Қостанай облысы, Қарасу ауданы,
«Ключевой орта мектебі» ММ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Карбузова Мейрамкуль Туяковна
Санаты: жоғары. Пед. Өтілі: 19 жыл
|
Сабақ жоспары |
||
САБАҚ:
|
1-сабақ
|
||
Күні: |
|
||
СЫНЫП: 8
|
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
Сабактын такырыбы: |
Д.Исабеков «Әпке» драмасымен танысу, тақырыбы мен идеясын анықтау. |
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
Драмалық шығарма мазмұнын игере отырып, аталған туындыда көтерілген әлеуметтік мәселені ұғынады, тақырыбы мен идеясын анықтайды, отбасы жағдайына байланысты өзіндік көзқарасын,ойын білдіреді, кейіпкерлер бейнесін ашады. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану, театр, өнер, қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі,отбасы психологиясы, өмірмен байланысты. |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Қарапайым, жіңішке сұрақтар мен ұсынылған видеосюжет арқылы тақырыпқа болжам жасайды және өз ойын қосуға қатысады. |
||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Негізі ақпарат көздерін табады, дәлелдей алады, өз ойын, көзқарасын білдіреді, өмірмен байланыстыра алады. |
|||
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіндегі негізгі ой мен драмадағы кейіпкерлерді салыстырады, типтерін анықтайды, қорытынды тұжырым жасайды, бағалайды. Алған білімдерін қолдана алады.
|
|||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Драма жанрында жаңа мазмұнды игереді. Болжам жасай отырып, себебін түсіндіре алады, өмірмен байланыстырады.
|
||
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Драма жанры, драматург, отбасы психологиясы, образ, идея, тақырып.
|
|||
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Менің ойымша, дегенмен, егер, мүмкін болғанда, менің пікірім, т.б. |
|||
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|||
Ишара: мақұлдау, келісу, қолдау. |
|||
Алдыңғы оқу: |
Т.Әлімқұлов «Қонақтар» әңгімесі
|
||
Жоспар |
|||
Әдістер, ресурстар: https://bilimland.kz , визуалды көрнекілік, ширату жаттығуы, «Лездеме»,, «Кейс», «SWOT», рефлексия, ой шақыру, бағалау, сұрақ-жауап, идея себеті, жариялау, 1минут,т.б. |
|||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы (12 минут) 2 минут 3 минут
7 минут
Сабақтың ортасы (20 минут) 3 минут
8 минут
Сергіту сәті 3 минут
6 минут
Сабақтың соңы (8минут) Сабақты бекіту. 3 минут
Бағалау. 2 минут
Рефлексия. 2 минут
Үй тапсырмасы 1 минут Ақпараттық ресурстар
|
1.Ұйымдастыру жұмысы: А) Танысу. Жағымды орта қалыптастыру Үй тапсырмасына кері байланыс. «Лездеме» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау. Оқушыларға әртүрлі карточкалар үлестіру, үй тапсырмасына байланысты берілген сөздерге анықтама түсінік айту арқылы көршісі жасырын сөзді анықтайды. Жеке жұмыс.
Б) Топқа бөлу. Бет перде пазлдары арқылы 3 топ құру. Бағалау парақшаларын үлестіру. Ой шақыру: Оқушылар, мына қара жәшік ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Ендеше не бар екенін көрейік... Тақырыпты анықтау мақсатында 3 топқа «Кейс» әдісі арқылы жуан-жіңішке сұрақтар алдырту. а)1.Отбасы дегенді қалай түсінесің? 2.Отбасының тірегі кім? 3. Отбасындағы ананың рөлі қандай? 4. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дегенді қалай түсінесің? 5. Әпке, апаның отбасынағы ерекшелігі қандай? 6. Отбасындағы құндылықтарды сақтау үшін не істеу керек? б)Үш тілде «Менің отбасым» таныстыру. «1минут» әдісі (Тақтаға Д.Исабеков портреті мен отбасы суретін ілу) Мағынаны тану: Тақырыппен, мақсатпен танысу. Тыңдалым: Видеосюжет көрсетілімін ұсыну.
1-топ «Зерттеуші» Міндеті: Д.Исабеков өмірі жайында ақпарат,шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, басты кейіпкердің мінезін сипаттау. -Шығарманың тақырыбы-Адамгершілік,жан жылуы. Жетім балалардың өз беттерінше өмір сүруі.Жанұя мүшелерінің бір-бірімен байланысы.Жастар махаббаты. Қоғамдағы өзгерістердің ұрпақ тәрбиесіне әсері. -Шығармадағы басты кейіпкер,отбасының тірегі-Қамажай. Ол- үйдің үлкені. Бауырларының бақыты үшін жұмысқа араласпай жағдайларын жасады. Олардың оқып, азамат болуын, өмірден өз орындарын табуына ықпал жасады.Ана орнына ана, әке орнына әке болды. Өзінің жеке өмірінен,махаббатынан бауырлары үшін бас тартты. Қамажайдың мінезі өте жайлы, өзі қарапайым, бауырмал,тәуекел,мейірімді,ақкөңіл жан. 2-топ «Баяндап беруші» Қысқаша мазмұны. 1.Қамажайдың қонақжайлылығы. Келгендерді қарсалу жағдайы, ақша жетіксіз,бірақ көңілдері ашық. 2.Адамның білімді жастардың пікір қағысы. 3.Бақыт деген... 4.Жақсы отырысты бұзған-арақ 5.Жанұя жиналысы 6.Үлкен махаббаттан бас тарту немесе жеңіл қоштасу 7.Гауһардың таңдауы 8.Жанұядағы жаңа қуаныш 9.Қамажайдың Тимурдың көңілін жібітуі 10.Бауырлардың қайта табысуы 11.Омардың диссертацияны қорғауы 12.Бауырлардың өмірден орнын табуы 13.Анасының мерей тойы немесе күту 3-топ «Дәнекер» Міндеті:болған оқиғаға автордың көзқарасын айту, негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру, тұжырымдау, жинақтау. SWOT талдауы бойынша түйіндеме береді. Сергіту сәті: «Актерлық шеберлік» Өлең шумағын 1-топ шаттанып, 2-топ мұңайып, 3-топ әндетіп эмоциямен айту. Пай, пай, Өмір! Ақпаратпен алмасу кезеңі: Шеңберге «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген тапсырма бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін әр топ берілген уақыт ішінде басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді).
Ой қорыту. Жеке жұмыс.«Идея себеті» әдісі Әр оқушы стикерге түйін ойын жазып тақтаға іледі.
Қалыптастырушы бағалау: топты әр кезеңде бас бармақ, ишара, мадақтау, жұлдызша. Бағалау парақшасы Барлық кезеңдер бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалау парақшасын толтырып, тапсырады.
Рефлексия. Сабақты түсінуі мен көңіл-күйі бойынша алған әсерін рефлексия парағына іледі.
Д.Исабековтың «Әпке» драмасын толық оқу, сахналауға дайындалу.
8-сынып оқулығы, Д. Исабеков шығармасы https://kitap.kz/profile/mylibrary |
Үлестірмелі материалдар, бағалау парақшалары, қорап, тапсырмалар, сұрақтар.
видеофильм Д.Исабаев Әпке
https://www.youtube.com/watch?v=YYOAyut0xDQ
Стикер
Интербелсенді тақтада |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі