Өлең, жыр, ақындар

Ноталарды үйренейік!

Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы
МКҚК «Болашақ» ясли-бақшасының музыка жетекшісі Салкынбекова Гульжан Лесбековна

Білім беру саласы: шығармашылық саласы

Ұйымдастырылған оқу әс-әректінің түрлері: музыка

Тақырыбы: Ноталарды үйренейік!

Мақсаты: Балалардын ноталарды тануын,оны жатка айтуын, музыкалық аспаптарга деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге уйрету.

Көрнекіліктер: Нота сызығы, ноталардың суреттері, ноталардың суреті салынған пойыз, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреті, ж.т.б

Сабақтың барысы:

1. Мотивациялық козғаушылық

Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, айналып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады, әртүрлі қимылдар жасап әуенге билейді. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында шаттық шеңбер жасаймыз

Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басығой
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздерме апайлар!

Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?

Балалар: - Музыка сабағына.

Музыка сабағында біз не үйренеміз?

Балалар: - Ноталарды, ән айтуды, би билеуді үйренеміз.

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар!

2. Ізденушілік-ұйымдастырушылық кезеңі.

Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссындар?

Балалар: Ноталарды білуіміз керек

Музыка жетекшісі: Ия дұрыс айтасыңдар! Біз ноталарды білуіміз қажет. Бізде неше дыбыс нотасы бар? Кане олай болса ноталардың атын айтып корейікші?

Балалар: Бізде 7 дыбыс нотасы бар. До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си

Музыка жетекшісі: Неше нота сызығы бар?

Балалар: 5 сызық нотасы бар, балалар ноталарды 5 сызықтың үстіне апарып жабыстырады.

Музыка жетекшісі: Ендеше балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:

Бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.

Балалар: бізде барлық нота толық болдыма?

Балалар: Жоооқ, бір нота түсіп қалған.

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Соль және си ноталары түсіп қалыпты, кәне соль си ноталарын апарып 5 сызыққа жабыстырайық. Қәнекей, енді өзіміз нота боламыз( балалар бастарына ноталар салынған маскалар киеді)

Музыка жетекшісі: Ендеше, ноталардың алдында не тұруы қажет балалар?

Балалар скрипка кілті тұруы қажет.

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар,балалар,мінекей скрипка кілті де өз орнына келді.

Музыка жетекшісі: Балалар ендеше, ноталар жабыстырылған пойызға мініп саяхаттап қайтайық (әуенмен жүріп, залды бір айналады) «бірінші аялдамаға» келіп тоқтайды (Аялдамада хат жатады)

3. Негізгі бөлім.

Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат жатыр екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды)

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдама 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: мына күйтабақтағы әуенді тыңдап оның сөзімен қосып айтып беріңдерші;-депті. (Балдырғандар әні)

Музыка жетекшісі: жарайсыңдар,балалар әнді жақсы орындадыңдар. Ендеше тағыда пойызға отырайық, (музыка ойналып тұрады) «екінші аялдамаға» келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:

Музыка тыңдау: Балалар күй табақтағы музыкаларды тыңдап, оның мінездерін ажыратып беріңдер; депті. Тыңдап қараймыз ба балалар?

Балалар: - ия қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен) балалар әуенді дұрыс ажыратады.

Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше балалар осы көңілді музыкаға бәріміз би билейік? Жарайсыңдар! (Көңілді әуенге билеп береді, бәрі қол соғып көңілденеді)

Музыка жетекшісі:

Балалар,осындай тамаша көңіл-куймен соңғы аялдамаға жетейік,

Ханшайымның тапсырмасын орындайық.

(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)

Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып корейік: Бұл хатта сұрақтар бар екен, осы сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жандарыңнан табыламын; деген

Сұрақтарды оқиды:

- Мынау қандай аспап? (Сазсырнай)

- Сазсырнай калай шертіледі? (Үрлеп)

Музыка жетекшісі: Сазсырнайды үрлеп көрсетеді

Ол қандай топқа кіреді (Үрлемелі)

- Мынау қандай аспап? (Домбыра)

Музыка жетекшісі домбыраны шертіп көрсетіп береді

Қай топқа жатады? (Ішекті)

Мынау қандай аспап? (Шаңқобыз)

Музыка жетекшісі шаңқобызды шертіп корсетіп береді. Балалар да қызығып ұстап, шертіп көреді.

Аспаптардың аттарын балалар музыка жетекшісімен бірге дұрыс табады. Музыка жетекшісі оларға аспаптарды таныстырып айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен.

(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді )

Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.

- Сол үшін мен сендерге арнайы дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді)

Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны балабақшаға баргансоң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар! (шығып кетеді)

Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатаын уақытымыз болып қалды. Мінекей поызда келді, қанекей кеттік.(музыка ойналып тұрады, залды бір айналып шығады)

4. Қорытынды.

Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, балабақшаға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендерің туралы әңгімелейді) ендеше, музыка әлемі Ханшайымының берген қорапшасын ашып көрейік. (балаларға арналған сыйлықтарын табыстайды)

Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып,би биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымымен жүздесіп, сұрақтарына жауап бердік.

Музыка жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар, тапсырмалар орындадық. Балалар енді бәріміз бірге «Кел билейік» әнін орындайық та тобымызға кетейік. Әнді орындап музыка жетекшісімен сау болыңыз!-деп, музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі.

Игереді: Музыканың мінезін ажырата біледі,аспаптармен танысты;

Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз-қарастарын қалыптастырады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз