«Технология және оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
1.Бастауыш сыныптардағы технология әдістемесінің мақсат, міндеттері.- Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын игеру. Еңбекке баулу сабағының мазмұнының құрылымы мынандай. Негізгі 4 блок бойынша оқытылады.
І .Өзіне - өзі қызмет ету.
ІІ. Ауылшаруашылық еңбек.
ІІІ. Техникалық еңбек.
ІV. Көркем еңбек.
2. Технология сабағының мазмұны- технология сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды ізденіпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі. Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі.
3. Сабақ-технология оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.- Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.
4. Оқу шеберханасындағы практикум мен бастауыш сыныптардағы технология әдістемесі.- Бастауыш сынып мұғалімдеріне «Еңбекке баулуды» оқытудың теориясы мен технологиясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізуге кәсіби даярлау. Осы мақсатты жүзеге асыруда технологиялық мәдениетке қатысты атқарылатын міндеттердің бірегейі: техникалық, тұрмыстық, қоғамға пайдалы еңбекке баулудың технологиялық негіздерін және әр түрлі материалдарды көркемдік өңдеудің технологиялары мен практикалық қолданылуын үйрету; дизайнды оқытудың теориялық негіздерін беру.
5. Қағаз және қатырма қағаздың адам өміріндегі, өндірістегі және тұрмыстағы маңызы. Бүгінгі таңда қағаз тек кітап, газет шығару үшін ғана емес, сонымен қатар ол электр машиналары, лаборатория жабдықтары, үй жиһаздары үшін де жаратылады. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын бірде-бір сала жоқ. Тіпті, ғарышты игеру, ғарышта фотосуреттер түсіру үшін де қағаздың арнаулы түрлері жасалады. Электр генераторлары мен конденсаторларында да қағаз қолданылады.
6. Қағаздар мен қатырма қағаздарды өңдеу процесіндегі өлшеу- Қағазбен орындалатын жұмысты бастамас бұрын «Қағаздан не құрастырылады?», «Дәптер қалай жасалған?» т.б. тақырыптарға әңгіме өткізіледі. Қағаздың, қатырма қағаздың ерекшеліктері, олардың қандай мақсатқа қолданылатыны жайында қысқаша түснік берілгені жөн. Еңбекке баулу сабақтарында балалардың жұмыс істеуіне ең қолайлы материал – қағаз. Қағаздың түрлі сорттары (жазуға, газет басуға, сурет салуға, зат, цемент салатын қапшық жасауға арналған т.б.) жағдайында мағлұмат беріледі.
7. Шаблондарды трафаретті штампты қолдану- Жалпы трафаретті жұқа пластиналар болмаған жағдайда, картон қағаздар көмегімен де жасауға болады. Бұйымның ртасы немесе жеке бөлшектер орыны, кішкене тіліктермен тереңдігі 5 мм алынған болуы керек. Трафареттер мен қима үлгілер көмегімен бұйымның шет өңірлері жиектеледі.
8. Қағаздар мен қатырма қағазды бүктеу және қаттау.- Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар. Қағаздың өзі Қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан. Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттард қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық, шашылмай жинақы болу үшін пайдаланған. Уақыт өте келе ХХ ғасырда оригами туралы бүкіл әлем білетін болды. Кейбір шеберлер бір қағаздан бірнеше әр түрлі пішіндерді жасай алады. Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады. Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.
9. Қағаз бен қатырма қағазды қосу- Қағаз бен қатырма қағаз жасаудың негізгі шикізаты – целлюлоза. Одан жасанды жібек тоқылады, кино, фотопленкалар және автомобиль шиналарына корд дайындалады, ал оның негізгі тұтынушысы – қағаз – қатырма қағаз өндірісі.
10. Қағазды бояу. Көркемдеу, бүгу және қаттау, желімдеу- Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша белгілеу, бүктеп-қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарда таба білумен таныстырудың да мәні зор.
11. Талшықты материалдармен, матамен жұмыс- Маталардың ассортименті дүниежүзілік рынокта химиялық талшықтардың, текстуралық материалдардың, фасондық және үлкен көлемдік иірілген жіптердің қолданылуына, сән үрдісіне байланысты жыл сайын жаңарып тұрады. Маталар талшық құрамына байланысты мақта - мата, зығырлы, жүн, жібек болып бөлінеді;
12. Тоқымашылық өнердің түрлері- Қазақстан жерінде жүннен әртүрлі бұйымдар тоқу ерте заманнан белгілі болған. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдар осыны дәлелдейді.
13. Мата түрлерін айыру, өңдеу технологиясын және қолдану ерекшеліктері- Матаның түрлерi жiптердiң түрлерiне байланысты болады. Сондықтан да, олар натуральды, жасанды, синтетикалық т.б. түрлерге бөлiнедi. Пайдалануына байланысты – тұрмыста қажеттi және техникалық. Тоқылғанына байланысты – қарапайым және күрделi. Әшекейленуiне байланысты – түктi және түксiз. Түсiне байланысты – бiр түстi және ала түстi.
14.Ұлттық сәндік - қолданбалы өнер элементтері сабақта пайдалану әдістемесі- Сәндік- қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған.
Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.
1. Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. 2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.
3. Зергерлік бұйымдар. Білезік- білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған.Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.
15.Жіппен жұмыс түрлері.Жіппен бейнелеу әдістемесі-«Жіппен сурет» техникасымен жұмыс жасау
сәндік - қолданбалы өнер түріне жатады. Бұл өнер көне заманнан бері қарапайым еңбек құрал жабдықтарын
пайдаланып, шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын қолөнер өндірісі екендігі белгілі. «Жіппен сурет» өнерінің тарихына үңілсек, бұл өнердің түрі алғаш рет XVI шы – ғасырда тұманды Альбионда, яғни Ағылшын елінде пайда болған. Ағылшын тоқымашылары тақтайшаларға белгілі бір жүйемен шегелер қағып, сол шегелерге жіптерді керіп, орап байлаған. Нәтижесінде шілтерленген әдемі сурет өрнектері шыққан. Сол суреттерін үй ішін безендіруге пайдаланған. Тарихта бұл суреттер тоқымашылардың матаға салатын өрнектерінің эскизі деген де болжам бар.«Жіп сурет» әдісімен қазіргі кезде декоративті паннолар, открыткалар, әдемі түрлі суреттер салып, сувенир қаптар, кітап арасына салатын белгілерді (закладка) безендіреді. Бұл әдіспен жұмыстану кезінде, өрнектер тез орындалып, ойдан шығармашылық бағытта түрлі сурет ойлап шығару қасиеті дамиды. Әр түрлі, әр түсті жіп түрлерімен ізденіс жұмыс түрлерін орындап жеңіл тапсырмадан күрделі тапсырмаға ауысып отыруға болады.
16.Матаны көркемдеу безендіру. Батик. сабағының әдістері-Матаны көркемдеп әшекелеу, батик – ұлттық дәстүрлері мен тамырлары тереңде жатқан, бүгінгі күнге дейін жеткен қооданбалы өнердің бір түрі. Қолмен безендіру өнерімен Жапония,Қытай Индонезия және Африка ертеден таныс. БАТИК - маталарды қолмен безендіру түрлерінің жалпы атауы. Ол үшін көркемсурет өнерінің суреттік (көркем ) тәсілдері -«акварель» , графика , витраж, т.б. қолданылады. Батик (малайяша -batɪk) - айшықтау әдісі және нақышталып, безендірілген алуан түсті мата.Бұл әдіс бойынша бояу сіңбейтін құрамдас заттармен ( «ыстық батикті»қолданғанда қыздырылған балауыз, «суық батикті» қолданғанда резинажелім) матаға әр алуан айшықты кескіндер, нақыш-өрнектер салады, одан кейінматаны бояйды. Қосымша түс, рең беру үшін жапсырылған балауыз ара-тұра аланып
тасталады да, мата еселеніп қайта боялады. Батиктің шығу тарихы. Батик өнері ең алғаш рет Индонезиядағы Ява аралдарынан басталған өнер. Бұл матаны ерекше әшекейлеу болып табылады
17.Құрақ құрау, әдістемесін пайдаланып «Ши құрақ» сабақ жоспарын құру-Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат: Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.
Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы әже-әпкелеріміз күнделікті үй-тіршілігінде өзіндік орны бар, пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше,мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе-көрпешелер жасауын дайындаған. Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін»деген тілекпен жасаған.
Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.
Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді.Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.
18. Ағаш өңдеу өнеркәсібі. Ағашпен жұмыс сабағының әдістері-Ағаш өңдейтін кәсіпорындарындағы білдектерде ағаш сүрегін механикалық өңдеуді әртүрлі салаға маманданған білдекшілер атқарады. Аралаушы – білдекші дөңгелек және таспа ағаштарды аралайтын білдектердің жұмысын бақылайды, дайындамаларды қабылдап алып келесі білдекке өткізеді. Жұмыс соңында білдекті жоңқалардан тазартады. Тескіш білдектерде білдекші бөлшектерге тесіктер жасайды. Жону білдегінде білдекші бұйымдарды, бұйым бөлшектерін жонады. Сүргілеу білдегінде білдекші сүргі және жону білдегіндегі жұмыстарды бақылайды. Бөрене, тақтайлардың жиектеін сүргілейді, ені бойынша өлшеміне сәйкес өңдейді, шпон жаймалары бумасының тік бұрышты жиектерін сүргілейді.
19. Папье-маше, оның орындалу жолдары үйрету әдістемесі-Аты французша болғанымен, папье- машенің отаны қағаз алғаш пайда болған Қытай елі еді. Қазба жұмыстары кезінде табылған алғаш папье- маше Қытай жерінен табылған батырдың сауыты мен дулығасы еді. Қаттылық пен мықтылық беру үшін лакпен қабаттап жағып отырған екен. Табылған бұйымдар Хань династиясына жатады (б.э. д. 202-220жж).Папье- маше технологиясы бойынша жасалған сол кездегі соғыс құралдары әрі жеңіл, әрі мықты, қозғалуға ыңғайлы, садақ оғы өтпейтін, қылыш жүзін тайдырып жіберетін қасиетке ие болған.Папье- маше Қытайдан Жапония мен Парсыларға келген.Жапонияда бұл өнер- харико деп аталады. Ол елдерде осы техникамен мерекеге арналған маскалар мен басқа бұйымдар жасала бастады. Ары қарай бүкіл елге таралды. Бәрінен де Еуропа еліде көп қолданысқа ие болды. 17 ғасырдың ортасында Францияда өндірісінде осы техникамен қуыршақтар жасап шығарылды. 1960ж Ағылшындар бұл өнерді жалғастырды. Папье- маше Ресейге 1960ж ПетрІ әкелді. Жапонияда бұл өнер- харико деп аталады.-Папье-машені үш әдіспен жасауға болады.1- тәсіл:мүсіннің үстіне вазелин майын жағамыз, жыртылған қағазды желіммен жапсырып отырамыз. Осылай 10-15 қабат жапсырылады. Кептіріп қоямыз, кепкеннен кейін мүсінен ажыратып аламыз. Дайын бұйымның бетін бояймыз.2-тәсілде сұйық желімді қағаздан формаға құйылады. Уақ жыртылған қағаздарды ыссы су құйып, бор қосып иленеді. Қағаз бен бор қосылған қаймақтәрізді қоймалжың массаға желім қосылады. Дайын формаға дайын массаны құяды немесе форманың сыртына жапсыру арқылы да жасалады.3-тәсіл бойынша- картондар қабат-қабат фанер тәрізді ауыр қысыммен жапсырылады.Кепкен бұйымды сырты түрпі қағазбен ысқылап тегістеліп, грунтталып, боялады.Керекті құрал-жабдықтар қағаздар;су;ұн клейстер немесе пва желімі;
20. Табиғи материалдармен әдістемесі-Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс оқушылардың ой-өрісін дамытуға, әсемдікке, табиғатты қорғауға, психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді. Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Қлөнер бұйымдарын жасауда қолданылатын табиғи материалдардың түрлері көп. Шырша, қарағай жаңғақтары, ағаштардың дәндері, жапырақтары, бұтақтар, тастар, өсімдіктер, гүлдер және олардың күлтелері бұйым жасауда таптырмас материалдар. Табиғи материалдармен жұмыс бастауыш сыныптарда кеңінен қарастырылған. Мұндай жұмыстарды жасату барысында оқушыларға жұмыс жасатумен қатар, табиғатты сүюге, қоршаған ортаны аялауға, тәрбиелейміз. Сондықтан да елімізде табиғатты қорғау заң арқылы реттеледі.
21. Табиғатты қорғау, бұйым жасау. Флористика, сабағының әдістері-Табиғатты қоргау қажет. Себебі; таза ауамен демаламыз. Қоқыстарды лақтырмау керек, сенбілікке шығу керек, ағаш егу керек. Флора – қандай да бір аймақта өсетін өсімдіктің түрлері.Флористика дегеніміз – кепкен дән, кепкен жеміс, кепкен шөп, кепкен өсімдік және гүлдер. Осы флористика сәндік қолданбалы өнердің бір саласы болып табылады. Осы кептірілген табиғи материалдардан, яғни өсімдік, шөптер, гүлдер, дәндерден көптеген сурет шығармалары панно, картина құрастыруға болады. Флористика өнері ертеректе Жапон елінен бастау алған. Оны икебана деп аталады. Бұл сөздің аудармасы «ике» — өмір, «бана» — гүл деген мағынаны білдіреді, яғни гүлден кептірілген өсімдіктен керемет компазиция құрастыру дегенді білдіреді. Гүл құрастырудың негізгі прициптерінің бірі – аз ғана гүлдерді пайдалану және ол көзге бірден жақсы әсер қалдыру керектей орналасуы қажет. Мысалы, бар болғаны үш тал гүл шоғынан белгілі бір құрылымды қажетіңе қарай құрастыруға, жинақтауға болады.
22. Қағаз және қатырма қағаздың пайдаланып «Ашық хат» дайындау әдістемесі.- Сыйлықты ұсыну да, қабылдау да — өнер.Сыйлықты дұрыстап ұсына біліңіз. Өйткені қаншалықты бағалы сыйлық болғанымен, жөн - жосықсыз бере салу ешқандай әсер қалдырмайды. Сыйлықтың бағасын еш айта көрмеңіз және кешіктірмей жеткізіңіз. Бір күнге кешіккен бағалы сыйлықтың да қадірі болмауы мүмкін. Сыйлықты шын көңілден, жадыраңқы көңілмен ұсыну сыйлық бағасын одан әрі асқақтатып, сыйлық алушыны шаттыққа бөлейді.
Ал сыйлықты алған кезде оны бағалап, алғыс сөздерін айту керек. Алғыс айту – көңіл білдіру мен сыйласымдық белгісі. Сыйлықты қабылдар кезде сыйлық берушінің қолына емес, өзі мен көзіне қарау керек. Сыйлық талғамыңыздан шықпаса да, оған ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, алғыс айтуға тиіссіз
23. Фольга мен қаңылтырдан бұйымдар дайындау, сабағының әдістері- Фольга – аллюминий мен қорғасын металдарының қоспасынан дайындалған материал. Оны зауытта шығарады. Фольганың жұқа және қалыңдау түрлері бар. Фольга қағаз сияқты жеке беттер түрінде де, орама түрінде де шығарылады. Фольга жұмсақ материал және ол тез умаждалады. Умаждалған фольганы тегістеп алуға болады. Ол суға ерімейді, топырақ астында шірімейді және жылуды жақсы өткізеді.Фольганы радиоэлектроникада, электр жүйесінде, тамақ, дәрі өндірісінде, қорап түрлерін жасауға, құрылыста жылу жүйесіне кеңінен пайдаланылады.Қалыңдау фольга қағаз, мата материалы сияқты жыртылмайды, оны қолданғанда керекті бөлігін қайшымен қиып алып пайдалану керек.Фольга қайшымен жақсы қиылады. Оған әртүрлі бедерлі өрнектер жеңіл, жақсы түседі. Фольгадан әртүрлі зергерлік бұйымдар жасауға болады.
24. Дизайн өнері . Бастауыш сыныптардығы технология сабағының әдістері- 20 ғасырдың 80 жылдарынан бастап бейнелеу өнерінде жаңа термин, жаңа ұғым пайда болды. Бұл – «Дизайн» өнері.Дизайн дегеніміз – кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан – жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Дизайнның ең алғаш түрі 1928ж АҚШ-та пайда болды. Бізге 1960ж бастап дизайн өнері ене бастады.Дизайн өнерінің терминдік атауы жаңа болғанымен, ол өзі негізінде ертеректен – ақ қалыптасқан. Қазақ халқының қол өнері түрлерінен дизайнды анық көруге болады. Дизайн ұғымы қандай да бір затты көркемдеп құрастыру, безендіру деген мағынаны білдіреді. Дизайн өнері заман талабына сай үнемі өзгеріп, дамып отырады. Дизайнмен айналысушы тек суретші не сәулетші ғана емес, сондай-ақ бұйымдарды өз идеясы бойынша ыңғайлы, үйлесімді көрсете білетін шебер болуы керек.
25. Табиғи материалдармен жұмыс істеу ерекшеліктері, сабақтың әдістері-Мына заттар қалай аталады?Табиғи материалдар. Органикалық (жанатын) Бейорганикалық (жанбайтын). Өсімдік тектес табиғи материалдар Сазбалшық, құм, бор, ермексаз, жұмыр тас, қайыршақтар т. б. Біздің республикамыздың әртүрлі аймағында сол жерге тән өсімдік тектес және бейорганикалық табиғи материал бар. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдардың бөлшектерін жапсыру, біріктіру үшін ермексаз, тіс тазалағыш, аылшын түйреуішін пайдаланамыз. Табиғи материалдардан композиция құрастырамыз.
«Аққулы көлде» композициясы.
- Аққу қандай құс?
Сарамандық жұмыс
• Қатырма қағазға көк түсті қағаз жапсыру.
• Жұмыртқадан аққу бейнесін жасау
• Құстың мойнын жұмсақ темірден иіп, денесіне ермексазбен біріктіру
• Көл бетіне орналастыру
• Айналасын кептірілген өсімдіктермен әсемдеу.т.б.
26. Машықта жаңа педагогикалық технологияларды қолдану-Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді. Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.I кезең-оқып үйрену II кезең- меңгеру III кезең-өмірге ендіру IV кезең-дамыту. Жаңа технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тенологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту-тәрбиенің негізі.
27. Ұлттық бұйымдарды жасау сабағының әдістері- Қазір біз көбінше қоржынды матадан немесе дайын киізден тігіп,оның бетіне қатты матадан ою-ойып, сәнді тігістермен әшекейлеп, қолдан шашақ өріп қоржынды дайындап жүрміз.«Қоржын түбіне сақтаған сыбаға еді»-деген сөз осыдан қалса керек той қоржын- бұл тойға арналған, күнделікті пайдаланып жүрген қоржыннан ерекшелеу сәндеп,өрнектеп тігілген қоржын.
Түрлері: тоқыма қоржын,жүннен иіріп ,терме етіп тоқылған тоқылу әдістеріне байланысты түкті, түксіз,алаша тәрізді тоқылған. Киізден өрнек сап тігілген қоржын, матадан тігілген қоржындар Қоржын негізгі үш бөліктен тұрады: бірінші ұзын астыңғы бөлігі, ұзындығы 120 см ені 50-60 см. Екі қалтасы оның ені астыңғы бөлікпен бірдей. Биіктігі 50-60 см.
28. Технология мұғаліміне қойылатын негізгі талап: сабақтың әдістері-Қазіргі заманда кез келген сабаққа қойылатын талаптар бар болғандықтан, сабақты сол талаптарға сай жүргізу керек:1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс;2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет;3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай түсінікті болуы керек;4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе екенін назарда ұстау керек;5. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет;6. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек;7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек;8. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс;9. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет;10. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталу, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с.) ескеріп отыру шарт.
29. Технология сабағында ең көп уакыт алатын кезең; практикалық кезеңді оқыту әдісі- Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі. Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау.
Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді. Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегі дей жұмыстар істелу керек: - Мұғалім мен оқушылар арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру - Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады. - Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды.
Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе қазіргі кезде ауадай қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.
30. Технология сабағының негізгі ерекшелігі оқыту әдістемесі-Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар .
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі