№176 бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші: Сыздыкова Лаула Советбековна
«Аяулы менің анашым» (Еркемай II кіші топ)
Көңілді әннің ырғағымен шар ұстаған балалар залға кіріп, белгіленген орындарға тұрады. Би қимылдарын орындайды.
Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар ардақты әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қызар!
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасады адамдарға туыстық,
Бар адамға берсе ананың мейрімін,
Орнар еді бәр әлемде тыныштық.
Тәрбиеші: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып тағы да 8-наурыз халық аралық әйелдер мерекесі келіп жетті. Осынау мерекенің қай кезде де орны бөлек. Ана-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Арайлап атқан таңмен бірге сәби жүрегі АНА деп соқса,бүгінгі «Аяулы менің анашым» атты мерекелік ертеңгілігіміз де аналарға арналады. Мерекеліріңіз құтты болсын!
(Балалар қолдарындағы шарларын ұшырады)
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық
Өмірдің көктемі де гүлі-Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық-дей келе баллардың әсем әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Құттықтаймын мама»
Тәрбиеші: Ана –деген бәйтерегі өмірдің
Ана- деген қуанышы көңілдің
Ана-деген әрбір үйдің жылуы
Ана –деген гүлі туған өмірдің. Ендігі кезекті аналарымызға арналған жыр шумақтарына берейік.
(Таир, Арина, Айя, Әшім, Ақниет, Е.Айша, Алуа, Амира, Айша, Асия, Ердаулет)
Таир: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.
Арина: Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты.
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым.
Айя: Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тыяды.
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды.
Әшім: Жарқын жузді жан анам
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам
Шаттык кетпес баладан.
Ақниет: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Е.Айша: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Алуа: Сырымды ұғатын,
Өзіңсің қуатым.
Күнімсің шығатын,
Айымсың туатын.
Амира: Аялы алақан,
Әлпештеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.
Айша: Анам - өмір шырағы,
Анам - өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр әні,
Жүрегімде тұрады.
Әсия: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Ердаулет: Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
ТӘРБИЕШІ: Балалар, әлемдегі ең мейірімді жан кім? Балалар: Анамыз!
ТӘРБИЕШІ: Әлемдегі ең сұлу жан кім екен? Балалар: Анамыз!
Үнтаспадан құстар үні естіледі.
ТӘРБИЕШІ: Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Қандай керемет! Бұл ненің дауысы? Балалар: Құстардың дауысы.
ТӘРБИЕШІ: Құстар көңілді ән салса көктемнің де келгені ғой.
Вальс ойналып, Көктем кейіпкері кіреді. Би қимылдарын орындайды.
Көктем: Мен көгілдір көктеммін,
Былтыр да келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың
Жанына гүлдер төккенмін.
Сәлеметсіңдер ме балалар?
Тәрбиеші: Көктем, сені күттік біз,
Көк шалғынды сағындық.
Нұрын төкті көкте күн,
Хош келіпсің, көктемім!
Көктем: Армысыздар, сұлу да нәзік, аяулы аналар, көрікті қыздар! Менің алғашқы мерекем өздеріңізге ғана арналады. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Дала гүлге толыпты,
Құстар қайтып келіпті.
Алақай-ау, алақай
Көктем қандай, көрікті!
Көктем: Рахмет, достарым! (иіледі)
Жайнатамын даланы
Мереке күні тамаша!
Гүлдер, гүлдер келіңдер
Би билейік, жараса!
Ән-би «Жау-жаңбыр» (қыздар)
ОЙЫН: «Жылы лебіздер» (әр-түрлі түсте табан іздері)
ТӘРБИЕШІ: Көктем, ойыныңыз қандай керемет! Рахмет сізге!
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
Енді қыздарымыздың аналарға арнаған көңілді биін тамашалайық.
«Қуыршақтар биі»
Тәрбиеші: Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Балалар, менің сендерге сұрағым бар. Мұқият тыңдаңдар.
Бауырсаққа тойдырған,
Кәмпит беріп сыйлаған
Еркелетіп, иіскеп
Маңдайыңнан сипаған.
Бұл кім балалар?
БАЛАЛАР: - Апамыз, әжеміз!!!
ТӘРБИЕШ: Дұрыс айтасыңдар! Сүйікті апа-әжелерімізді қуантып,жылы лебіздерімізді білдірейік. Кәне, кім апасына арнап тақпақ айтып береді.(Тимур, Нұрасыл, Айжан, Рамазан, Айсана)
Тимур: Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Ауырмашы, ай әжем.
Нұрасыл: Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін.
Алыстасаң сағынам.
Айжан: Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
Рамазан: Тірегі болып жанында,
Бірге еріп жүремін.
Жанашырым жанымда,
Тек әжем деп білемін.
Айсана: Ақ әжемді арқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Тәрбиеші: Әжелерді ардақтап,
Қуанатын күн келді.
Мейрамымен құттықтап
Ән салайық біз енді!!!
Ән «Ақ әжем»
Көңілді әуен ойналып, шарлар ұстаған Карлсон «ұшып» келеді
Карлсон: Сәлем, достар!
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Сәлеметсіздер ме, аналар? Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Қош келдің, Карлсон! Бүгін өзің ерекше көңілдісің ғой!
Карлсон: Әрине, көңілдімін! Өйткені бүгін сұйікті аналардың, апа-әжелердің, тәте-апайлардың, сұлу бикештердің, кішкентай қыздардың да мерекесі ғой!Кел, күлейік, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйіп не керек?
Көңілді боп жүрейік!
Тәрбиеші: Жарайсың, Карлсон! Көңілімізді көтеріп тастадың ғой!
Карлсон: Балалар, мен ана-аау үйдің шатырында отырып, сендердің көңілді әндеріңді естідім. «Бірге тойлайын»-деп тез-тез, былай-былай (тез қимылдап көрсету) ұшып келдім
Ойын: Көңілді шеңбер (балалармен ойнайды)
Тәрбиеші: Карлсон, аналарымызға қандай тартуың бар?
Карлсон: Қандай тартуың бар дейсің бе? Тарту дейсің бе? Ол «тәтті» чупа-чупс па? (жоқ!) Мүмкін ол торт шығар? (жоқ!) Таптым, таптым, «тарту» деген тәтті тосап қой! (жоқ!) Балалар, айтып жіберіңдерші, тарту деген тәтті кәмпит пе? (жоқ) Әлде сникерс пе? (жоқ)
Тәрбиеші: Карлсон, тарту тек тәттілер ғана болмайды. Ол аналарымыздың көңілін көтеретін өнер немесе сыйлық та болады.
Карлсон: Түсіндім, түсіндім! Біздің де тәтті тартуымыз бар! Бірақ ол үшін бізге бас аспазшы керек!
Әуен ойналып АСПАЗШЫ келеді.
Аспазшы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сіздерге қандай көмек керек?
Карлсон: Сәлеметсіз бе, аспазшы! Бізге тәтті тосап дайындап беріңізші! Балалар да мен де тәттіні өте ұнатамыз!
Аспазшы: Кәне, менің аспазшы көмекшілерім қайда? (жан-жағына қарайды)
Келіңдер кәне балалар
Дәмін көрсін аналар
Карлсондай достарға
Тосап жасап берейік
«Аспазшылар биі»
Карлсон: Рахмет, аспазшы. Тосап тәтті болған сияқты!
Аспазшы: Тәтті тосап дайын болды. Енді мен басқа балаларға пісіріп берейін. Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Карлсон, енді мұқият тыңда! Балалар аналарына құттықтап, тақпақтарын тарту етеді. (Амина, Алан, Аслан, Адина, Амина)
Амина: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Алан: Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Аслан: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Адина: Анам, анам, ақ анам,
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілінді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Амина: Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
Карлсон: Мерекені тойлайық
Қуанып біз ойнайық.
Аналарды қуантып
Көңілді ойын ойнайық.
Карлсон: Алақай! Ойнаймыз! (секіріп, қуанып) Ойнағанды мен де ұнатамын! Ал мен қызық ойындарды білемін. Кім батыр? Кім күшті? Кім епті? Шығыңдар ортаға!
ОЙЫН: «Моншақтар» (балалар шашылған дөңгелектерді жинайды)
Карлсон: Керемет! Балалар, өздерің епті, өнерлі екенсіңдер.
Тәрбиеші: Балалар тағы қандай өнерлерің бар?
Карлсон: Көңілді билейік тамаша,
Секіріп, айналып жараса!
Ұйқышылар, шығыңдар ортаға!
«Ұйқышылар» биі;
Көктем: Қандай ақылды, өнерлі балалар!? Мен сендердің өнерлеріңді көріп риза болдым.
Біздің әсем бақшамыз,
Тату доспыз баршамыз!
Ойыншықтарды аламыз
Билейміз, ән саламыз!
Ән «Топ-топ, балақан»
Тәрбиеші: Аялаған, баптаған
Асыраған, сақтаған.
Сақтандырып, күнде еппен
Айтып, бәрін үйреткен-анамызға
БӘРІ: МЫҢ АЛҒЫС!!!
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар ,осымен біздің бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Ана–әжелерімізді көктем мерекесімен құттықтай отырып денсаулық, бақыт тілейміз.
Көңілді әуенмен балалар залдан шығып топқа кетеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі