Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Маңғыстау индустриалды техникалық колледж
Алғашқы әскери дайындық оқытушысы
Тогызбаева Гульайм Толегеновна
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңі, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен бүгінгі Жас мамандар слетінде «Мен өз елімнің – Патриотымын!» атты тәрбие сағатын өткізуді жөн деп санадым.
Осыған байланысты жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, патриоттық тәрбиеге баулу қазіргі кезде біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі.
Мемлекеттің барлық тарихы жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу мен Отан қорғаушылардың жоғары рухын, батылдығын, ерлігін, жауапкершілігін, ұрыстағы беріктігін қалыптастыру міндеттерін табысты шешумен байланысты. Әскери патриоттық тәрбиелеу - азаматтарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бөлігі. Әскери патриоттық тәрбие беру, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді қорғаудың міндеттерін шешу үшін қажетті, патриоттық және рухани - психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға міндетті.
Әскери - патриоттық тәрбиелеудің мақсаты - азаматтардың патриоттық парыздың терең түсінігін, Отан қорғауға дайындығын қалыптастыру, және де еліміздің тұтастығы мен бірлігін нығайту, Қазақстан халықтарының достығын сақтау міндеттерін шешуге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу.
Жоспары:
- “Кім жылдам” (автомат шашып, жинау және газтұмылдырық кию)
- “Білегіңе сенбе, біліміңе сен” (сұрақ –жауап)
- “Білгір болсаң шешіп көр,
Тапқыр болсаң тауып көр” (полиглот)
- “Ойлан, жұптас, талқыла” (ситуациялық жағдай)
- Топ басшылар сайысы
- Тәрбие – білімнің шыңы
І. “Кім жылдам” (автомат шашып, жинау және газтұмылдырық кию)
Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау
ІІ. “Білегіңе сенбе, біліміңе сен” (сұрақ –жауап)
1. Рәміздер күні қашан?
2. Табиғи апаттарды ата.
3. Сүмбі пышақ не үшін қажет?
4. Үсу кезінде қандай көмек көрсетіледі?
5. Халық қаһармандарын ата
6. Гранатты лақтыру неше күйде орындалады?
7. Техногенді апаттарды ата
8. Заманауи зақымау құралдары дегеніміз не?
9. Машиналардың желісін қалай түсінесің?
10. Т. Калашников неше мәрте халық қаһарманы атанды?
11. ҚР конституциясында неше тарау, неше бап бар?
12. КА салмағы қанша?
13. Сап дегеніміз не?
14. Алғашқы мед. көмек дегеніміз не?
15. Төтенше жағдай дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
16. Агрессия дегеніміз не?
17. Азаматтық қорғаныс туралы не білесің?
18. ОЗК дегеніміз не?
19. ДП -5, ВПХР, газтұмылдырық неге керек?
20. Жеке қорғану құралдарын ата?
2 топ
1. Қандай зақымдау құралдарын білесің?
2. РГД -5 қалай жіктеледі?
3. АК оқжатарына қанша оқ сыйады?
4. Әскери ант қашан қабылданды?
5. БМП -1 (ЖҰМ) салмағы қанша?
6. Елтаңбаның авторын атаңыз?
7. КА жайлы мәлімет айтыңыз?
8. ҚР конституциясының 36 бапта не айтылған?
9. Әнұранның авторы кім?
10. КА бөліктерін ата?
11. ҚК неше жарғы бар?
12. ҚК алғашқы Қорғаныс министрі кім?
13. Тудың авторы кім?
14. КА кім ойлап тапты?
15. ҚР бас қолбасшысын ата?
16. ҚР Қорғаныс министрі кім?
17. Тұйықтаушы деген кім?
18. Маңдайшеп дегеніміз не?
19. Арақашықтықты көрсет?
20. Бағыттаушы деген кім?
ІІІ. “Білгір болсаң шешіп көр,
Тапқыр болсаң тауып көр” (полиглот)
Әнұран –Гимн -Hymn Атазаң –Конституция -Constitution
Сап –Строй -Array Жарғы –Устав –Statute
Су – Вода - Water Күйік –Ожог -Burn
Елбасы – Президент -President
Күн – Солнце – Sun
Көмек –Помощь –Help
Патриот –патриот –Patriot Қару –Оружие -Weapon
Газтұмылдырық –Противогаз -Gasmask Бекет –Пост -Post
Граната –Граната -Grenade Әскери техника – Военная техника
Қадам –Шаг -Step Бункер –Бункер -Hopper
Құлабыз –Компас –Compass
ІҮ. “Ойлан, жұптас, талқыла” (ситуациялық жағдай)
1. Өрт
2. Үсу
Ү. Топ басшылар сайысы (суретке қарап тұрыстарын анықтау)
ҮІ. Тәрбие – білімнің шыңы
І. Кітап
ІІ. Берілген кәтап немесе сыммен АӘДге немесе патриотқа қатысты нәрсе көрсету керек.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, бүгінгі күннің заманауи талаптарына сай қызмет көрсететін – білім ошағы. Ал, ұстаздар ұжымы болса білімді, жігерлі, өз болашағына нық сенімді жас ұрпақты тәрбиелеу үшін тынымсыз еңбек етуде. Бүгінгі тәрбие сабағымызды қорытындылай келе «Патриоттық тәрбие –тәрбие негізі» дегім келеді.
Қош сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі