Атырау облысы Мақат ауданы
Доссор кенті. Б. Қанатбаев атындағы
орта мектебінің мектепалды даярлық
тобының тәрбиешісі Шайкунова Алима
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Үй құстары және үй жануарлары.
Мақсаты: 1. Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, олардың төлдерін ажырата білуге, айтуға үйрету, білімдерін толықтыру. 2. Өткен сабақты пысықтау. 3. Үй жануарлары мен үй құстарының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу. 4. Балалардың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау, талдау, сұрақ–жауап, жұмбақтар жасыру.
Көрнекілігі: Үй құстары және үй жануарларының суреттері.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Ұйымдастырушы
|
І .Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Балалар қане,қолымыздан ұстап, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Әрқашан аман болайық, Елімізде тыныштық болсын. Бейбітшілік болсын, Нанымыз көп болсын! Деніміз сау болсын! |
Балалар жақсы тілек айтып амандасады. |
Ұйымдастырушы- ізденістік
|
ІІ. Өткен оқу қызыметін пысықтау. - Балалар, жылдың неше мезгілі бар? - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі ? - Бір аптада неше күн бар? – Апта күндерін атаңдар? Өткен сабақта қандай ертегімен таныстық. (Қасқыр, түлкі, әтеш). Кім ертегіні айтып береді? Қасқыр қайда кетті? Түлкі қандай қулық жасады? Түлкі қайда қашып кетті? ІІІ. Жаңа оқу қызметі. Үнтаспадан құстардың, жануарлардың даусын тыңдау. Әуеннен не естідік? - Құстар неліктен әр түрлі сайрайды? Қауіп төнген кезде құстар шырылдап, өздерінің балапандарына ескертеді. Балапандар өздерінің тамақ жегісі келетіндігін шиқылдап аналарына білдіреді. Қандай үй жануарларын білесіңдер? Балалар, малдың төлдерін қалай шақырады, білесіңдер ме? Пұшайт,пұшайт! деп қай төлді шақырады?(қошақанды). Аухау, аухау! (сиыр) Шөре, шөре! (ешкі) т.б. Көс, көс!(түйе) ІV. Дидактикалық ойын «Сиқырлы қорап» қонаққа келіпті, ішінде біздерге әкелген тапсырмалары бар екен. Ол қандай тапсырма екен, көрейік. 1 сұрақ: Үй құстарына қандай құстар жатады? Үй құстарының суды қалай ішетіндерін қимылмен көрсет. Тауық қалай айқайлайды? Үйрек ше? Қаз ше?
2 сұрақ: Жұмбақ жасыру. а).Киелі бір жануар, Үстінде екі тауы бар? Ол не? (түйе)
ә) Кішене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Ол не? (Қой)
б) Екі айнасы бар, Екі найзасы бар Төрт жылтырмағы бар. Бір шыбыртқысы бар . Ол не? (Сиыр)
в) Екеуі елеңдеп келеді, Төртеуі төбелесіп келеді. Ол не? (Жылқының екі құлағы мен төрт аяғы)
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Мойнымызды бұрайық. Алақанды ұрайық Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық. V. Дәптермен жұмыс. 3 сұрақ: «Үй жануарлары» дидактикалық ойын . Ойынның шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануарлары туралы білетінін өз ойларын айтады.
а) Суретте не бейнеленген? Үй жануарларын қалай күтіп баптайды? Үй жануарларының қандай пайдасы бар? Сиырдың сүтінен қандай тағамдар жасайды? Биенің сүті қалай аталады? Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз қандай құстармен, жануарлармен таныстық. Балалар: Үй құстары, үй жануарлары және олардың төлдерімен. Тәрбиеші: Балалар, үй жануарлары бізге не береді? Балалар: Сүт, ет, жүн, қымыз, шұбат. 4 сұрақ: «Төлдер» әнін айту. Тәрбиеші: «Сиқырлы қораптың» тапсырмасын жақсы орындадыңдар. |
Балалар жыл мезгілдерін атайды.
Ертегінің мазмұнын айтқызу.
Құстардың, жануарлардың даусын тыңдату.
Балалар жауабы, қошақан,сиыр,ешкі,түйе.
Тыңдайды.
Дұрыс жауап берілген балаларға жұлдызшалар
Құстардың даусын салу.
Сұрақтарға жауап алу.
Жұмбақ шешу.
Қимылмен көрсету.
Балалар суреттерге қарап, өз ойларын айта алады. Олар үй шаруасында күтіп өсіріледі. Шөп, жем береді. Қаймақ, ірімшік, құрт, Тауық, қаз, үйрек, сиыр, түйе, қой,ешкі |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде не жөнінде әңгімеледік? Сабаққа қатысып отырған балаларды мадақтау. |
Үй жануарлары мен үй құстары .« Сиқырлы қораптың » тапсырмасын орындадық. |
Күтілетін нәтиже: Үй құсатры мен үй жануарларының пайдасы туралы білу.
Түсінеді: Құстар мен жануарлардың айырмашылығын түсіну.
Біледі: Өз ойларын еркін жеткізе алады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі