Өлең, жыр, ақындар

Ата Заңым – ардағым!

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы
«Келешек» балабақшасы
Сүлеймен Назерке Майбасқызы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Ата Заңым – ардағым!»

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжанды ұрпаққа тәрбиелеу.Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу, патриоттық сезімін ояту.

Көрнекіліктер: Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер, әнұраны слайд.

Сабақтын әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өлең, сурет салу, сергіту.

Блингвальді компонент: Отан - родина - fatherland, Заң - закон - law.

Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Жақсы Ендеше балалар  бір аптада неше күн бар? 7 күн. Біз балабақшаға неше күн келеміз? 5 күн. Ал неше күн демаламыз. Бүгін аптаның кай күні? Жарайсыңдар балалар Ендеше балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Ата Заңым- ардағым» жайлы өтеміз. Балалар, біздің жеріміз орман, тау, көліміз өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ, осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан Республикасы Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы.Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Заңға бағыну тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Өз Отанын танып сүюі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.

- Балалар қане тақпақтарымызға кезек берейік.

Асылжан
Отан деген- Атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан-ана,Отан-пана,
Қазақстан- туған ел.

Ясмина
Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен - байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тұра бер,
Қазақстаным менің!

Аружан
Біз – еліміздің жас өркеніміз,
Желді керген желкеніміз,
Желбіретер көкте туын
Біз - еліміздің ертеңіміз!

Тәрбиеші: Балалар кім көп біледі ойынын ойнайық.

– Балалар, біз қай елде, қандай мемлекетте тұрамыз?
– Қазақстан Республикасында тұрамыз.
– Қазақстан елордасы қай қала?
– Астана
– Елбасымыз кім?
– Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев
– Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білемізбе?
– Иә, олар: Әнұран, Ту, Елтаңба
– Дұрыс балалар. Сендер рәміздер тұралы тақпақтар білесіндерме?

Сұлтан

Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағыбірлікте

Даниял

Отантуыжелбіреп
Көзтартады  құбыла
Бізқараймызелжіреп
Туғанжердіңтуына

Ән: Хор Көктудың желбірегені.

Ақерке
Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым
Мұны біліп өтемін.

Арыс
Сәуленді шаш еліңе,
Нұрынды төк жеріңе.
Киелі менің Елордам,
Бақ болып қонған төріме.

Хор: «Көк тудың желбірегені»

Айым:
 Тәуелсіз азат елім
Туып өскен-байтақ жерім.
Мәңгіжайнап тура бер
Қазақстанымменің!

Қортынды:
- Ал енді балалар сабағымызды қорыта келе тудың суретін қағаз бетіне сауатты бейнелеп үйренеміз.

Мемлекеттік ту ортасында отыз екі сәуле тараған, күн бейнеленген, күннің астында  қалықтаған  дала қыраны бар. Ағаш сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран және ою өрнек алтын түсті ғып бейнелейміз.

Бүгінгі біздің еліміздің Ата заңы – Конституция  күнімен барлықтарынды құтықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін.     


Пікірлер (2)

Кнррррр о

Карттар мерекесыне арнайы жок па

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз