Өлең, жыр, ақындар

Ертегілер сыр шертеді

«Нұр и Хан» жеке мекеме балабақша бөбекжайы
«Нұрсезім» тобы                                    
Тәрбиеші: Коржынбаева Нурзия Ерназаровна

Тақырыбы: «Ертегілер сыр шертеді» ашық оқу қызметі.

Мақсаты: Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттырып, тіл байлықтарын байыту, ертегіні рөлдерге бөліп ойнау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ертегі арқылы балаларды қайсарлыққа, мейрімділікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегі мазмұны, ертегі кейіпкерлерінің киімдері немесе маскалары.

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

 

-Балалар,бүгін бізге қонақтар келіпті.Қашанда қонаған сыйлаған халықпыз.Сондықтан бірінші қонақтармен амандасып алайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметпен,

Бас иеміз біз.

- Балалар көңіл-күйлерің қалай?

 

- Жақсы болса бәріміз қосылып «Ертегілер» әнін айтайық. Балалар сендер қандай ертегілер білесіңдер? Балалар жауабы тыңдалады

 

Орындарынан тұрып қонақтармен амандасады.

 

 

 

Жақсы

 

Балалар білетін ертегілерін айтады. Әнді бірге орындайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Ғажайып сәт: Есікті қағып хат тасушы келіп, хат береді. Тәрбиеші балаларға хатты оқып береді.

  -«Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді ертегілер еліне шақырамын. Ертегілер еліне бару үшін менің жұмбақтарымның шешуін табуларың керек. Жұмбақты шешсеңдер мен сендерді орсманда күтіп аламын. Сәлемменен  Маша»-делінген.

- Балалар ертегілер еліне барғыларың келеме.

Онда Машаның жұмбақтарын тыңдап, шешіп көрелік.

1-жұмбақ:

Үйін жинап ертеңмен,

Мейіз тауып алыпты.

Мысығы келмегенсоң,

Ол өкпелеп қалыпты.

Бұл қай ертегі?.

2- жұмбақ:

Атай өзі салғанын,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта алмады.

Бұл қай ертегі?

3-жұмбақ:

Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті.

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті.

Бұл қай ертегі?

-Жарайсыңдар балалар! Машаның барлық жұмбақтарын шештік,енді орманға саяхатқа шығуымызға болады. Музыка ырғағымен пойыз болып саяхатқа шығады.

 

1-аялдама.Маша балаларды орманда кездестіріп, амандасады. Маша балаларды «Үйшік» ертегісін сахналауға шақырады.

Ертегіні сахналап болып, балалар пойызға мініп жол жүреді.

2-аялдама. «Шалқан» ертегісінің суреттері тұрады. Тәрбиеші сурет бойынша қандай ертегі екенін әңгімелеп береді. Ендеше балалар осы «Шалқан» ертегісін сахналап көрсетсек.

Келістік пе балалар?

Балалар кейіпкерлерге бөлініп ертегіні сахналайды.

Хат тасушымен амандасып, хатты тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегілер еліне баруға қуанады. Жұмбақтарды тыңдап, шешеді.

 

 

 

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

 

 

 

 

«Шалқан» ертегісі

 

 

 

 

 

«Бауырсақ» ертегісі екендігін ажыратып айтады.

 

Пойыз болып саяхатқа аттанады.

 

Машамен амандасып, ертегі сахналауға

қуана келіседі.

Балалар кейіпкерлерге бөлініп ертегіні сахналайды.

 

Тәрбиеші түсіндірмесін тыңдайды. Ертегіні сахналауға қуана келіседі.

Рефлексивиті-түзетушілік.

 Балалар осымен орманға саяхатымыз аяқталды. Сендерге саяхат ұнады ма? Қай аялдама үнады? Жарайсыңдар балалар, Машамен қоштасып пойызымызға отырып тобымызға оралайық.

Ертегіге қатысқан балаларды мақтап мадақтау, олардың көңіл күйлеріне мән беру.

Саяхат ұнағанын, қай аялдама қызықты екенін айтады. Машамен қоштасып пойыздарына отырып топқа қайтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: «Шалқан», «Үйшік» ертегілерін  білді.

Қандай түсінікті игерді: Рольдерін таңдай білуге, маскаларын танып киюді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Рольдерді сомдай білуді меңгерді.

«Үйшік» ертегісінің кейіпкерлері:                             

Тышқан: Әсел                                                                       .

Тышқан:Роза                                                                        

Бақа. Ернұр

Қоян: Сымбат

Түлкі: Роза

Қасқыр:Рахымжан

Аю: Дінмұхаммед

«Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері

Ата: Әлирахым

Әже: Айсель.

Қыз: Инабат.

Ит: Айдос.

Мысық: Нұрали.

H:\20160408_101831.jpg

H:\20160408_104442.jpg


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз