Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК
Тәрбиеші Муханбеткалиева Багила Кабдешовна
ҰОҚ «Білім еліне саяхат»
Балалар кіріп шаттық шеңберін жасап отырады.
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілейміз тыныштық,
Ашық болсын көк аспан.
Содан соң балалар орындыққа отырады.
Тәрбиеші: балалар, бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Төрт,
- Ал, қазір қандай жыл мезгілі?
- Наурыз,сәуір, мамыр.
Тәрбиеші: балалар бір аптада неше күн бар?
- 7 күн
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Көктем айының ауа-райындағы ерешеліктерін білесіңдер?
- Балалар көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?
Жаңбыр жауын басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпір қосақ ашылды,
өрнегіндей көктемнің.
Көктем көктем көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз.
әнмен қарсы аламыз.
Қандай қызық көктемде.
Күн шуағын төккенде,
Гүл тереміз алуан.
Шығып алып бөлекке.
Бар табиғат нәр алып.
Шыға келер жаңарып,
Қызғалдақ боп құлпырып,
Көктем біздің балалық.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар қандай жақсы тақпақтар айттыңдар, ал көктемге қатысты мақал-мәтел білесіңдер ме?
1. Ексең егін, ішерсің тегін.
2. Ағын суда арамдық жоқ.
3. Жаңбыр жауса, жердің ырысы.
4. Мезгіл жетсе, мұзда ерір.
Музыка ойналып топқа Дымбілмес келеді. Қолында шарлары бар.
Дымбілмес: сәлеметсіңдер ме, балалар, қандай әдемісіңдер! Балалар мен сендерге сыйлық алып келіп едім, сол сыйлықты аша алмадым.
Тәрбиеші: кәне маған берші, мен көрейін. Дымбілмес қара мында. Мында бір тапсырмалар тұр екен ғой.
Дымбілмес:мен оны орындай алмаймын ғой.
Тәрбиеші: Дымбілмес мұңайма біз саған көмектесеміз. Балалар Дымбілместің тапсырмаларын шешуге көмектесеміз бе? Шарлар, шарлардың түстері қандай? Ал пішіндері ше?
Тәрбиеші бір екеуін беріп, балалар шар менде көп пе, әлде тәтелеріңде көп пе? Дымбілмес сенің тапсырмаңды ашайық.
1 тапсырма.
А)1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
Б) Суретке байланысты сандарды ретімен орналастыр.
В) Тапқыр болсаң тауып көр.
Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр екі ешкі,
Барлығы неше ешкі. (төрт ешкі)
Бес алмұрттың үшеуін, досың сұрап алды.
өзіңде нешеу қалды? (екеу қалды)
Апамда бар төрт білезік,
Әжем қосты бір білезік, (бесеу )
Тәрбиеші: өте жақсы балалар, Дымбілмес көрдің бе? Біздің балалар тапсырманы оңай орындады.
Сергіту сәті:
Балалар ал енді екінші тапсырманы көрейік.
Тәрбиеші: кәне, олай болса қосып көрейік.
А-ға Й –ды қосқанда.
Ай болады балалар.
Т-ға ай-ды қосқанда,
Тай болады балалар.
Тай деген ол көлік қой.
Көкейіңде тоқып қой.
М-ға ай- ды қосқанда,
Май болады үйдегі,
Нанға жағып қасықпен,
жеп жүретін күндегі.
С-ға ай-ды қосқанда,
Сай болады балалар.
Қозы бағып, ән айтып,
асыр салып ойнайтын,
қосылса дыбыс осылай,
түрлі сөздер шығады.
Зейін қойып оқыған,
Бәрін түгел ұғады.
Тәрбиеші: міне балалар сөз дыбыстардан құралады екен.
- Ал сөздерден не құралады?
- Сөйлем құралады.
- Сөйлемдерден не құралады?
- Әңгіме құралады.
Тәрбиеші: ендеше балалар мына суреттерге қарап әңгіме құраңдар!
Сендер сөз, сөйлем, әңгіме туралы білесіңдер! Мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар. (Сиыр)
- Бұл не?
- Сиыр.
- Қай дыбыстан басталып тұр?
- С
- Сиыр сөзінде қанша дыбыс бар, қанша әріп бар?
- Төрт дыбыс, төрт әріп бар.
- Ал енді сиыр сөзін буынға бөлейік.
- Си-ыр,
Қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, сөздің естілуіне қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны буынға бөлу деп атаймыз.
Тәрбиеші: енді тақтаға шығып сиыр деген сөзді жаз.
- Қанша дауысты дыбыс,
- Қанша дауыссыз дыбыс бар.
- Екі дауысты, қандай «и» және «ы» дыбыстары.
- Екі дауыссыз, қандай «с» және «р» дыбыстары.
Олар үйткені созылып әндетіп айтылады,
- Қандай текшемен белгілейміз.
- Қызыл текшемен.
Дауыссыз дыбысты, кедергімен айтылады, ол дыбыстарды көк текшемен белгілейміз.
- Сиыр қандай болады?
- Ала сиыр болады.
- Ал енді екі сөзді байланыстырайық.
- Ала сиыр.
- Енді не болды?
- Бұл енді сөйлем болды.
- Сөйлем неден құралады?
- Сөзден құралады.
- Сөйлем арқылы адам өз ойын, көргенін білдіреді.
Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады.соңында нүкте қойылады.
Дидактикалық ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
Суреттегі заттың қай дыбыстан басталатынын айтады.
«Ала бұзау әңгімесін оқу»
Балалар әріптерді айтып отырады.
Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көк орай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті.Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді, бір кезде қатты жел соқты.
Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Жел улейді. У-у-у.
Желдің әсерінен ағаштың жапырағы шулайды.
Тәрбиеші: қандай дыбыстар естіледі? Ш-ш-ш.
Тоғайда жүру өте қиын болды.
Маса ызыңдап, мазасын алды. З-з-з.
Ескендір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Р-р-р.
Ескендір айналасына қарады.шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат шегіп тұрған жыланды байқады.
Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. С-с-с.
Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалды.Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көрді. Ыжылдаған аралар. Ж-ж-ж-ж.
Ескендір ала бұзауын шақырады.
-кәне, балалар бұзауын шақыруға көмектесейікші.
Ауқау-ауқау!
Ескендір жақын жерден бұзауын айдап қайтты.
- Балалар біз осылайша Дымбілмеске тапсырмаларын орындауға көмектестік.
- Көрдіңбе? Дымбілмес! Сен балалардан өтініп сұрап едің, ал балалар саған тапсырмаларды орындауға көмектесті.
- Сен биылдан қалмай мектепке баратын бол.
- Балалар бүгін бізге келген Дымбілмес біраз білім үйренді.
- Мен кейбірін ұмытып қалдым.
- Ал онда қайталап жіберейік.
- Кәзір жылдың қай мезгілі еді?
- Көктем, балалар көктемнің орысша аудармасын айтып жіберейікші.
Көктем-весна.
Біз Дымбілместің білмеген тапсырмасын орындадық, санадық, әріптерді таптық, дыбыстарды айттық.
Музыка ойналып сандықша ашылсын.
Тәрбиеші:
Ой балалар, Дымбілмес қарай көр! Мына сандықша ашылды.
Расында да, ішінде Дымбілместің сендерге арнап алған тәттілері бар екен.
Олай болса балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Сендер бүгін өте жақсы нәтиже көрсеттіңдер,
- Жарайсыңдар!
- Ал, Дымбілмес әкелген тәттілерді топқа барып жейік.
гулнар
сіздерге рахмет