Өлең, жыр, ақындар

Құс патшасы — аққу

Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет кенті
"Жолымбет №2 орта мектебі" ММ
Бастауыш сынып мұғалімі Абитаева Риза Досымбековна

Мақсаты: Білімділік: Үстеу түрлерімен таныстыра отырып, грамматикалық тапсырмаларды орындау. «Аққу» тақырыбы бойынша тілдесім, сөйлесім әрекеттерін дамтыу.   

Тәрбиелік: Туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту. Меңгерілген сөздерді ауызекі сөйлеуге қолдана білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.                                                          

Әдістері: оқу, жазу, сұрақ-жауап, түсінік беру, ауызекі сөйлеу, топпен жұмыс жасау.     

Көрнекілігі: оқулық, сөздік, аққу суреті, плакат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Сабаққа дайындық жүргізу.

3. Ауызекі сөйлеу.

4. Психологиялық дайындық жүргізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

1. Көктем айларын ата
2. Көктемгі еңдек деп нені айтамыз?
3. Көктем мезілінде табиғатқа қандай өзгерістер енеді?
4. Қазір қандай мезгіл?
5. Қанадй ай?
6. Аптаның нешінші күні?
7. Бүгін айдың нешесі?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Слайд бойынша «Аққу» тақырыбына сай видио, суреттер көрсетіледі. Қосымша мәліметтер беріледі).

2. Ережемен таныстыру.

Заттың іс-қимылының мезгілін, мекенін, жай-күйін білдіретін сөздерді үстеу деп атайды. Үстеу қашан? қайда? қайдан? қалай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: биыл, алда, жоғарыдан, тез.

Үстеулер мағынасына қарай мезгілдік, мекендік, сын-қимылдық (бейнелік), мөлшерлік, күшейткіш болып бөлінеді.

1. Мезгіл үстеулер қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді. Мысалы: Биыл көктем ерте келді.
2. Сын–қимыл (бейнелік) үстеулер қимыл, іс-әрекеттің алуан түрлі сапасын білдіреді. Мысалы: Шөп қаулап шықты.
3. Мекен үстеулер қимыл, іс-әрекеттің орнын (мекенін) білдіреді. Мысалы: Алыстан қонақтар келді.

ІV.  Сөздікпен жұмыс жүргізу.

- жаңа сөздерді интерактивті тақта арқылы таныстыру,

- жаңа сөздердің мағыналарын ашып түсіндіру,

- дұрыс айтуға дағдыландыру

- әр қайсысына оқыту

- жаңа сөздерді хормен қайталап оқу.

- жаңа сөздерден сөз тіркесі мен сөйлемдер құрау.

Қону — приземлиться                                                  сыңсу — шипеть

Кешкісін — вечером                                                     босату — освободить

Қармақ — удочка                                                         аққу — лебедь

(слайд)

V. Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу.

Мәтін тақтаға жазылып көрсетіледі. Мәтінді оқып, аудару керек. Ондағы мезгіл үстеулерді тауып, оларға сұрақ қою керек.  

Аққу.

Көктемде Жайық өңіріне аққулар ұшып келеді. Көк шалғынға киіз үй тіккенбіз. Аққулар тобымен орман ішіне қонды. Таңертең ерте оянып, өзенге қарай жүгірдім. Кешкісін қармақ құрып кеткенбіз. Келсем, аққу жүр екен, қармақ аяғына кіріп кетіпті. Көйлегімді тез шешіп тастап, аққудың қасына жүзіп жеттім. Аққу су сабалап, сыңсыды... Аузын ашып, айбат шекті. Аяғынан ұстадым да, қармақтан босаттым. Рақмет айтқандай, бір саңқ етті де, арғы беттегі тобына қосылды. Өзен жағасын әнге бөлеп, аққулар аспанға көтерілді.

         

VІ. Cергіту сәті.

(Слайд арқылы орындату)

VІІ. Топпен жұмыс.

Оқушыларға 1 парақтан 3 парақ таратылады. Онда мекен, мезгіл, сын-қимыл үстеулер жазылған. Соларға сызбамен толықтырып жазу керек.

І топ                                                                    ІІ топ
Мезгіл үстеу               кеше           Мекен  үстеу                   жоғары
                                  Бүгін                                                  мұнда
                                  Қазір                                                  сонда
                                  Кеш                                                   алыстан
                                  Ерте                                                   төмен

ІІІ топ
Сын-қимыл (бейнелік)                       Тез
                                                        Жатқа
                                                        Ауызшы
                                                        Жазбаша
                                                        Жаман
                                                        Жақсы
                                                        Кенет

VІІІ.  Сабақты бекітіп, қорытындылау.

«Аққу» қандай құс?

Аққудың дене пішіні қандай болады?

Аққудың балапанын не деп атайды?

Бүгін сабақта қандай ережемен таныстыңдар?

Мысалдар келтіріп атап шығыңдар.

VІІ.  Үй тапсырмасы.

«Үстеу» ережесін жаттау. 3 мысалдардан келтіру.

«Аққу» мәтінін оқып, мазмұндап беру.

VІІІ. Бағалау.

Сабақ барысында алған бағаларын бағалау парағына қойып күнделік журналға қою.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз