Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
№33 "Хиауз" балабақшасының
Тәрбиешісі: Қайырбаева Әсел Сәттібайқызы
Тақырыбы: «Айгерім қуыршақ бізде қонақта»
Оқу іс–әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбер
Армысыз алтын күн!
Армысыз қайырымды аспан ана!
Армысыз мейірімді жер ана!
Қуанайық шаттанайық бәріміз,
Күліп атты таңымыз!
Тәрбиеші: Балалар қане мында қарайықшы бізге қонаққа Айгерім қуыпшақ келіпті. Барлығымыз Айгерім атты қуыршақпен амандасайық.
Қуыршақ: Салематсыңдарма балалар!
Балалар: Салематсыз ба!
Тәрбиеші: Айгерім қуыршақтың көңіл күйі жоқ сияқты балалар не болғанын сұрайық.
Қуыршақ: Менің балалбақшаға барғым келеді, бірақ ештене білмеймін. Балабақшаға бару үшін мына тапсырмаларды білу керек. Маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Йа
Тәрбиеші: Олай болса тапсырмаларды мен оқып берейін.
1–ші тапсырма. Дидактикалық ойын «Не қайда тұрады»
Мақсаты: Жабайы жануарлардың тұрағы туралы білімдерін пысықтау, зейінін жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ойыннын барысы: Балалар отырып, жануарлар және олардың тұрағы бейнеленген үлестірмелі тірек қағаздарды алып, ондағы жануарлардың суретіне сәйкес тұрағымен сызық арқылы қосады.
Балалар: Тапсырманы орындады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер бірінші тапсырманы жақсы орындадыңдар. Екінші тапсырманы орындауға дайынсыңдарма?
Балалар: Йа, дайынбыз.
Тәрбиеші:
2 - ші тапсырма. Дидактикалық ойын: «Жануарлардың немен қоректенеді?»
Мақсаты: Балалардың жануарлардың немен қоректенетіндері туралы білімдерін пысықтау, зейінін жетілдіру, жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Ойынның барысы: Балалар екі үстел айналасына жиналады. Бірінші үстелдегі балалар үй жануарларының, екінші үстелдегі балалар жабайы жануарлардың немен қоректенетінін анықтайды. Мысалы: - Сен қандай жануарды таңдадың? Ол немен қоректенеді? (Бұл қоян. Ол сәбізбен, көк шөппен, қырыққабатпен қоректенеді.)
Балалар: Тапсырманы орындады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер екінші тапсырманы да жақсы орындадыңдар.
3–ші тапсырманы орындайық. «Бөлігін тап»
Мақсаты: Балалардың бақша өнімдері яғни көкөністер туралы білімін бекіту. Шапшаңдыққа жіне ұжымда ойнай білуге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар көкөністердің жердің астында өсетін бөлігіне сәйкес жердің бетінде өсетін бөліктерін табуы керек және көкөністің атын атауы керек.
Балалар: Тапсырманы орындады.
Тәрбиеші: Сендер үшінші тапсырманы да жақсы орындадыңдар.
Сергіту
Біз кішкентай баламыз,
Көкке қолды созамыз.
Күнге қарай талпынып,
Қанат қағып ұшамыз.
Қарлығаштай самғаймыз,
Бір отырып, бір тұрып,
Жаттығулар жасаймыз.
Тәрбиеші: Балалар енді төртінші тапсырманы орындайық дайынсыңдар ма?
Балалар: Йа, дайынбыз.
Тәрбиеші:
4–ші тапсырма. «Құсты және ұясын құрастыр»
Мақсаты: Балалардың мейірімділік, өамөорлық с езімін ояту. Құстардың, құс ұясын пішіндер арқылы құрастыру.
Шарты: Балалар геометриялық пішіндерден құс бейнесін, ұясын құрастырады. Денесі – сопақша, басы – сопақша, тұмсығы – үшбұрыш, қанаты – жарты сопақша.
Балалар: Тапсырманы орындады.
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар сендер барық тапсырманы өте жақсы орындадаыңдар. Мен Айгерімнен сұрайын біздің балалардың жауаптары ұнадыма, бәрін білемекен, сен есіңде сақтап қалдың ба? деп тәрбиеші қуыршақтан сұрайды.
Тәрбиеші: Балалар Айгерім қуыршақ сендерге рахмет айтып жатыр. Сендердің арқаларыңыз да көп нәрселерді білдім дейді. Енді Айгерім қуыршақта балабақшаға баратын болды. Маған Айгерім қуыршақ үйіме барып, балабақшаға баруға дайындалайын деп жатыр. Олай болса Айгерім қуыршақты үйіне шығарып салайық. ( Айгерім қуыршақты шығарып салады)
Қорытынды: Балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміз ұнады ма? Бізге бүгін кім қонаққа келді? Кандай тапсырмаларды орындадық? Бүгінгі оқу іс – әрекетіміз осымен аяқталды. Еліміз аман, жұтымыз тыныш болсын.
Аиша
Сәлеметсіздер ме!? Жарияланған метериал өте жақсы жазылған. Мазмұны жағынан да түсінікті әрі тақырыпқа сай жазылғаны көрініп тұр. Балларды оқу қызметтеріне қызығушылығын ояту үшін тосын сый ретінде қонақтарды топқа келтіру, шығармашылық қабілеттерін, ойын, қиялын дамытуға түрлі дидактикалық ойындар ойнатылғаны айдан анық. Сергіту сәті де жақсы. Осы материалды келешекте өз тәжірибемде қолданамын деген ойдамын. Бұл кісіге еңбегіңіз жемісті болсын дегім келеді.