Өлең, жыр, ақындар

Нан — ел байлығы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы
«Балауса» бөбекжай-бақшасы
Тәрбиеші: 1–ші санатты Хасенова Кульзинеп Зулгаровна

Ұйымдастырлған ашық оқу қызметінің конспектісі.
Тақырыбы: «Нан — ел байлығы»
Мақсаты:
Оқыту: Ас-атасы – наның дастарғанға қандай еңбекпен келетіні туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану арқылы балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды еңбексүйігіштікке, барға қанағат етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ресурсатармен қамтамасыз ету: Сұрақ-жауап, көрсету, тыңдау, дидактикалық ойындар, сахналау.
Блингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Әсем әуен балалар топқа кіріп, шеңберге тұрады.
Бүгін бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік. Мен сендерге бүгінгі күніміз сәттілік болсын деп тілеймін
Ұйымдастырушылық кезеңі:
— Топқа домалап бауырсақ кіреді.
— Мынау бауырсақ қой.
Түлкі:
— Сәлеметсіздер ме, балалар! Бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?
Баурсақ:
— Түлкішек, мені жемешіІ Балалар, сендер түлкіге менің қандай еңбекпен келгенімді түсіндіріп беріңудерші!
Түлкі:
— Жарайды, балалар, сендер мені көндірдіңдер.
(Мезгілдерді балалар сахналап көрсетеді)
Тәрбиеші:
— Бауырсақжан, біз саған көмектесейік! Түлкішек, сен ашуыңды бас, Бауырсақтың қандай еңбекпен келгенін мына бір көрністен тамашалап, танысатын боласын.
Бауырсақ:
— Ой, балалар, сендер мені құтқарып алдыңдар. Сендерге көп рахмет!
Ал, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Қар еріп, су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек ашады,
Айтындаршы, бөбектерім, бұл қай кез болады?
Түлкі (тұқым сеуіп жатқан диқаншыға келіп сұрайды):
— Сен кімсің? Не істеп жатырсың?
Тәрбиеші:
— Түлкіжан, балалар шаршаған болар, бойларын жазып, бір сергіп алсақ, қалай қарайсың?
Сергіту сәті:
Көлбең, көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем,
Тасып піскен бидайды,
Айты, қалай жинайды?
Түлкі:
— Тағы қайда барамыз?
Балалар:
— Енді жаз мезгіліне барамыз.
Түлкі:
— Қандай жұмыс істеп жатырсың? Не үшін су қойып
Тәрбиеші:
— Түлкіжан, Бауырсақтың қандай еңбекпен келіп жатқанын түсінуге жақын қалған шығарсың?
Түлкі:
— Еңбектің не екенін енді түсіндім.
— Қазір күз мезгіліне барып, егіннің қалай жиналатынын көреміз.
Тәрбиеші:
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар,
Бұл не?
Түлкі:
— Ал сен не істеп жатырсың? Мынау қандай үлкен нәрсе? Ол не үшін керек?
— Машинамен қайда апарады?
(Машинаның суреті көрсетіледі)
Наубайхана (наубайханада ұн алып келеді, ұн дүкенге апарылады)
Дүкенші (дүкенде нан, ұн сатып тұрады):
— Балақай, неге келдің?
Тәрбиеші:
— Түлкіжан, біз балалармен бірге келдік. Дүкенде барлық тағамдар сатылады.
Түлкі:
— Ой, кереметекен? Мұнда нанның түрлері көп екен, жегім келіп бара жатыр.
Бауырсақтың қандай еңбекпен келетінін түсіндім.
Түлкі балалармен қоштасады.
Тәрбиеші:
— Балалар, қандай тиімді сөздерді білесіңдер?
— Ал, балалар, қандай тақпақтар білесіңдер?
Қортынды:
— Балалар, көрнісімізден Түлкі Бауырсақтың қалай келгенін түсінді ме? Қалай ойлайсыңдар?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз