Өлең, жыр, ақындар

Жұбан Молдағалиев "Мен — қазақпын" поэмасы

16.04.2018ж.

 Баялиева Айжан Жанатбаевна. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі. Тараз қаласы

   Дш-1-17 тобы

Сабақтың тақырыбы

   Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы

Мақсаты

   Жалпы мақсаты:  Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық   ақынның «Мен – қазақпын» поэмасына талдау жасау. Ж.Молдағалиевтың қалам  өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына  сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.  

 Оқушыларды елін, жерін сүюге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу,  халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

   Күтілетін нәтиже:

  1) поэманың тақырыбы мен идеясын ашады, мазмұнын толық меңгереді..

  2) зерттеу жұмысымен айналысып, поэманы қазіргі заманмен байланыстырады.

Көрнекілігі. Әдіс-тәсілдері

Әдебиет оқулығы, кітаптар, слайд, видео роликтер, интерактивті тақта, маркерлер, портрет, қима және үлестірмелі қағаздар т.б.

Қ. Бітібаеваның конструкторлық технологиясы, СТО бағдарламасы, АКТ, сұрақ-жауап, интервью

Пәнаралық байланыс

тарих, өзін-өзі тану, қазақ тілі, география, музыка

Топқабірігу

  І. Ұйымдастырукезеңі.

Мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, тұрақты сөз тркестері арқылы топқа бөлу

ҚР Әнұранын айту арқылы жағымды атмосфера қалыптастырады және «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» ұраны айтылады.

бағалау

а) Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі;
ә) тақырыпты аша алады;
б) топпен бірлесе отырып өздерінің тың идеяларын ұсына алады;
в) жеке тапсырмаларда белсенділік көрсетеді;
г) көшбасшылық танытады.
д) ұжымда өз ойларын еркін және терең жеткізе біледі.

Мұғалімге тірек

                 Блум таксономиясы

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

 

Қызығушылықты ояту

   ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

   1. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» (KAHOOT бағдарламасымен)

 1. Мұқан Иманжановтың өмір сүрген жылдары?

Б) 1916-1958 жж

 2. Мұқан Иманжанов қайда дүниеге келді?

А) Қарағанды облысы

 3. «Алғашқы айлар» повесі қай жылы жарық көрді?

А) 1950 ж

 4. «Алғашқы айлар» повесінің бас кейіпкері кім және ол қандай мамандық иесі?

В) Жақыпбек Әділбеков – мұғалім

 5. Жақыпбек өз ортасына әсер ете алды ма?

А) иә

 6. Жазушының жинағын көрсетіңіз?

В) «Таныс қыз»

 7. Пейзаж дегенміз не?

Г) табиғатты бейнелеу

 8. «Алғашқы айлар» повесіндегі Бектай кім?

В) Жақыпбектің оқушысы

 9. «Алғашқы айлар» повесі үшін М. Иманжанов қандай жүлдеге ие болды?

Б) Жамбыл атындағы жүлде

 10. М. Иманжанов кімдердің шығармасын аударды?

Г) Л.Н. Толстой, М. Горький

2. «Тумалы бейне» стратегиясы бойынша білімгерлер «Алғашқы айлар» повесіндегі Жақыпбек пен Бектай арасындағы қарым-қатынасты жан бітіре орындайды

3. «Еркін ой» стратегиясы бойынша Ұстазтуралы эссе жазу тапсырылады.

Мағынанытаны

   ІІІ.  Жаңа сабақ

Ой шақыру.

   Картадан оқушылар Қазақстан жерін табады.

     Осы жерде қазақ жері қандай жер? (Қазақстан жерін картадан көрсетеді)

   Қазақ деген қандай халық? (Әр топтан жауап береді)

   Мұғалімнің кіріспе сөзі. «Қазақ деген қандай халық?» деген сұраққа  Жұбан  Молдағалиевтың "Мен — қазақпын" поэмасымен (1964) толық жауап бере аламыз.   

Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ  жері мен суынан, желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты, пәрменді поэзияны танимыз.

  М.Базарбаев.

Бейнероликтен Ж.Молдағалиевтың «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді тыңдалады.

 1. Оқулықпен жұмыс «Тереңнен маржан терейік»

   Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығы. Қ. Бітібаеваның конструкторлық технологиясы арқылы жаңа сабақты меңгерту ( Білімгерлерге жаңа тақырыпты түсініп оқуға уақыт беріледі.)

Ақынның шығарм. жолы

Поэмада көтерілген мәселелер

Бұл поэма сізге несімен ұнады?

Негізгі идеясы қандай?

Поэмада аты аталатын азаттық жолындағы күрескерлер?

Мен Жұбан поэзиясынан не таптым?

Бүгінгі сабаққа қандай тақырып қояр едің?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 2.  Түсініктеме күнделігі.Білімгерлерге өлеңнен үзінді жазып беріледі. Әр топ берілген шумаққа түсіндірме пікір айтып, әдебиет теориясына талдап, жазбаша / ауызша айтады.

IV. Сабақты бекіту

 1. Жоба қорғау.

1 топ «Мен – патриотпын»

2топ «Қазақ тілі – рухани негізіміз»

3топ «Қазақ- менің ұлтым»

4топ «Тамыры терең тарихым»

 2.  «Мен-қазақпын» әнін тыңдау.

 Сонымен бүгінгі сабақта қазақ жері, қазақ  халқы туралы толғанатын Мен — қазақпын» поэмасы оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді.

    Мен - ҚАЗАҚПЫН! Неткен керемет, неткен тамаша жазылған поэма. Бұл поэмада қазақтың барлық басынан кешкен азаптары, қайғы-мұңы жазылған. Осы поэмада нағыз қазақтың бейнесі көрсетілген. Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын!!! Жәнеәлемгепашетугеәзірмін!!! 

 

   V.  Сабақты қорытындылау

«Сөздер сөйлейді» стратегиясы

Тақтаға «ҚАЗАҚ» сөзі жазылып, әр білімгер бір ауыз сөз айтады.

 

 

 Интервью әдісі. Бір бала ортаға журналист болып шығып, әртүрлі сұрақтармен білімгерлерден бүгінгі сабақ туралы ойларын сұрайды.

Бағалау

Кері байланыс

   VI.  Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс (әр топтан топ басшылары бір-бірін бағалайды).

   Сумативті бағалау.

Үйге тапсырма

VII. Үйге тапсырма. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Ж.Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы және «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді  жаттап келу.

Дәптерлеріне жазады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз