович
Білім беру саласы: Денсаулық. Таным.
Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау.
Мақсаты:
1. Кеңістікті бағдарлау.
2. Күш, ептілік, жылдамдық тәрізді қимыл сапаларын дамыту.
3. Көзді жұмып жүруге жаттықтыру.
Құрал жабдықтары: көз байлайтын орамал, доптар, баскетбол себеті, күшік, торғай суреттері, гимнастикалық таяқша.
Іс-әрекет кезеңдері |
Нұсқаушының іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық - қозғаушылық |
Сапқа тұру. Сәлемдесу. Алтын сәуле арайлы, Бақшамызға тарайды. Қуанышпен шат күліп, Қарсы алайық арайды. Сәлеметсіздер ме қонақтар! Сызық бойымен жүріп, жаттығу жасау. – Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. – Жартылай отырып жүру. |
Баяу қарқынмен кіріп, сапқа тұрады. Сәлемдеседі. Нұсқаушының көрсетіп айтуы, жаттығулар жасайды. Жаттығулар өз бетімен орындалады. |
Ұ й ы і м з д д а е с н т і ы с р т у і ш к ы л ы қ
|
Жалпы дамыту жаттығулары: Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатамын. Жаттығуды түсіндіре отырып, жасалу жолын көрсетемін. Балаларға орындатамын. Балалардың дұрыс орындалуын қадағалау. Б.қ.: 1 – қолды белге қою, 2 – басты оңға бұру, 3 – басты солға бұру. (4 рет) Б.қ.: 1 – қолды иыққа қою, 2 – қолды артқа айналдыру, 3 – қолды алға айналдыру. (4 рет) Б.қ.: 1 – қолды алға созу, 2 – қолды қайшы жасау. (4 рет) Б.қ.: 1 – қолды белге қою, 2 – белді оңға айналдыру, 3 – белді солға айналдыру . (4 рет) Б.қ.: 1 – тізені қолмен ұстау, 2 – тізені ішке айналдыру, 3 – тізені сыртқа айналдыру. (4 рет) Б.қ.: 1 – қолды белге қою, 2 – аяқтың ұшын оңға айналдыру, 3 – аяқтың ұшын солға айналдыру. (4 рет) Б.қ.: негізгі тұрыс, гимнастикалық таяқшаны алып, 1 – алға, 2 – жоғары, 3 – алға ұстау. (4 рет) Б.қ.: Гимнастикалық таяқшаны желкеге қойып, 1 – оңға бұрылу, 2 – солға бұрылу. (4 рет) Қимылды ойындар: «Мерген баскетболшы» ойыны. Ойын шарты: Балаларды 2 топқа бөліп ат қоямыз. 1 – Арыстан. 2 – Жолбарыс. Допты 1метр қашықтықтан себетке лақтырады, допты алып, келесі ойншыға береді. Ойын соңына дейін осылай жалғасады. «Өз түсіңді тап» ойыны. Ойын шарты: Пішіннің түрін, түсін ажыратып, сол пішінге көзін байлап барады. |
Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Нұсқаушының түсіндіруімен тапсырмаларды бірінен соң бірін орындайды.
Жаттығуларды 4 реттен қайталау. Нұсқаушыны мұқият тыңдап, бұлжытпай орындауға тырысады.
Ойын шарттарын түсініп, ойынға жаппай қатысады.
|
Рефлексиялық – түзетушлік |
Қорытынды бөлім: «Ұяңды тап » ойыны. Ойын шарты: Торғай мен күшік отрибуттарын киіп алған балалар музыка тоқтаған сәтте өз ұяларын табу керек. |
Ойынға жаппай қатысады. |
Орындайды: жаңа оқу–іс әрекетінде үйренген жаттығуларды;
Түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;
Қолданады: допты лақтыру, көздерін жұмып, жаттығулар орындай алу дағдыларын;
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі