Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Өркен ауылы
«Балбөбек» шағын орталығының  
тәрбиешісі Турдукылова Еркежан Умитбековна
Оқу іс–әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.
| МАД | Тәрбиеші: | Уақыты: | Кабинет: | ||
| Тақырыбы | Күн мен бұлт | ||||
| Сабақтың мақсаты | Тақырыпты зейін қойып түсініп, мазмұнын түсіне білуге үйрету, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге ынталарын арттыру. | ||||
| Көрнекіліктер | Үлестірмелі суреттер, плакат т.б | ||||
| Іс-әрекет кезендері | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | |||
| 
 Психологиялық ахуалды қалыптастыру 
 
 
 | Шаттық шеңбері – Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! | Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. | |||
| Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ | Күн мен бұлт Жаңа білімге байланысты видеожазба тамашалау Алған әсерлерімен бөлісу Салу жолымен танысу | Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. | |||
| Сергіту сәті | «Мен білемін». Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту. Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу. – Мен ұлдардың бес атын білемін: Арман – бір Аділет – екі Қуаныш – үш Асхат – төрт Нариман – бес Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар). | Оқушылар ойын ойнайды | |||
| Рефлексивті — түзетушілік | Сарамандық жұмыс Күннің суретін салу | Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. | |||
| Күтілетін нәтиже: | |||||
| Білу | Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады. | ||||
| Өзіне үйренгені | Жаңа білімді түсінеді | ||||
| Үйрену | Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену. | ||||
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі