Мұғалім: Теміралы М.Н.
Класы: 4 «Б»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Мәриям Хакімжанова.Бала Мәншүк.
Мақсаты:шығарманы түсініп оқуға үйрету.
1.Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету; сабақ тақырыбын өздігінен талқылау.
2. Мәншүктің ерлігі туралы ойларын тұжырымдайды, шығармашылық жұмыстар атқарады;
3.Шағын топ құрамында өзара қатынасқа түседі, сенім және сыйластық дағдыларын қалыптастыруға атсалысады, топ мүшелерінің бәрі де оқу материалын меңгеруін қадағалайды, бір-біріне көмек көрсетеді.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі:оқу, сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: Мәншүктің суреті, қағаз, маркерлер, кесте.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.
Жаңа сабақ.
Алғы шарттар:
а). Мәншүктің ерлігі туралы түсініктер алып, білімдерін оқыған әдеби кітаптарынан мысалдар келтіре отырып дәлелдей білу.
б). Оқушылар тақырып бойынша жеке ойын қатыстыра отырып, материалды талдау және «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» тәсілдері бойынша өз ойларын эссе арқылы жеткізе білу.
Уақыт меңгеру:
Проблеманы айқындау кезеңі – 5 минут.
Проблеманы шешу кезеңі – 15 минут.
Проблеманың шешімін қолдану кезеңі – 20 минут.
Топқа бөлу. Оқушылар соғысқа қатысты сөздер бойынша 4-5 баладан шағын топтарға бөлінеді.
І. Проблеманы айқындау кезеңі
І. Топтарға бөліну (1минут). Мұғалім қағаз қиындыларына топтардың аттарын жазып, оқушыларға таратады. Оқушылар шағын топтарға «қосарлана біріктірілген екі партаға – төрт балаға бөлініп, топтарының аттарын үш бұрыштанған қағаздарға маркермен жазып қояды. Мәселен: «Пулеметшілер», «Мергендер», «Атқыштар», «Жауынгерлер»).
Ой сергіту (3минут). Мұғалім оқушыларға «Өзгертулерді тап» атты ойынды ұсынады. Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынадай тапсырмалар беріледі. Жұптарына қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады. Содан соң артқа бұрылып, бір-біріне арқасын беріп тұрады. Сырт пішініне(киіміне, шашына)қандай да болмасын үш өзгерту енгізеді. Екі жақта да өзгертулер аяқталған соң, бір-бірлеріне қарап, әлгі өзгерістерді табады.
Үй тапсырмасын тексеру:
1). Топтық жұмыс (4мин.). оқушылар үйде орындаған тапсырмаларын топ ішінде бір-біріне оқып береді.
2). Жариялау (2мин.). бірнеше оқушы үй тапсырмаларын бүкіл сыныпқа оқиды. Қалған оқушылар олардың жұмыстарын бағалайды, олар туралы өз пікірлерін айтады.
Жаңа тақырыпқа бағытталу «15мин.)
Тапсырма. Мұғалім оқушыларға тақырып бойынша «Ой қозғау» үшін бар білгендерін жазбаша жазуды тапсырады.
Жеке жұмыс (5мин.) оқушылар өтілетін тақырып – мәншүк және соғыс туралы «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» кестесінің бірінші бөлімін өздігінен толтырады.
Не білемін? |
|
Не білгім келеді? |
|
Нені білдім? |
|
Топтық жұмыс (2мин.) оқушылар топ ішінде жазғандарын талқылайды, толықтырады.
Жеке жұмыс. Оқушылар кестенің «Не білгім келеді?» деген бөлімін өздігінен толтырады.
Топтық жұмыс. (3мин.) Оқушылар топ ішінде жазғандарын талқылайды, толықтырады.
Сыныптық жұмыс (3мин.) Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, өз беттерімен класты таныстырады. Қорытындылау (2мин.) Мұғалім сабақ тақырыбын жариялап, оқушылардан не күтетіндігін айтады.
ІІ. Проблеманы шешу кезеңі
Тапсырма. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді «Үш бөлімдік сұхбат» тәсілін қолданып оқу тапсырылады. Мәтін ұшке бөлінеді.
«Үш бөлімдік сұхбат» тәсілі (10мин.):
1). Оқушылар топ ішінде А, В, С, Д болып бөлінеді. Олар мәтіннің бірінші бөлімін оқиды (бірінші абзац). Оқып болғаннан кейін А деп аталатын оқушылар Б деген оқушыларға, ар, С деп аталатын оқушылар Д деген оқушыларға мәтін бойынша сұрақ қояды.
2). Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін оқиды (келесі үш абзац) оқып болған соң бір-біріне сұрақ қояды.
3). Оқушылар мәтіннің үшінші бөлімін оқиды (соңғы үш абзац). Оқып болған соң жұптасып сүрақ қояды.
4). Мұғалім оқушыларға және оқушылар мұғалімге мәтін бойынша сұрақтар қойып, өз ойлары мен тұжырымдарын айтады.
ІІІ. Проблема шешімін қолдану кезеңі.
Тапсырма. Оқушылардың «сандықтан» алынған сұрақтарға ауызша жауап беру тапсырылады. (Сұрақты мұғалім алдын ала жазып дайындап, «сандыққа» салып қояды)
Топтық жұмыс (3мин.) Оқушылар топ ішінде берілген сұрақты талқылайды.
Жариялау (2мин.). Әр топтан бір оқушы шығып, өз ойын класқа айтады, басқалардың сұрақтарына жауап береді.
Дәптермен жұмыс(2мин.) оқушылар дәптерлеріне Мәншүк туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады.
Бағалау(1мин.) Оқушылар «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» кестесінің «Нені білдім?» атты бөлімін толтырады.
Жариялау(1мин.) Әр топтан бір оқушы тұрып, өз жұмысын класқа оқып береді. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеру үшін жинап алады.
Үй жұмысы. Әңгімені оқып, мазмұнын айту. Мәншүк туралы білетін әңгіме немесе өлеңдерді айту, жаттау.
Қорыту. (1мин.). мұғалім оқушылардыңсабақ туралы пікірлерін келесі сұрақтар арқылы айқындайды:
Сабақтың тақырыбын жақсы меңгердім деп ойлайсың ба?
Сабақ ұнады ма?
Бүгін алған білімдеріңді өмірде қалай қолданасың?
Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі