Алматы облысы
Қапшағай қаласы
«Малыш» балабақшасының
тәрбиешісі Окейқызы Қымбат
Әдемі музыка әуенімен топ балалары залға кіреді. Жарты шеңберге тұрады.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Құрметті ата-аналар, балалар мерекелеріңіз құтты болсын! Балапандарыңыздың алғашқы ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Олай болса, алғашқы әнімізді қабыл алыңыздар!
Ән: Алтын күз
Жүргізуші: Рахмет балалар, орынымызға жайғасайық. Балапандарымыздың тәтті тілдерімен Күз мерекемізге арналған тақпақтары бар
Сап сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен
О, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты
Гүл жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Жүргізуші: балалар тәтті тілдеріңнен айналдық, рахмет!!!
Музыка әуенімен айналып, билеп ортаға Күз ханшайымы кіреді
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар?!
Балалар: Сәлеметсіз бе?!
Күз Ханшайымы: Амансыздар ма қонақтар, сәлеметсіз бе апай?! Мені таныдыңыздар ма? Мен Күз мезгілінде құлпырып жүретін, Күздің сәнін келтіретін Күз ханшайымымын! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын, жылда осы балалақшаға келіп сіздермен бірге мерекені тойлап жүрміз! Әдемі музыка әуенін қойып мені күтіп алғандарыңызға рахмет!
Жүргізуші: Оқасы жоқ Күз ханшайымы, сізбен мерекеміз одан әрі құлпыра түспек. Біздің балалардың балабақшадағы бұл алғашқы мерекесі, ортамызда болып бізбен бірге көңіл көтеріңіз!!!
Күз Ханшайымы: Рахмет! Көңіл көтеру туралы айтасыз, менімен ойын ойнағыларың келеді ме, балалар? Мен сендерге ойын дайындап келдім.
Ойын: Кім жылдам?
Күз ханшайымы жерге шишкаларды шашады, балалардың алдына 2 карзина қояды, 2 баладан шығып, әркім өз карзинасына шишкаларды жинайды. Кімнің карзинасына көп және жылдам жинайды сол бала жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, жақсылап Күз ханшайымымен бірге көңіл көтеріп алдық, олай болса күз мерекесіне арналған өлең жолдарымызды жалғастырайық
Ой алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Қуандырып біздерд
Өлкемізге күз келді.
Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Жүргізуші: Міне біздің балаларымыздың мерекемізге деген тілектері осындай болды, рахмет! Олай болса, орынымызда отырып шаршасақ, тұрайық қане, ортаға шығып, жаттығу жасап алайық
Жаттығу: Бір оңға, бір солға
Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып
Жатқан мезгіл күз екен,
Алдым соны түсініп.
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Күз Ханшайымы:
Бәрекелді достарым
Білгішсіңдер барлығың
Мен бір риза болайын
Сыйлаңдаршы би бүгін!
Балапандар биі
Жүргізуші: Бәрекелді, балалар енді біз қоанқтарымызға Шалқан ертегісін көрсетейік
Шалқан ертігісінен көрініс
Ойын: Күн мен жанбыр
Ән: Күзгі әуен
Жүргізуші:
Бұл мерекеміз тамаша өтті,
Қандай жақсы сәл айналып қараса
Алтын күзбен әсем ән
Мың бұралған бишілер
Бәрімізде жүрек толқып
Қуанамыз балаша
Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, осымен «Қош келдің Алтын күз» аттты ертеңілігіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп біздің ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға алғысымызды білдіреміз!!!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі