Өлең, жыр, ақындар

"Ү дыбысы мен әрпі"

Оқу іс – әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы 

Қызылорда облысы

Арал ауданы

Шижаға ауылы

№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Смаилова Ақмарал                                                        

Сауат ашу

Тәрбиешісі:Смаилова А

Уақыты:17.01.2019ж

МАД

Тақырыбы

Үү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

Мақсаты: «Үү» дыбысы және әрпімен таныстыру. Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету.

«Үү» дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
 Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Буын туралы түсініктерін кеңейту.
Балаларды ізеттілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Көрнекілігі:Үү әрпінің баспа және жазба түрі, суреттер,слайд, т.б

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

 

Ұйымдастыру,

Іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-

Тузетушілік

 

 

 

 

Білу

Өзіне үйренгені

Үйрену

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеп,назарларын іс-әрекетке аудару.

-Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Аптаның қай күні?

-Бүгінгі көңіл-күйіміз қандай?

-Оқушылар, біз сауат ашу оқу іс-әрекетінде қандай әріптермен таныстық?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Ее дыбысы қандай дыбыс?

-Ее дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

Мысалдар келтір (сөздің басында, ортасында, соңында)

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

Үй тапсырмасын сұрау.

Ее дыбысын оқыту

ІІ.Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты хабарлау

-Ендеше,бүгін біз сендермен Үү дыбысы және әрпімен танысамыз.

-Үү дыбысынан басталатын сөздерді айтайықшы.

1.Үркітпе, атпа, абай бол сөздерін пайдаланып, сурет бойынша әңгімеле.

Баланың қолындағы айыр ағаш қандай әріпке ұқсайды?

2.Ормандағы дауыстарды ажырат.Дыбыстарды ым-ишарамен бейнелеп, дауыс ырғағымен айт.

«Түк-түк», «Ү-ү-ү»,

«Қар-қар-қар», «Тырау-тырау», «Бақ-бақ», «Барқ-барқ!»

Суреттен Ү дыбысы бар сөздерді тап.

Үү-жіңішке дауысты дыбыс

3. Үү әрпімен таныс бол.

Ү-ешкім де қолдан жасамай,

Қос біткен айыр, ашамай.                   М.Әлімбаев

4.Ү әрпін ермексаздан жаса

5.Таяқшалардан ү әрпін құрастыр.Қолдарыңның көмегімен ү әрпін бейнеле.

Жаңа тақырыпты хабарлау

-Ендеше,бүгін біз сендермен Үү дыбысы және әрпімен танысамыз.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Үз-үз-үз,

Суда еркін жүз.

Оқу-іс-әрекетін қорыту.

Бүгін қандай әріппен таныстық?

Оқу іс-әрекеті сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.

Күтілетін нәтиже:

Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады

Үү дыбысы және  әрпімен танысу..

Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену

Оқушылар оқу іс-әрекетіне дайындалады

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрай алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз