Өлең, жыр, ақындар

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Павлодар облысы
Баянауыл ауданы
Ақсан аулы
Информатика  пәнінің ІІ санатты мұғалімі
Абылкасова Балкен Көкенқызы

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

 

Күні: 10.09.2015

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Абылкасова Б.К

Ақсан жалпы орта білім беру мектебі

6- сынып

Оқу-ісінің меңгерушісі

    Ойранбекова З.Ғ.

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Сілтеме:

  • 6-сынып оқулығы;
  • 6-сынып электронды оқулығы;
  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Ақпаратты қорғау тәсілдерін, вирусқа қарсы бағдардамалар түрлерін және жұмыс істеу, ақпаратты вирусқа тексеру, емдеу және жою жұмыстарын үйрету.

Дамытушылық мәні:

Практикалық  дағдыларын   дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні:

Өз бетімен жұмыс жасауда  ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық  қасиеттерін тәрбиелеу.

Нәтиже:

  • Ақпаратты қорғау тәсілдерін біледі.
  • Құралдарды вирусқа тесеруге үйренеді
  • Вирусқа қарсы бағдарламалармен вирусты емдеу және жоюмен жұмыс істей алады.

Түйінді идеялар:

Компьютер  қалай зақымдануы мүмкін

Зақымданудың белгілері

Ақпаратты қорғау.

Вирустың түрлері

Вирусқа қарсы бағдарламалармен жұмыс істеу.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:

Математика

Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.
  2. Ұйымдастыру.
  3. Топқа бөлу.
  4. Сабақ барысымен таныстыру.
  5. Бағалау парағын таныстыру.
  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
  • Сәлемдесу
  • Өздерін ретке келтіру
  • Топқа бөліну
  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • Ақпарат дегеніміз не?
  • Ақпараттың қасиеттерін атаңдар?
  • Ақпаратты өңдеу дегеніміз не?
  • Ақпаратты өлшем бірліктері қандай?
  • Ақпаратты сақтау құралдарының өлшем бірліктері қандай?

Қызығушылықты ояту  (2 мин.)

6-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Ақпаратты қорғау» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды

 

 

Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

                                                                                             ББҮ  (2 мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

  •  

Сабақтың негізгі бөлімі  (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты Пирамида және Бәйтерек суреттер қиындысы арқылы 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

6-сынып оқулығында «Ақпарат қорғау» тақырыбын оқыту.

Әрбір топқа ақпарат сақтау құралдарының суреттері беріледі.

 

Оқушылар  белсене  қатысады.

Оқушылар екі топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

Оқушылар бірін-бірі  бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы ақпарат тақырыбын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді.

Топтағы оқушылар постерге суреттерді ретімен желімдеп, әрбір ақпарат сақтау құралдарының суретіне анықтама беріп, түсініктерін жазады.

Ой толғаныс  (4 мин.)

Ақпарат тақырыбында 5 жолды өлең жазу

«Біз және ақпарат» өлең құрастырады

Қорыту.  Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау  (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.                      

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма   (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге 18-26 беттердегі §4. «Ақпарат қорғау» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия  (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз