Өлең, жыр, ақындар

Сценарийді жүзеге асыру

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№36 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Джумагулова Динара Омаровна 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3. А Компьютерлік ойынды құру

Күні:

Сынып: 6

Мектеп: №36 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Джумагулова Динара Омаровна

Сабақтың тақырыбы

Сценарийді жүзеге асыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1- ойын ортасындағы программалау сценарийін әзірлеу және жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

 Scratch ойын ортасында спрайттар үшін скрипт жазу;

 ойын ортасында программалау сценарийін әзірлеу;

 әзірленген дайын сценарийді жүзеге асыру.

Бағалау критерийі

 ойын ортасында скриптармен дұрыс жұмыс жасайды;

 ойын ортасында программалау сценарийін әзірлейді;

 әзірленген дайын сценарийді жүзеге асырады.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Scratch программасы-программа Scratch-Scratch program,

жоба-проект-project, спрайт-спрайт-sprite, сахна-сцена-scene,

скрипт-скрипт-script, кітапхана-библиотека-library.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Scratch ойын ортасында ...... болады?

Scratch ойын ортасында ...... жүзеге асыруға болады?

Ойын ортасында кітапхана ресурстарынан ...... қолданамыз?

Құндылықтарға баулу

«Өмір бойы білім алу» қағидасын ұстанып, шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлауға тәрбиелеу.

Пəнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, ағылшын тілі.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Scratch ойын программалау ортасында нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері           

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ширату және топқа бөлу.

 «Атом, молекула» әдісі.

І топ- «Спрайт»

ІІ топ- «Скрипт»

«Өз елім» әні

https://www.youtube.com/watch?v=piMtC0v5LRc

8 мин

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған білімдерін еске түсіру

(Т) «Үш қадамдық сұхбат» әдісі

Әр топта тілші, хатшы және қалған оқушылар интервью берушілер болады. Тілші қима қағаздар арқылы «Scratch ойын программалау ортасында нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру» тақырыбы аясында сұрақ қояды, ал, интервью берушілер жауап берулері керек, хатшы жауапты жазып алады. Екі топ хатшысы жауаптарды оқып, сынып болып барлығы талқылайды.

ойын ортасында нысандар мен оқиғалардың анимациясын құруды еске түсіреді.

ҚБ: «Сен маған – мен саған» әдісі бойынша екі топ бір-біріне баға береді.

Қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ж) «Жұптас–ойлан–бөліс» әдісі.

Тапсырманы бірлесе талқылайды, топ болып сценарий дайындап, топ ішінде талқылау жүреді, ойларын ортаға салып, жұмыстарын постерде қорғайды.

Тапсырма:

1. Кітапхана қорынан доптың суретін таңдап алып, сахнаға орналастырыңдар.

2. Скрипті блоктарымен қажетті программа енгізіңдер.

3. Допты шеңбер бойымен қозғалтатын сценарий құрыңыз.

Дескриптор:

   кітапхана қорын қолданады;

   скрипт блогынан қажетті программаны енгізеді.

ҚБ: «Сэндвич» әдісі бойынша топтарды мұғалім бағалайды.

1. Сәтті жақтары

2. Сындарлы сын

3. Болашаққа ұсыныс

 

(Д) «Кім жылдам» әдісі.

А-деңгейі

«Аш балық» сценарийін құру.

Алдымен сахнаға балық суретін  орналастыр. Балық тышқан соңынан еріп жүру сценарийін құру керек.

В-деңгейі

«Түс өзгерту» сценарийін құру.

Алдымен, редакторда гүлдің суретін салып, сахнаға орналастыр. Енді осы сурет үшін мынадай программаны құрастырыңдар:

Программаны түсіндіріп өтетін болсақ, жасыл жалаушаны басқанда (когда шелкнуть по), мынадай әрекеттер орындалады: әрбір 1 секунд сайын (ждать 1 секунд) гүлдің түсі өзгеріп отырады (изменить цвет эффект на 30).  Бұл үрдіс 20 рет қайталанады (повторить 20), яғни 20 түрлі түске боялады. 20 рет түс өзгерісі аяқталысымен, бүкіл әрекеттер қайтадан қайталана бастайды (всегда). Сонымен, қолданушы қызыл батырманы баспайынша, гүлдің түсі әрдайым өзгерісте болады.

С-деңгейі

«Артынан ілес» сценарийін құру.

Сахнада екі объект болсын: бірі – кез-келген бір жануар, мысалы: көбелек, екіншісі –доп. Доп тышқанды қозғалтқанда, соның артынан ілесіп жүретін болсын, яғни тышқанды қалай қозғалтсақ, ол да тышқанның бағытымен жылжуы тиіс. Ал көбелек доп қалай қарай қозғалса, соған бұрылып тұруы керек, яғни қозғалмайды, тек қана басының бағытын өзгертеді:

Дескриптор:

   ойын ортасында скриптармен дұрыс жұмыс жасайды;

   ойын ортасында программалау сценарийін әзірлейді;

   әзірленген дайын сценарийін жүзеге асырады.

ҚБ: «Галереяны шарлау» әдісі. Ең бірінші жұмысты аяқтаған оқушының жұмысына баға беріп, сол оқушыға келесі оқушы жұмысына т.с.с. барлық оқушылардың жұмысын барлығы бірге қарап шығып, ойларын білдіру керек.

Ноутбук,

Scratch программасы,

постер, маркер,

презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компьютер, оқулық, интернет желісі,

қима қағаздар

 

Сабақтың соңы

 

5 мин

«Аяқталмаған сөйлемдер» рефлексия.

Оқушы өзінің бүгінгі сабақтағы іс-әрекетін және сабақты қаншалықты түсінгенін бағалайды.

Үйге тапсырма: «Астанаға саяхат» сценарийін ойластырып келу.

қима қағаз

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

«Атом, молекула» әдісі арқылы ширату және топтастыру жұмысын жүргізу.

 «Үш қадамдық сұхбат» әдісін таңдағандағы мақсатым идеялар мен ойларды  дамыту, алдыңғы білімді топпен тиянақтау.

 Диалог және қолдау көрсету үшін жұптық және жеке жұмыс орындату үшін «Жұптас–ойлан–бөліс» әдісін қолданамын. «Кім  жылдам» әдісін қолданғанда  шапшаңдық танытып, деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Қалыптастырушы бағалау бойынша

«Сен маған – мен саған», «Сэндвич» және

«Галереяны шарлау» әдістерін қолданамын.

 

 

Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер».

Оқушылардың техникалық құралдармен жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтауды қадағалау.

Сабақ бойынша

Рефлексия

   

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

 


Пікірлер (3)

Сүйкімді қыз

Керемет екен

Jansaia

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз